Home » Author Archives: admin admin (page 17)

Author Archives: admin admin

Тәрбиеші болу – бір  бақыт

Чинбаева Жансая Сериковна Астана қаласы әкімдігінің №82 «Айару» балабақшасының тәрбиешісі Тәрбиеші болу – бір  бақыт Неге мен тәрбиеші мамандығын таңдадым? Бұл сұраққа жауап берер болсам мен үшін бұл жай ғана мамандық немесе жұмыс емес. Бұл жанымның жайы, өмірімнің салты. Бүгінгі күні өзімді бақытты адаммын деп есептеймін, өйткені мен бар білімімді кішкентай бүлдіршіндерге арнадым. Тәрбиеші — саф таза бала жанын түсіне ...

Толығырақ »

Балабақшадағы балалардың тілін дамыту

Нуртаева Гульшат Кайржановна Астана қаласы әкімдігінің №82 “Айару” балабақшасы  қазақ тілі маманы Балабақшадағы балалардың тілін дамыту Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту, бала тілін дамыту жұмыстары тәрбиешілердің ізденісі пен дайындығын қажет етеді. Бала тілін дамыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам болып бір ауыздан атсалысу қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту алдымен балабақшадан басталады. Біздің мақсатымыз балаларды ...

Толығырақ »

Мектептегі білім беруде цифрлық сауаттылық пен жалпыадамзаттық құндылықтарды интеграциялау

Абильдина Мархабат Куатовна Қарағанды қаласы, С.Саттаров атындағы мектеп-лицейі Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жастарды, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарының, экстремизмге шақыратын желілік қауымдастықтардың, рухани дәстүрлерді ұмытып кетуге, елдің тарихы мен мәдениетін құрметтемеуге, рұқсат етілуге және моральдық деградацияға ұшырайтын мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік тәрбиелеу проблемасы барған сайын маңызды бола түсуде. Педагогикалық модельді құрудың мақсаттары мен принциптерін айқындау кезінде біз қоғамның мектеп түлегіне елдің тарихы ...

Толығырақ »

Алматы біздің ортақ үйіміз!

Масаурова Салтанат Маратқызы КМҚК «№110 бөөбекжай балабақша» меңгерушісі Қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру, экологиялық бастамаларды қолдау мақсатымен «Алматы-біздің ортақ үйіміз!» науқанына балабақша ұжымы мен балалары белсене қатысты. Балабақша қызметкерлері ауланы тазалау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Балалармен  «Алматы біздің ортақ үйіміз!» науқаны аясында балабақшамызда «Менің қалам-менің мақтанышым!» тақырыбында  көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Туған жерге деген сүйіспеншілік пен құрметке баули отырып,балалардың шығармашылық, танымдық ...

Толығырақ »

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН ӘЛЕМІ

     20 сәуір күні Астана қаласындағы Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде ұлттық археология мектебінің негізін қалаған көрнекті ғалым Әлкей Марғұланның 120 жылдығына арналған «Әлкей Марғұлан мұрасы – ұлттың рухани байлығы» тақырыбында республикалық ғылыми-танымдық конференция болып өтті.     Конференцияны ұйымдастырған Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» мен Әлкей Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейі. Конференцияға ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер, республикалық білім беру ұйымдарының ...

Толығырақ »

Аудандық семинар өтті

Сәуір айының 19 күні Алматы қаласы, Медеу ауданы КМҚК №107 бөбекжай-балабақшасында” “Бестемше ойынын үйретудің теориялық және әдістемелік ерекшеліктері” тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік, танымдық және зияткерлік дағдыларын бестемше ойыны арқылы дамыту. Семинарға басқа балабақшалардың дене шынықтыру нұсқаушылары, мектепалды топ тәрбиешілері, әдіскерлер мен меңгерушілер қатысты. Семинар басында алғы сөзді мекеме басшысы А.С.Естенова алып, бағдарламамен таныстырды. ...

Толығырақ »

Аула сәні – тазалықта

«Алматы — біздің ортақ үйіміз», — атты аулаларды тазалау, гүл егу науқаны 8-сәуір мен  8-мамыр аралығында қалада өтіп жатыр. Осы науқанға Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты № 106 бөбекжай–балабақшасы да қатысуда. Медеу ауданында орналасқан бұл балабақшаның меңгеруші міндетін атқарушы Гульнара Аскербекқызы Бексұлтанова бас болып «Гүлдер аллеясы», — деп аталған іс-шара ұйымдастырып, балабақша ауласына гүл егу, топ аулаларын гүлдендірді. Ата-аналар қуана ...

Толығырақ »

«Ұлттық тәрбие — ұлт болашағы»

Бала — бақыт. Ал, балалы үйді базарға теңеген ата-бабаларымыз сол бақыттың бастауы тәлім мен тәрбиеде екенін тілге тиек, ұлтқа үлгі, ұрпаққа ұран етіп қалдырған. «Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі» — демекші, ертеректе ата-әжелеріміз баланы ертегі айтып есейткен. Ал қазір, бала қарайтын қарттарымыз некен саяқ, бар болса да басым көпшілігінің ұлттық салт-дәстүрден ауылының іргесі аулақ, ашщы да болса бұл шындық. ...

Толығырақ »

Балабақша – тәрбие мен білімнің баспалдағы

Отарбаева Ақдидар Ордабекқызы, Астана қаласы әкімдігінің №82 «Айару»  балабақшасы «Бәйтерек» ортаңғы тобының тәрбиешісі   Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата — анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс — тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт-дәстүр, мақал-мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата-ана мен тәрбиешілердің басты міндеті. Отбасы – ...

Толығырақ »