Home » Жаңалықтар » Бақытқа бастаған — «Бақытты отбасы»

Бақытқа бастаған — «Бақытты отбасы»

Солтүстік Қазақстан облысына «Нұр Отан» партиясының балалардың құқығын қорғау бойынша кеңесшісі, бұрынғы парламент  мәжілісінің депутаты Жұмабекова Ырысты Мағауияқызының келуіне байланысты, облыстағы барлық басқарма басшылары мен орынбасарларының қатысуымен  «Бақытты отбасы» ұлттық жобасының жол картасын іске асыру мәселелеріне арналған отырыс өтті.

 

Аталмыш жиынды облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары Әлішев Руслан Қанатханұлы жүргізді.

Әр отбасы мүшелері бақытқа лайық болса, сол отбасының балалары бақыттың биік шыңында тұруы керек. Дегенмен, өкініштісі сол жарық дүние есігін ашқан сәбилеріміз бен білдіршіндеріміз толықтай бақыт деген бейбақты сезінбейді. Әрине оған кім кінәлі? Ата-ана деген атты жамылған, отбасының не екенін сезінбейтін безбүйрек адамдар кінәлі.

Отырыстың да басты міндеті осы болса игі. Жұмабекова Ырысты Мағауияқызының айтуынша: «Бақытты отбасы» бағдарламасы «Нұр Отанмен» қабылданғанын өздеріңіз білесіздер. Нақты Елбасының тапсырмалары бар. Отбасының қамын ойламай, отбасының жағдайын жасамай әр қарай өмір сүре аламыз дегенге күмәніміз бар. Сондықтан бүкіл Қазақстан бойынша, соның ішінде Солтүстік Қазақстанда да жасалып жатқан жұмыс аз емес.   Біздің  мұнда келудегі мақсатымыз әр отбасына, сол отбасындағы балаларға қандай жағдай жасалып жатыр, олардың құқығын қорғау үшін мемлекеттік мекемелердің нақты қандай іс-шаралар өткізіліп жатқаны байқау болып отыр. Және де  жергілікті әкімшіліктердің атқарған іс-әрекеттерін қарайтын боламыз», дейді.

Расында да жағдайы төмен отбасыларына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жағдай жасалып жатқаны көңіл қуантады.

«Бақытты отбасын» насихаттаушы топ алдағы екі күнде 5 аудан, 56 мекемеге барып, өз аудандарындағы отбасыларға қандай қамқорлық көрсетіліп жатқанын анықтамақ.

Егемен еліміздің ертеңі болатын балалардың жүзі бақыттан бал-бұл жанса нұр үстіне нұр.

 

Солтүстік Қазақстан

«BILIM AINASY»

Көкбасқызы Жазира

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.