Home » Балабақша » Балабақшам – бақытым

Балабақшам – бақытым

 

Алматы қаласы, Бостандық ауданы МКҚК №92 бөбекжай-балабақшасында өте әсерлі шығармашылық кеш болып өтті. Шығармашылық кеште балабақша тәрбиешілері бар өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақындығы. Ұстаз болу – мінездің күншуағы Азбайтұғын адамның алтындығы – демейме дана халқымыз. Жас ұрпақты тәрбиелеуде барын салып жүрген ұстаз – тәрбиешілерімізден үлкен үміттер күтеміз. Шығармашылық кеш төрт кезеңнен тұрды: 1. Сәлемдесу 2. Балабақша жайлы өлең оқу және қабырға газеттерін қорғау. 3. Өз өнерін көрсету. 4. Күз сыйы. Бірінші топ өздерін «Көз тимесін» деп атаса, екінші топ «Бақытты балдырғандар» деп атады. Сәлемдесуде екі топ та алдына жан салмады. Қабырға газеттерін тамаша қорғап, өз өнерін көрсетті. Атап айтқанда, екі топ өздерінің өнерлерін көрсетуде аянып қалмады. Мақтауға тұрарлық өнерлерін өз деңгейінде көрсетті. Сайысымыздың төртінші бөлімі «Күз сыйы» деп аталды. Бірінші топ өте керемет ас дайындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Ал екінші топ түрлі жемістерден топтама дайындап және өз балабақшамыздың эмблемасы бейнеленген тәтті торт әзірледі. Сонымен қатар ән шырқалып, би биленіп, тәттілер жасалған бұл кешіміз өте әдемі әсер қалдырды. Осындай сайыстар жиі болып тұрса, ұстаздарымыз бұдан да қатты шыңдалып, биіктерге жетеді деген сенімдемін. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, тәрбиешілеріміз ақылды, ұстамды, еңбексүйгіш шәкірттер тәрбиелеп шығара берсін. Өнерлеріңіз өрге жүзе берсін, барлығыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

Тультаева Жанар Альмахановна,
Алматы қаласы Бостандық ауданы
№ 92 бөбекжай бақшасы тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.