Home » Жаңалықтар » Агробизнес колледжінде жұмыс кездесуі өтті

Агробизнес колледжінде жұмыс кездесуі өтті

    

Зеренді ауданы, Чаглинка ауылы, Агробизнес колледжінде Германия Федералды Республикасының «Халықаралық Одақ» өкілдері Диснер Норман, Урсула Шаде, Ирина Мюллер және ҚР «Жұлдыз» ҚБ БҚҰО президенті Елена Александровна Дмитриенкомен және колледжіміздің педогогтар мен студенттер ұжымының жұмыс кездесуі болды.

«Балалар және жасөспірімдер ортасында маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу тәжірибесін алмасу мақсатымен Герман Федералды Республикасының «Халықаралық Одағымен» 5 жылдан артық уақыт бірлескен әлеуметтік маңызды жобалар жүзеге асырылуда», осындай сөздерімен өз сөзін Елена Александровна бастады. Содан кейін кездесудің қонақтары оқу мекемесінің материалды-техникалық базасымен, оқытудың техникалық және тәжірибелік ұйымдасуымен танысты. Қонақтарды жастардың бос уақыты қалай ұйымдастырылған екен деген сұрақ қызықтырды және де дене тәрбиесі пәні міндетті оқыту бағдарламасы қатарында қарастырылатыны ерекше қызығушылық туғызды.

Кездесу барысында біздің оқу мекемесі мен қоғамдық фонд Герман Федералды Республикасының «Халықаралық Одағының» жастарға білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша әріптестігінің нақты болжамдары талқыланды, колледж оқытушыларына бірлескен зерттеу жобаларын, конференцияларды, тәжірибе алмасуды және т.б. енгізу ұсынылды.

Экскурсияның соңында кездесу мүшелері музейге барды, онда ұжымға жақсы тілектерін жазба етіп қалдырды, жылы лебізді кездесуге рахметтерін айтып, бірлескен серіптестікті құптады.

Ақмола облыстық Баспасөз қызметі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.