Home » Балабақша » ӨТШТ технологиясының мазмұны мен әдістері

ӨТШТ технологиясының мазмұны мен әдістері

Оқытудың ең қызықты және мектепке дейінгі балалардың қызығушылығын оятатын әдістердің бірі ол –ӨТШТ.

Бұл технологияны ойлап тапқан Баку жерінде дүниеге келген фантаст-жазушы Альтшуллер Генрих Саулұлы,оның ойынша әр адамды шығармашылыққа баулуға болады.

ӨТШТ-педагогика, біздің мемлекетте 80 жылдарда педагогикалық  бағыт  ретінде  және ғылыми әдіс ретінде қалыптасты.Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі — балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауы, танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі. Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшің адам дұрыс ой түйіп, өздігінең сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшің нығайтып, өмірден өз орның табуға көмектеседі.

1987 жылы ӨТШТ  әдісі балабақша қабырғасына кездейсоқ келді. Сминар мүшелеріне ӨТШТ әдісі бойынша сабақ көрсетуді ұсынады, сол кезде мектептегі балаларға  дайындаған сабақтарын олар мектеп жасына дейінгі балаларға өткізеді. Осындай жағдайдан кейін ӨТШТ әдісі бойынша  жүргізген педагогтар өздеріне жаналық ашты яғни  мектеп жасына дейінгі балалардыңда шығармашылық ойлауын дамытуға болады.

Қазіргі таңда көптеген балабақшаларда ӨТШТ технологисы қолданылып келеді, бұл технология ең алғаш «Умка» деген атпен  енген болатын. Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген ӨТШТ технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді. ӨТШТ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы.

Мақсаты: ӨТШТ технологиясы баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту .

Міндеттері:

— Бала мүмкіндігін ескеріп, заман талабына сай білім беру;

-ӨТШТ элементтерін пайдаланып, шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу;

-Балалардың көркемдік шығармашылығын дамыта отыра әр баланың психологиялық ерекшіліктерін танып білу.

Мектепке дейінгі тәрбиеге бейімделген ӨТШТ технологиясы «Барлық жағынан да шығармашылдық» ұранымен жұмыс істейді.ӨТШТ  бұл тәрбиешіге нақты әдістемелік ұсыныстары бар сабақ құрылымдары мен ұжымдық ойын бағдарламасы. Триз бағдарламасын нақты іске асыру үшін балаға ойын,тақырып таңдауда еркіндік беру керек. Сол кезде ғана ол заттардың құрылысымен танысып қарама-қайшылықтарын түсінеді,түйіткілдерін шешуге үйренеді.  Мектепке дейінгі баланың қарама- қайшылықтарды шешіп үйренуі –шығармашылық ойлаудың кілті болып табылады.Балалармен жұмыстың негізгі әрекеті педагогикалық ізденіс. Педагог балаларға дайын білімді бермейді.Сол білімге жету тәсілдерін көрсетіп,өз еңбектерімен жетуге тәрбиелейді.  Балабақшада триз технологиясын қолданудың негізгі мақсаты:

  • Өз бетінше дұрыс шешім    қабылдауға      тәрбиелеу.
  • Баланы дәстүрден тыс ойлауға үйрету.

ТРИЗ әдістемесі бойынша төрт деңгейден өту арқылы біз мақсатқа жетеміз:

  1. Алдымызға мәселе аламыз, сол мақсаттың нақтылығын анықтаймыз.
  2. Қарама-қайшылықтарды анықтау.
  3. Қарама-қайшылықтарды шешу.
  4. Қарама-қайшылықтарды шешу үшін баланың алдына амалдарды ұсынамыз.

Өзім ӨТШТ әдісі бойынша 2017 жылдан бастап  ұйымдастырлған оқу қызметімде пайдаланып келемін.Мен сурет сабағында ӨТШТ әдісін қолдану өте тиімді деп есептеймін. Сәбилердің ойы қиял-ғажайыптар әлемінен тұрады. Ол әлемге жетелейтін сурет болып табылады. Сурет салудың өзі баланы эстетикалық тәрбиеге, табиғатқа деген қызығушылыққа, өз халқының өнеріне деген ынтасын артып, рухани тәрбие береді.

