Home » Мақалалар » Біліктілік пен шеберлік – бәсекелесуге қабілетті білім негізі

Біліктілік пен шеберлік – бәсекелесуге қабілетті білім негізі

 Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Қоғам талабына сай адамзаттық рухани құндылықтармен қалыптасқан білімді, жаңашыл, құзыретті мамандарды дайындау» миссиясына сай «Заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды енгізу — мамандардың жалпы және кәсіби құзыреттерін қалыптастырудың негізі» тақырыбымен Әдістемелік кабинет өз жұмысын колледждегі 10 бірлестіктегі  141 оқытушысымен (1санатты-30, жоғары-49, екінші-49 және 39 магистр) жан-жақты жүргізді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен Педагогикалық шеберлік орталығында Жаңартылған білім мазмұны бойынша– 13оқытушы,Деңгейлік бағдарлама бойынша — 5 оқытушы Астанада біліктілік курсынан өтіп, «Мамандардың жалпы және кәсіби құзыреттерін қалыптастыру жолдары» атты семинар өткізді. Мақсаты: Бітіруші түлектерге ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде студенттерге педагогикалық шеберлікпен меңгерулеріне әдістемелік кеңес беру.Колледж студенттеріне  – Жаңартылған  білім мазмұны; ОМЖ,ҚМЖ,  мақсат, үлгілік  оқу бағдарламасы; Қалыптастырушы, жиынтық бағалау, тапсырма жиынтығы; Ықшам сабақ; Критерий, Дескриптор, рубрика, модерация, рефлекция; Блум таксоманиясы бойынша бағалау критерийлерін бөлу; Жаңартылған сабақ өткізудегі әдістер мен тәсілдер тақырыптарында дәріс берілді, сабақ үлгілері көрсетілді, тренингтер жүргізілді. Студенттер үшін сабақ жоспарын құруда бұл семинардың көп көмегі тиеріне сеніміміз мол.Семинар соңы-кері рефлексия «Сократ семинарымен» қорытыланды.
Колледж өзін — өзі тану бағдарламасы бойынша облыстағы 4 оқу орнының бірі болып, пилоттық жобаға енген. Алматы қаласында 5 оқытушы халықаралық семинарға қатысып келіп, ізгілікті педагогиканың негіздерін таныту үшін, дәрістер мен тәсілімдемелерді ортаға салып, ішкі және сыртқы интеграцияны түсіндірді, өз пәндеріне «өзін-өзі тану» құндылықтарын интеграциялаған сабақтарын практикалық іс-әрекеттерімен әдеби сазды бағдарламаны орынды қолдануларымен тәнті етті.
«Инновациялық әдістемелерді зерделеу ақпараттары» атты тақырыппен озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және ұсыну мақсатында Қабделова А.С, «Техникалық және кәсіптік білім саласында енгізілген инновациялар» семинар; Досқариева Қ.Ғ«WorldSkills халықаралық чемпионат стандарттарын техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне енгізу» (Ақтау қ), Жалғасбаева Ж.Ө «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында өткен «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының шарттары (Алматы қ), Рабай К.Т Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген міндеттерді орындау шеңберінде «Білім алушылармен жүргізілетін психологиялық қызметтерді жақсарту жолдары» (Астана қ) тақырыбында білім саласындағы жаңалықтармен таныстырды. Атырау қаласында Платонус жүйесі курсынан-5 оқытушы,«Модульдік құзіреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» курсына -3 оқытушы «Холдинг Кәсіпқор» КЕАҚ ұйымдастыру курсына – 4 оқытушы,«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығынан «Жаңа әлем, жаңа технологиялар: білім беру үрдісінде» облыстық семинарға Жоламанова Н, Базаргалиева Л, Амиржанова Н.(сертификат),«Заңды білу заман талабы» облыстық семинарда «Жастар арасындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі»-Ералина Г.С.Қазақстан тарихы пәні бойынша олимпиададан ( 2-дәрежелі диплом) алды.
Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Сұлтан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – тарихи таңдау» атты көшпелі семинар – тренингінің модераторы Асқарова А.К, «Жаңаша білім беру: кәсіби жаңарудағы педагогикалық аспектілер» тақырыбындағы апталық жұмысында Педагогика ғылымдарының докторы Г.У.Кабекенов жоғары курс студенттеріне дәріс,«Заңды білу — заман талабы» тақырыбында облыстық әдістемелік – іскерлік семинарына Ералина Г.С–«Жас өспірімдердің құқықтық білім берудің маңызы» баяндамамен;. «АРЕС Petro Technic» жоғары колледжінде облыстық семинарға Кульчикова М.С.қатысты. Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» тақырыбында Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін  арттыру  институты білім беру ұйымдары  үшін  «Педагогикалық  идеялар  панорамасы»   бейнесабақтар мен бейнедәрістердің Республикалық конкурсының облыстық кезеңіне 5 жұмыс қатыстырылып, арнайы пән оқытушылары М.С.Кульчикова (3-орын), А.О.Шамарова (3-орын), Б.С.Берғалиева (2-орын) жүлделі орын алып, Республикалық кезеңнен «Алғыс хат» иеленді.Ғылыми жобалардың өңірлік байқауынан Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім»  КММ-нің үздік жобалар өңірлік байқауында Қойшыбекова Д.М. (150мың) ақшалай   және Диплом-2, Амиржанова Н мен Шыныбаева.А «Алғыс хатпен», «Білім санаты» республикалық журналының «Қазақ елінің үздік педагог-психологы» төсбелгісі мен Құрмет грамотасымен Рабай К.Т; I Халықаралық «Көшбасшы–педагог-2018 байқауынан Утебалиева А.Т.(Астана қ) «А.Құнанбаев» ат. төсбелгісімен; «За вклад развитие образование» медалымен Қайырова Ш.С. марапатталды.
