Home » Author Archives: admin admin (page 323)

Author Archives: admin admin

ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЭССЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ МЕН МАҢЫЗЫ

Байхадамова Баян Ерпайызқызы Қазіргі таңда қазақ тілін оқытудағы қиындықтарының бірі – жазбаша шығармашылық жұмыстарын жазу, бұл мәселенің шешімі табылған емес. Бұл жұмыс балалардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың қажеттілігін шындай отыра, мәселеге жаңа көзқарас білдіреді: заман талаптарына сай өзіндік ерекшелігі мол, болашаққа сенімді, ойы ұшқыр, озық ойлы тұлғаны қалыптастыру үшін шығармашылық жұмыстарының дербестігін дамыту керек. Жазылым — тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; ...

Толығырақ »

Ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу мен дамыту

   Қатарынан екі жыл мақаламызға арқау болған Нұр-Сұлтан қаласындағы Бектаева Әмина Амантайқызы басқаратын №52 «Еркетай» балабақшасының ұжымымен тағы да жүздестік.  «Шаңырақ шайқалмас үшін уығы мықты болуы керек» қазақтың биік шаңырағына уық болар тілі мен діні түзу саналы ұл мен қыз тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келе жатырсыздар деп алғысымызды білдіргенбіз…. Биылғы наурыздың  17 жұлдызына жоспарланған қалалық мектепке дейінгі білім беру ...

Толығырақ »

ЖАМБЫЛДЫҚ 2 ҰСТАЗ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» АТАҒЫН ИЕЛЕНДІ

    Педагогикалық үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Жамбыл облысының  үздік ұстаздары Айгүл Қалмаханова және Мираш Бигелдиева «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды. Айта кету керек, ел тарихында мұндай марапатпен педагогтарға алғаш рет марапатталуда.  Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес тағайындалған  мемлекеттік награданы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  табыс етті. Мемлекеттік марапатқа ие болған ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Ардақты ағайын! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!Тіршілікті түлетіп, табиғатқа жан бітіретін Наурыз – біздің төл жаңа жылымыздың бастауы, жаңғыру мен жаңа өмірге ұмтылудың нышаны. Ежелгі жыл қайыру дәстүрі – халқымыздың терең танымы мен тағылымды тарихының көрінісі. Шуақты көктем мерекесін бүкіл ел болып асыға күтеміз. Біз тағдырымызбен сабақтас әз-Наурыздан өткен ғасырда еріксіз ажырап қалдық. Егемендіктің елең-алаңында ежелгі салтымызбен қайта ...

Толығырақ »

Ректорлар оқытушылардың жалақысын көтеріп, жүктемесін азайтуы тиіс-А.Аймағамбетов

Оқытушыларға лайықты жалақы төлеп, олардың қалыпты жұмыс атқаруы үшін жағдай жасау — жоғары білім сапасын арттыру үшін маңызды. Бұл жайлы ҚР Біләм және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында жоғары оқу орындарындағы педагогикалық-оқытушылық құрамның жалақысын арттыруға қатысты тапсырма берген болатын. Нәтижесінде 2019 жылғы қыркүйекте Білім және ғылым министрлігіне ...

Толығырақ »

«ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2020» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Еліміздің 46 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды. Олардың әрқайсысы 5 834 000 теңге (2000 АЕК) көлемінде грант жеңіп алды. Үміткерлерді іріктеу және құжаттарды тексеру рәсімі алғаш рет онлайн форматта өткізілді. «Пандемия кезінде еліміздің жоғары білім беру жүйесі маңызды сынақтан өтіп, жоо-лардың жұмысы жақсы деңгейде ұйымдастырылды. Қандай да бір қиындықтар мен қолайсыздықтарға қарамастан, ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ – БҮКІЛҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІРЛІКТІҢ БІРЕГЕЙ МОДЕЛІ

Муртазаева Баян Абжапбаровна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ зертхана меңгерушісі, Тараз қаласы Бүкілқазақстандық  бірліктің  бірегей  моделін  қалыптастыруда Қазақстан  халқы Ассамблеясы (ҚХА) маңызды рөл атқарып отырғаны ақиқат шындық. Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет. Сондықтан еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ  құрылымның  аясына  біріктірудің  сара  жолы – Қазақстан  халқы  Ассамблеясын  құру болды. Елбасы ҚХА құру ...

Толығырақ »

Қазақстан тарихына қатысты базалық мектеп оқулығын даярлау мәселесі талқыланды 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетов тарихшы ғалымдармен кездесті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады.  Министрдің жазуынша, кездесуде ғалымдармен және мұғалімдермен Қазақстанның тарих ғылымын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселелері, Қазақстан тарихы бойынша жаңа академиялық басылымды, Қазақстан тарихы бойынша базалық мектеп оқулығын дайындаудың ұйымдастырушылық және әдіснамалық мәселелері, мектептерде тарихты оқыту проблемалары, оның ішінде үлгілік бағдарлама дайындау туралы мәселелер талқыланған. Бұл ортақ ...

Толығырақ »

Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруға арналған байқау өтті

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында ана тіліне деген қызығушылықты қалыптастыру, оларды ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге баулу, мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар арасындағы ықпалдастықты нығайту, қазақ тілі педагогтерінің үздік тәжірбиелерін жинақтау және тарату мақсатында ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының ұйымдастыруымен ақпан-наурыз айларында «Мемлекеттік тілді оқыту бойынша ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында мектепке дейінгі ұйымдардың қазақ тілі педагогтерімен шеберлік сыныптары ...

Толығырақ »