Home » Балабақша » Аула сәні – тазалықта

Аула сәні – тазалықта

«Алматы — біздің ортақ үйіміз», — атты аулаларды тазалау, гүл егу науқаны 8-сәуір мен  8-мамыр аралығында қалада өтіп жатыр. Осы науқанға Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты № 106 бөбекжай–балабақшасы да қатысуда. Медеу ауданында орналасқан бұл балабақшаның меңгеруші міндетін атқарушы Гульнара Аскербекқызы Бексұлтанова бас болып «Гүлдер аллеясы», деп аталған іс-шара ұйымдастырып, балабақша ауласына гүл егу, топ аулаларын гүлдендірді. Ата-аналар қуана қоштап, тәрбиешілер мен әдіскер, психолог маманы атсалысты. «Балапан», «Балдырған», «Ақбота», «Жұлдызша», «Күншуақ», «Балдәурен» топтары өз өнерлерін көрсетті. Әдіскер — Нұрлыбекова Рауан, психолог — Амирова Сымбат, музыка жетекшісі — Черкасова Виктория, тәрбиешілер: Абилгазина Айгүль, Куртжемилова  Сажие, Касымбекова Гүлсім, Әльжанова Меруерт, Мақсұтжан Жазира, Жунисбекова Айжан, Приведенная Анастасия, Кузнецова Валерия, Сұлтанғали Назерке белсене атсалысты.

   

Адам мен табиғат егіз емес пе?! Жаз шықса маңайына әсемдік сыйлайтын гүлдер мен талдар бүр жарыпты. Енді біраз күнде гүл ашады. Ұзақ жыл өсетін осы гүлдер мен тал бұталарын баптап, тамырын қопсытқан
ата-аналар мен балабақша қызметкерлері бусанған Жер-анамен бірге тыныстап жүздері бал-бұл жанды. Талдардың бұтасын әктеп, жол жиектерін, қоршауларды түрлі түске бояп айналаға көрік кіргізді. Табиғатқа қамқорлық жасағандарына қуанышты. Бүлдіршіндеріміздің де жүздері бал-бұл жайнап қуана қызықтап, өздерінше қамқор болып жүр. Балабақша балаларының сыртта ойнауына ауланың тазалығы мен әсемдігіне қол ұштарын созған. Ата-аналардың да көңіл-күйлері көтеріңкі болды. «Алматы — біздің ортақ үйіміз» атты науқанға қатысушылар арасынан  «Ақбота», «Балапан», «Балдәурен» тобының ата-аналары белсенділік танытып, топ жарды. Ата-ана мен балабақша «Алматы — біздің ортақ үйіміз», — бірлескен іс-шарамызды,  педагогтарымыз балаларды Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға қоршаған ортаға, елін, жерін сүюге, экологияны  тәрбиелеуге бағыттайды.

      

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.