Home » Жаңалықтар » «BILIMBOOK» ЖҮЙЕСІ УСПЕН АУДАНЫНДА

«BILIMBOOK» ЖҮЙЕСІ УСПЕН АУДАНЫНДА

Жақында «Сандық Қазақстан» жобасы аясында Павлодар облыстық білім беру басқармасы және «BilimMediaGroup» компаниясының бірлесуімен Успен ауданындағы №3 қазақ мектебінде заманауи «BilimBook» білім беру жүйесімен жабдықталған кабинет ашылды.

Салтанатты іс-шараға Успен ауданының әкімі С.И. Саламацкий, «BilimMediaGroup» компаниясы клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Г.М.Шуленбаева, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.А. Кемельдинов және Павлодар облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Р.К. Аканова қатысты.

«BilimBook» жүйесі мектепке дейінгі білім беру мекемелері мен 1-11 сынып оқушыларына арналған және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу, заманауи әдістерді пайдалану арқылы шағын жинақты мектептерде білім сапасын арттыру, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту деңгейін теңестіру мақсатын көздейді, оқу барысын техникалық тұрғыдан қамтамасыз етеді.

Аталмыш компания өкілдері аудан мектебіне интерактивті тақта мен проектор, 18 сенсорлы трансформер-ноутбуктері, сонымен қатар, осы жабдықтар сақталатын сейф-шкафтар орнататындарын айтты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.