Home » Жаңалықтар » Expo-2016 Antaly-да 3-орын иеленгені үшін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сертификат пен марапат тапсырылды

Expo-2016 Antaly-да 3-орын иеленгені үшін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сертификат пен марапат тапсырылды

ad8a811b5b8865da7877fdaa60bfcf93_crop_l_44_t_206_w_3834_h_2157_resize_w_878_h_2016 жылғы 22 сәуірде Анталья қаласында «World Botanic EXPO-2016» мамандандырылған көрмесінде «Бала және гүл» ұранымен Қазақстан Республикасының павильоны ашылған болатын.

 «World Botanic EXPO-2016» көрмесінің ұйымдастыру комитеті құрылыс нысанын қысқа мерзімде бітіргені үшін қазақстандық тарапқа алғыс айтты. Сонымен қатар, 57 мемлекеттен 3 мемлекет (Қытай, Қатар, Қазақстан) павильондарын түрік компанияларының көмегінсіз салғандығы айтылды.

Көрме 2016 жылдың сәуір айынан бастап қазан айына дейін жалғасты.

Ал 30 қазанда Expo-2016 Antaly мамандандырылған комиссиясының бағалауымен ең үздік повильондарды марапаттау шешімі қабылданды. «World Botanic EXPO-2016» ұйымдастыру комитетінің шешімімен Қазақстан Республикасына (ұйымдастырушы – ҚР БҒМ) 3-орын берілді.

Айта кетейік, 18 қазан күні сағат 10:00-де ҚР Парламентінің Сенатында «Қазақстан Республикасында биологиялық алуантүрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілген парламенттік тыңдауда еліміздің Expo-2016 Antaly-да 3-орын иеленгені үшін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке сертификат пен марапат тапсырылды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.