Home » Author Archives: admin admin (page 326)

Author Archives: admin admin

800 мектеп қалай салынады?

Алдағы 5 жылға жоспарланған 800 мектетің қалай салынатыны белгілі болды. Үкімет отырсында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оның тетіктері жайлы айтып берді. «2025 жылға қарай орын тапшылығы 670 мың орынға жетеді деп болжап отырмыз. Бұл мәселені шешу үшін 800 жаңа мектеп салынады. Тек қана осы жылдың соңына дейін 200 жаңа мектепті пайдалануға беру қажет. Аймақтар тиісті жоспармен қамтамасыз етілді. ...

Толығырақ »

Карантиндегі оқу сапасының кемшіліктерін жою үшін арнайы бағдарлама әзірленеді

Карантин кезінде болған оқу сапасының кемшіліктерін жою үшін арнайы бағдарлама жүзеге асырылатын болады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. «Үлгерім деңгейі төмен оқушыларға басымдық бере отырып, білімді қалпына келтіру шаралары жасалады. Жалпы, пандемияның салдарынан болған оқу сапасының кемшіліктерін жою үшін арнайы бағдарламаны жүзеге асырамыз», деді министр. Орта білім беруде 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделген ...

Толығырақ »

Мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі енгізіледі-Асхат Аймағамбетов

Елімізде мектепке дейінгі білім берудің жаңа моделі әзірленеді. Оны енгізу жаңа оқу жылынан басталады. Бұл жайлы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Оның сөзіншке, бұл үшін «Ойын арқылы оқыту» қағидаты негізінде мемлекеттік стандартқа өзгерістер енгізіледі. Тәрбиешілерді даярлау, біліктілігін арттыру жүйесі және бағдарламалар жаңарады. Сонымен бірге енгізілетін Ваучерлік қаржыландыру тетігі де балабақшалардың бәсекелестігін арттыру арқылы білім сапасына да ...

Толығырақ »

Бұдан былай мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз-Білім министрі

Биылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни, дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі мәлімдеді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша,  педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатын болады. Ол толығымен электрондық форматта жүреді. Министр педкадрларды даярлау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптарын да күшейтілгеніне ...

Толығырақ »

Балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі

2021 жылдың 1 мамырынанбастап балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыру енгізіледі. Бұл жайлы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. «Спортпен айналысу қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін осы жылдың 1 мамырынан балалар спорт секцияларын жан басына қаржыландыруды көздейтін мемлекеттік спорттық тапсырыс енгізіледі. Жаңа әдіс спорт секциялары тапшылығы проблемасын шешуге және жеке секторды тарту есебінен көрсетілетін қызметтер сапасын арттыруға ...

Толығырақ »

Қазақ күресі мен тоғызқұмалақ мектептерде міндетті сабақ ретінде өткізілмек

Еліміздегі орта мектептерде «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» бойынша міндетті сабақ өткізу әдістемесі әзірлеп жатыр. Бұл жайлы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. «Балалардың денсаулығы мен тәлім-тәрбиесіне ұлттық спорт түрлерінен сабақ өткізу де оң әсерін тигізбек. Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігі «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық атуды» алдағы уақытта дене шынықтыру ...

Толығырақ »

ЖОО педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеп жатыр-А. Аймағамбетов

Еліміздің жоғары оқу орындары педагогикалық қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Бұл жайлы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің  Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған. Министрдің айтуынша, дарынды жастарды педагогикалық мамандыққа тарту мақсатында мұғалімнің мәртебесін көтеру үшін тиісті жұмыс жалғастырылуда. Педагогикалық бағыт бойынша оқуға түсуге қойылатын талаптар біртіндеп күшейтілуде. Осылай, 2020 жылы оқуға түсу балы 60-тан 70 балға дейін көтерілді, ...

Толығырақ »

Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады

Еліміздегі мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылады.  ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылар наурыздың 20-сы мен 31-і аралығында демалатын болады.  4-тоқсан сабағы 1 сәуірде басталады. Еске салайық, оқу жылының 3-ші тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын – дәстүрлі форматта, 30 пайызын – қашықтан) форматына көшірілді. Сондай-ақ ҚР ...

Толығырақ »

550 орындық жаңа балабақша ашылды

Қарағанды облысының Абай қаласында 550 орындық балабақша ашылды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша тұрғызылған мектепке дейінгі мекемеде 100-ден астам жұмыс орны пайда болды. Қазір жаңа балабақша штаты жасақталуда. Балабақша Политехникалық колледждің бұрынғы ғимаратында орналасқан. Онда балаларды тәрбиелеу және дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. «Әдемі бөбекжай балабақшасы» ЖШС басшысы Ербол Қарнақбаетың айтуынша,  Абайда мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс іздеп жүрген ...

Толығырақ »

12 өңірде көктемгі ҰБТ басталды

Бүгін Қазақстанның 12 өңірінде Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін  Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталды. Бұл жайлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов хабарлады. Оның жазуынша,  бұл жолы жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсуді жоспарлаған талапкерлер үшін ұйымдастырылатын ҰБТ компьютер форматында өтеді. Егер бұған дейін көктем айындағы тестілеу тек 10 күнге созылса, биыл ...

Толығырақ »