2019 жылы 1-2 шілде аралығында «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатымен мен «Жас Ұлан» бірыңгай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ бірлесіп «Қасиетті домбыра» Республикалық байқауын өткізді.
Байқау музыкалық өнер саласында дарынды оқушыларды анықтау, музыкалық шеберлікті арттыру және жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін дамыту, балалар мен жасөспірімдерді эстетикалық тәрбиелеу үшін жағдай жасау,елдегі ұлттық мәдениеттің дамуын өзектендіру, отандық мәдениеттің үздік үлгілерін насихаттау мақсатында өткізілді.
Байқауға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 12 жастан 16 жасқа дейінгі 35 бала қатысты.
1 шілдеде бастау алған байқауда қатысушылар «Үздік күйші»,»Үздік термеші», «Үздік дәстүрлі ән» номинациялары бойынша бақ сынады.
Көптің ішінен суырылып финалға дейін жеткен балалар өзара бақ сынасып, жеңімпаздар анықталды.
«Үздік күйші» номинациясы бойынша:
1 орын — Атырау облысы, Бекасыл Сабыров.
2 орын — Жамбыл облысы, Бақдәулет Жанатбек.
3 орын — Қызылорда облысы, Сырсұңқар Базарбайұлы.
«Үздік термеші» номинациясы бойынша:
1 орын — Нұр-Сұлтан қаласы, Нұрасыл Азат
2 орын — Қызылорда облысы, Жансая Файзуллақызы
3 орын — Атырау облысы, Айжұлдыз Құлымжан
«Дәстүрлі әнші» номинациясы бойынша:
1 орын — Жамбыл облысы, Бекболат Бақтиярұлы
2 орын — Атырау облысы, Жанарыс Табылды
3 орын — Нұр-Сұлтан қаласы, Шұғыла Нұрбай⠀
Сондай-ақ басқада финалға өткен оқушылар қосымша сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды.
Жүлде қоры 1 000 000 теңге.
Гала-концертте үш номинацияның жеңімпаздары өнер көрсетті, сонымен қатар, көрермендерді еліміздің әртістері өз шығармашылықтарымен қуантты.
Қонақ ретінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, «Nur Otan» партиясының мүшелері, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.