Қ.Дүтбаева  атындағы Атырау гуманитарлық колледжі   педагогикалық  ұжымының  «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне «Өзін –өзі тану» бағдарламасын біріктіру бойынша пилоттық жобаға енуіне байланысты ақылы оқыту семинарына 30 оқытушымыз өз біліктілігін арттырды, «Назарбаев зияткерлік мектебінің дербес білім беру ұйымы Атырау қалалық педагогикалық шеберлік орталығы тренерлерінен жалпы білім беретін мектептердегі жаңартылған білім мазмұны бойынша ақылы курсынан 22 студент (4 курс), «Білім айнасы» республикалық ғылыми–танымдық газеті ұйымдастыруымен «Педагогтердің шығармашылық дағдыларын дамыту» атты әдістемелік тренингке  22 оқытушы қатысып, сертификат алды, Алаш қозғалысы қайраткері, профессор Х.Досмұхамедовтың 135 жылдығына зерттеуші ғалымдармен қатынасуымен Халелтану курсы өтті. «Филология» бөлімінің  ұйымдастыруымен  «Заманауи оқыту — көптілді білім берудің мүмкіндігі» облыстық семинарға әр колледжден көптілді пән оқытушылары  қатысты. Өңірлік деңгейде өткізілген «Қазақстандағы Туриндік процесі зерттеу жұмысы бойынша облыстық семинарға 12 оқытушы қатыстырылды.
Білім алушылар жетістіктері де жоғары бағаланып келеді. ҚР Үкіметінің 2016 ж.26.03.№159 қаулысымен бекітілген «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі «Мың бала» шарасына «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»  Серикова В. (3-курс), Петропавлде Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің конкурсына Досболатұлы Х., «Білім–ғылым негізі, ғылым өркендеу кешені» атты облыстық конференцияда Л.Насенкова  қатысып, сертификат алды;ҚР Тұңғыш Президенті–Елбасы Кітапханасының «Н.Назарбаев:дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрме жобасына Құлбалиева С.Ж. студенттерімен, үш тілді жетік меңгерген 5 студент «Тілдарын-2018» байқауына жіберіліп, Арыстанова Г-2 орын, Бисенғалиев А 1-орын алып, республикалық байқауға жолдама алды; «Жер – біздің ортақ үйіміз» облыстық театрланған конкурсына Досболатұлы Х, Орынбасаров Е жүлделі 1,2-орын алды; «Жасампаз елдің жастары: Рухани жағырудағы жас ғалымдар көзқарасы; Білім – ғылым негізі, ғылым – өркендеу кепілі» атты студенттердің облыстық конференциясына 8 студент сертификат алды.(Астана қ.) Халықаралық ғылыми педагогикалық білімді дамыту Академиясының ұйымдастыруымен 1-Халықаралық «Реферат» байқауында Киікбаева А, Бақтыбаева А, Фатихова Ж (1-дәрежелі) диплом алды.
Колледжде пән бірлестік жұмыстары жақсы жолға қойылған, пән апталықтары дәстүрлі өткізіледі. Айталық, «Тұңғыш президент және Менің Отаным» тақырыбымен әлеуметтік экономикалық пән бірлестігінің апталығы колледждің 4бөлімінде Президент күні мерекесімен басталды. Елбасыға және елдің дамуына арналған президенттің мақалалары («Ұлы даланың жеті қыры) мен кітаптары да назардан тыс қалмады; «Тіл байлығы — әрбір елдің ұлттық мақтанышы», Ұлы тұлғаң көз алдымда мәңгілік…» Қ.Дүтбаеваның туған күніне орай танымдық сабақтар, «Жаңаша білім беру: кәсіби жаңарудағы педагогикалық аспектілер»,“Language is the light of the mind”,«Музыка – алтын қазына» апталықтары.
2018 жылы республикалық баспадан шыққан 9 әдістемелік кітаптарына тұсаукесер өткізілді. Қарабаева А.С.«Ұлттық код — рухани болмыс кілті», Қабделова Ә.С.«Ұстаздық шеберлік және педагогикалық әдеп», Нұртазина Н.М.«Өміріңе немқұрайлы қарама», Абдрахманова М О.«Жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі», Хамзина А.Б, КушергалиеваА.Н, ЕсенгариеваР.Х.«Үш тілде жұмбақтар мен мақалдар», «Загадки, пословицы и поговорки на трех языках», «Riddles, proverbs and sayings in three languages», Шамарова А.У, Бергалиева Б.С.«Өнер тарихы және бейнелеу өнері», ҚалағановаГ.С.- «Кәсіптік  бағдар беру–болашаққа көз тігу»,Утебалиева А.Т. «Колледж студенттеріне арналған педагогика пәнінен тестер жинағы, Ерғазиев З.Х «Ән — көңілдің ажары».
Ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде «100  жаңа есім», «100 жаңа оқулық» жоба аясында 2018 жыл қорытындысында нәтижелі шығармашылық жұмыс ұсынған оқытушыларға жүлделі номинациялар  «Дипломдары», «Алғыс хаттары»  табыс етілді.

