Ақтау қаласындағы «Арман» жастар орталығы мәдени-демалыс кешенінің мәжіліс залында «Маңғыстаунама-2017» танымдық шарасы өтті. Биылғы шара «Өмірім-өнерім» деген атпен зейнеткер ұстаз, кеңестік және қазақстандық мәдениет қызметкері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Орын Құлсариевтің еңбек жолына арналып әдеби-сазды танымдық кеш ретінде ұйымдастырылды. Кешті Маңғыстау облысының білім басқармасы ұйымдастырды. Шараның мақсаты – облыстық білім беру жүйесінде мәдени және саяси-әлеуметтік өзіндік ...
Толығырақ »Author Archives: admin admin
Агробизнес колледжінде жұмыс кездесуі өтті
Зеренді ауданы, Чаглинка ауылы, Агробизнес колледжінде Германия Федералды Республикасының «Халықаралық Одақ» өкілдері Диснер Норман, Урсула Шаде, Ирина Мюллер және ҚР «Жұлдыз» ҚБ БҚҰО президенті Елена Александровна Дмитриенкомен және колледжіміздің педогогтар мен студенттер ұжымының жұмыс кездесуі болды. «Балалар және жасөспірімдер ортасында маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу тәжірибесін алмасу мақсатымен Герман Федералды Республикасының «Халықаралық Одағымен» 5 жылдан артық уақыт бірлескен әлеуметтік маңызды ...
Толығырақ »Жас Ұлан мен Жас Қыран
Адалдықты сүйеді ол, Болашағы сонша зор. Ол – бүгінгі Жас Қыран, Ол – бүгінгі ЖасҰлан. Мектеп деген ол ертең Ұшырады ғаламға. Оқуда да еңбекте Әрқашанда ол алда. Жақсы істерді түсініп, Атқарады қандайын. Мектептегі істерге Әрқашанда ол дайын. Тілепі Інжу, Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Толығырақ »Қош бол, бала қоңырау!
Мектебім-ау, мектебім, Сенде өстім, көктедім. Арманым көп менің де Мен есейіп жеткен күн. Ұстаз деген бүгінде Ол – екінші анамыз. Білім берген бастауыш Біз қоштасып барамыз. Қош бол, бала қоңырау, Айтып жүрем ән қылып. Мектеп кеме атанған Шәкіртіңмін мәңгілік. Сабырғали Динара, Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Толығырақ »Туған жер құлпырады
Іргесі мықты болса Үйлер де құламайды. Бейбіт күн, ашық аспан Ешкім де жыламайды. Туған жер, көркейе бер Түрленіп бақша, бағы Егемен елімізде Бәрі де жақсарады. Наурызбаева Еңілік, Опорный орта мектебінің 4 «А» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Толығырақ »Бейбітшілік болсын мәңгі
Аналардың тілегінде –Бейбітшілік Бөбектердің жүрегінде – Бейбітшілік Балдырғанның бал тілінде – Бейбітшілік Шуағыңды төк күнде, Бейбітшілік Көгершін боп қалықта, Бейбітшілік – осы өлең жолдары еріксіз ойыма келіп, қолыма қалам алып өзіндік ой өрнегімді жазуға кірістім. Бізге еркіндік үлкен ерліктің арқасында келді. Ата-бабаларымыз Отан үшін отқа түсті, жауды жеңді. Көптеген қиындықты бастан кешірді. Отан оттан да ыстық деген ұранмен алға ұмтылды, ...
Толығырақ »Бақытты балалық шақ
Әр баланың балалық шағы болады. Менің де бақытты балалық шағым жалғасып, бейбіт өмірде көтеріңкі көңілде өтіп жатыр. Балалық шақтың куәсі болатындай қызықты оқиғалардың бәрі есімде. Ата-анама мен әлі баламын, өйткені мені еркелетеді, ойнатады, қуантады. Ал әжем болса мені арқасына отырғызып балабақшаға апаратын. Әкем сайқымазақ болып, анам аяз ата, қуыршақ болып менімен ойнайтын. Балдай тәтті күндерім осылай жалғасуда .Өйткені мен ...
Толығырақ »Мен өскенде қандай бала боламын?
Мен әлі жасөспірім баламын, Жақсылық пен жамандықты айыра да аламын. Айтыңдаршы шындығын Мен өскенде, қандай бала боламын? Кішілерге күш көрсетпей бағамын, Үлкендердің айтқан тілін аламын. Ойлап тұрсам өзім де, Мен өскенде керемет бала болармын! Нұрғали Аружан, Опорный орта мектебі, 4 «Ә» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
Толығырақ »Өтірік өлең
Инелікке мініп ап, Айға мен ұшып бардым. Айменен мен сөйлесіп Үйге қайта оралдым. Маса менен арыстан Төбелесіп қалыпты. Сөйтіп олар бір күні, Татуласып алыпты. Базарбайқызы Аяулым, Опорный орта мектебі, 4 «Ә» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
Толығырақ »Өтірік өлең
Малдың бәрі семірді отардағы, Ерледім деп қуанды шопан дағы. Сиыр болып ешкілер мөңіреді, Түйе болды қой өсіп қорадағы. Нұртазина Ақтілек, Опорный орта мектебі, 4 «Ә» сынып оқушысы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы
Толығырақ »