Home » Білім және тарих » Басшы талантты болса, ұстаздары талапты болады

Басшы талантты болса, ұстаздары талапты болады

«Мұғалім — зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты».
К.Д. Ушинский

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің №9 орта мектептің басшысы Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы ұстаздық жолында сынып жетекшілік атқырып келген. Ол мектебіміздің тарих пәнінен шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, оқушыларға жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп келе жатқан беделді ұстаздардың бірі. Ол күні бүгінге дейін мұғалім жолында ізденімпаз, талапты, талантты, мықтылығымен көрініп жүрген ұстаздың бірі. Оның мектепте басшылық еткеніне қарамастан, өзінің қарапайымдылығымен, мейірімділігімен, өте қамқор жан екенін әрі еңбекқорлығы үшін ұстаздары да, шәкірттері де сыйлайды және жақсы көреді. Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы оқушылар мен ұстаздармен жұмыстанып қоймай, ата-аналармен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Сонымен қатар, мектептегі өтетін мәдени іс-шаралардың барлығына ерінбей атсалысып қатысады.
Кәсіби деңгейін ұдайы арттырып отырады, әріптестеріне, оқушыларға түсіністікпен қарайды. Басқа қызметкерлермен ынтымақтаса отырып, тиімді әрі пайдалы жұмыс істейді, өз білімімен және тәжірибесімен бөлісіп отырады. Есбосинов Байбол Сұлтанәліұлы теориялық білімі, кәсіптік даярлығы жоғары, өз пәнін терең білетін әдістемелік шеберлігі шыңдалған мұғалім. Ұстаздарымыздан, аға буын апаларымыздан ақыл-кеңес алып, өзінің кішіпейілділігімен көзге түсіп, үлкенке құрмет көрсете білетін қасиетімен ерекше. Ол мектебімізде сыйлы, абыройлы, қадірлі басшы. Жастармен ылғи ақылдасып, жаңашыл идеясымен, креативті тұрғыда ой-бөлісіп әрдайым жан-жатылығымен көрінеді.
Қазіргі таңда Байбол Сұлтанәліұлы тарих пәнінен сабақ беріп, жан-жақтылығымен, тәжірибесінің молдығымен, ізденімпаздылығымен ерекшеленіп жүреді. Жаңалыққа жаны құмар мұғалім оқушылардың ойлау, салыстыру қабілеттерін дамытуға жаңа технология элементтерін үнемі сабақтарында қолданады.

В.Ж. Жолмухамбетова,
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы,
№9 орта мектептің мәдени шаралар жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.