1.«Ең үздік менеджер-2018» — Қарабаева Айжан Сарсенқызы
2.«Ең үздік көшбасшы -2018» — Утебалиева Айжан Темірғалиқызы
3.«Ең үздік тіл маманы -2018» — Жалғасбаева Жанар Өмірзаққызы
4.«Ең үздік  психолог-2018» — Рабай Күнайым Түйешіқызы
5.«Ең үздік тәлімгер — 2018» — Кургенова Гаухар Махамбетқызы
6.«Ең үздік сайыскер -2018» — Кульчикова Молдір Сарсенбайқызы
7.«Ең үздік сценарист-2018» — Масатова Самал Табылдықызы
8.«Ең үздік публицист-2018» — Еңсегенова Гүлнар Амановна
9.«Ең үздік оқырман-2018» — Нұртазина Маншүк Маратовна
10.«Ең үздік сараптаушы-2018» — Багитова Айнұр Багитовна
11.«Ең үздік автор — 2018» — Ерғазиев Зинетолла Хамзаұлы
«Әлемнің заманауи өзгеруімен бірге қоғам иелері де өзгереді» деген заман талабына сай сұранысқа ие кәсіби маман, білікті ұстаз қажет болғандықтан, әдістемелік жұмыстардың алға қойылып отырған басты мақсаты – алдымен, оқытушыларымыздың  кәсіби қызметтерін құрметтеу, екіншіден, өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беру және үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуға көмек көрсету  болатын.

 

Қалағанова Гүлнар Салихадинқызы,
Атырау қаласы
Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжі әдіскері,
қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.