Home » Жаңалықтар » Аршалы ауданында өрт сөндірушілер табиғи өртті сөндірді

Аршалы ауданында өрт сөндірушілер табиғи өртті сөндірді

11 тамызда  сағат 12-55-те 3 км. Костомар а.  Қызылжар шаруашылығы «Жасыл аймақ» РКК аумағында жалпы көлемі 14,5 га құрғақ шөптер мен орманды жерлер өртенді.

Өртті сөндіруге ТЖК “Қазавиақұтқару” АҚ су-ағызу құрылғысы бар Ми-171 тікұшағы жұмылдырылды, ол арқылы алты су төгіндісі (шамамен 18 тонна) жүргізілді.

Ақмола облысы  Төтенше жағдайлар департаментінен 17 қызметкер мен 4 бірлік техника, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД 19 адам және 4 бірлік техника, «Жасыл Аймақ» РКК 40 жұмысшы мен 10 бірлік техника тартылды.

Өрт сол күні сағат 19-20-да оқшауланып,  12 тамызда сағат 17.00-де жойылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысы ТЖД  баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.