Сурет салу баланың тіл байлығын арттырады. Өзі бейнелеген бейнені ойынша суреттеген бала қағаз бетіне түсірегенде өз ойын ашық айта алады. Бала шығармашылығын дамытуда сурет салудың дәстүрлі дәстүрінен дәстүрден тыс тәсілдерді қолдану қазіргі заманауи балаларымыздың қызығушылығын арттырады.Төмендегідей дәстүрден тыс сурет салудың мынадай тәсілдерін пайдалану ұтымды:
1.Құммен сурет салу әдісі. Балалар құммен ойнағанды жақсы көреді.  Саусаққа тиген құмның түйіршіктері бойдағы ұйықтап жатқан әрбір жасушаны оятып, жүйке жүйесін де тыныштандырады екен. Мамандардың айтуынша, құм терапиясы баланың  өзіне деген сенімділігін арттыруға, мінезінің ашылуы­на, бойындағы  қиындықпен күре­суге де көмектеседі және ойлау қабілетін дамытып, зейінін арттырады.

2.Саусақпен сурет салу әдісі. Саусақпен сызу баланың қызығушылығын арттырады. Саусақпен сурет салуда арнайы құрал сатып алмай да, денсаулыққа зиян келмейтін жолдармен ұйымдастыруға болады. Ол үшін кез-келген тамақ бояуына арналған, қауіпсіз немесе тіпті жеуге жарамды кремді дәйектілікке қосылады. Негізі белгілі бір пропорцияда су мен өсімдік майымен араласқан йогурт, жарма, ұн немесе крахмал болуы мүмкін. Мұндай қарапайым ингредиенттер әрбір иесінің ас үйінде. Сонымен қатар, саусақ сызуды жарқын шырыны бар, мысалы, қызылша немесе шырыны бар тағамдарды қолдану арқылы жасауға болады.

3.Нүктелер арқылы сурет салу әдісі. Нүктелерді қосу арқылы шыққан сурет балалар үшін үлкен жетістік болып табылады. Нүктелерді қосуда баланың бойына талпыныс, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, нәтижеге жету сияқты қасиеттер дарытады. Шығармашылыққа деген ұмтылысқа қажетті тәсіл деп білемін.

4.Алақан арқылы сурет салу әдісі. Алақанды баса отырып, алақан суреттерін жануарлар бейнесіне айналдырады. Бұл жерде бала өз алақанының ерекшелігіне мақтана отырып, аса қызығушылықпен туындыны ерекшелейді. Өзінің ойлау жүйесін арттырып, өзгеше болуға талпынады.

  1. Дымқыл қағазға сурет салу әдісі де өте қызық. Бұл әдіс ересектер тобындағы балалармен жұмыс жүргізуде пайдаланылады. Гуашьпен бояғаннан гөрі акварельмен бояу күрделірек, бірақ қызық. Акварельмен тек ақ параққа сурет салуға болады. Бояуға су көбірек араластырылса бояу түсі тұнықтана түседі. Әсіресе балаларға тымық және желді күнгі теңізді салу өте ұнайды.

6.Балауыз бор, май шам және акварельмен сурет салу халық шеберлерінің пайдалануымен ертеден келе жатқан әдіс. Балаларға жаңа талпыныс әкелетіні, олардың қызығушылықтарынан белгілі.

  1. Монотипия және диотипия (баспа техникасы) әдістері де өте қызықты. Бұл әдіс қиялды, елестетуді, түс пен пішінді сезінуді жетілдіруге көмектеседі. «Су жағасындағы талдарды» салуда жарты суреттен тұтас суреттің жасалуы балаларға өте ұнады. Сол сияқты балаларға дәстүрден тыс әдістің бірі шашыраты арқылы сурет салу да үйретілді. Бұл күрделі техника, бірақ нәтижесінде еңбектің ақталғанын көрудің өзі бала үшін бір ғанибет. Сонымен қатар №69 «Еркем-ай» балабақшасының педагогтарына «Теңіз жағасында» атты  шеберлік сынып өткіздім.

Қорыта айтқанда, қазіргі таңда ӨТШТ әдісі бала тәрбиесінде маңызды орын алып отыр. ӨТШТ әдісі баланың шығармашылығын дамытумен қатар, қызығушылығын арттырып, психологиялық тұрғыда өскелең ұрпаққа септігін тигізеді. Бұл балаларға өздерін еркін сезінуге, батылдық ұялатады, қиялды дамытады, өзін-өзі көрсету үшін толық еркіндік береді.

 

Далелхан Айнұр Серғалиқызы,
Астана қаласы,
№69 «Еркем-ай» балабақшасы
«Құлыншақ» II кіші топ тәрбиешісі

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.