Адам баласы дүние есігін ашып, жарыққа шыққан соң үйі мен бауырларын, түгел айналаны ақырындап тани бастайды. Оның таңда атқан күні мен батқан түніне дейін еске сақтап, жүрегінің ең сенімді жеріне сақтайды. Өсе келе, оның тұнық ауасын аңсайтын күйге жетеді екенсің. Міне, осындай жанға жылы, жүрекке жақын тұрған жерді әр адам баласы өзінің туған жері, «Ауылым – алтын бесігім» деп біледі ...
Толығырақ »Author Archives: admin admin
Тәуелсіздік тұғырың!
Тек «Т» дыбысы мен әріпінен басталып жазылған тәуелсіздікке арналған өлең Телмірген терезеден талай тағдыр, Тәуелсіздік тұғырың талайдан тұр. Терейін тарихымның тағылымын, Таусылмасын текті, терең татулығың!!! Талмасын таудай темір тұлпарларың, Теңсіздік түгелімен тоқырасын Туымыз, таңбамыз тектіліктен, Тербетіліп төбемізде, тауда тұрсын! Тастандылар терезеден телмірмесін, Тастағандар түзеліп, тектіленсін. Тамырлардан тараған туғандарым, Тілдеріңде тобашылдық тұнып тұрсын! Тілеймін, талабы таудай тумаларды, ...
Толығырақ »Миллион адамды толғандырған Арал теңізі
Осы мақаланы жазар алдында, Арал теңізі туралы көбірек білу мақсатымен іздене бастағанымда Арал туралы біліп, көріп алғанымның бəрі таң қалдыратындай көрініс. ХХ ғасырда теңіз əлем бойынша ауданы жағынан төртінші болды деуге аузым бармайды. Сондай хəлге əкелген адам жандары қазір өздері зардап шегіп жатыр. Су тартылуына не себеп болды? Бұл қашан басталды? Теңізді бұрынғы қалпына келтіру үшін не істелуде және ...
Толығырақ »Ойы мен ісі үйлескен тұлға
«Жақсының жақсылығын айт» жобасы бойынша Қайырғалиева Балауса Төлеуғалиқызы – Астана қаласындағы №46 «Самал» санаториялық балабақшасының меңгерушісі. Ол 1977 жылы 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келді. Мектепті тәмамдаған соң, 1994-1997 жж. М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие» мамандығын; 1997-2001жж. Шакәрім атындағы Семей Мемлекеттік университетінің «ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітіріп, 2001-2003 жж. С.Аманжолов атындағы Шығыс ...
Толығырақ »Бала тәрбиесіндегі әкелердің рөлі
Қазіргі таңда бойында намысы мен жігері бар, өзінің қаны мен жанынан жаратылған, артындағы асыл ұрпағының алдына да қадір-қасиетін жоғалтпай, әкелік міндетін абыроймен атқара алмай жүрген әкелер саны көбейіп бара жатқандығы мені көп алаңдатады. Отбасы мүшелерінің тірегі, үйелменнің басшысы болатын әкенің ұл-қыз алдындағы ар-абыройы, борышы неге босаңсып кетті? Қазіргі кездегі әкелердің беделі неге төмен? Біз қай жерден қателесіп жүрміз? Менің ...
Толығырақ »Жаңа мектептің жаңашыл ұстаздары
Ұстаз аты ардақты әрқашанда, Білім нәрін сусындатар басты тұлға. Жаңа ғасыр шәкіртін тәрбиелейді, Ізденімпаз, жаңашыл ұстаз ғана. Тәй-тәй басқан бұл мектептің жас қадамы, Асқақтады, өрледі, шыңға шықты. Ұшып қияға түлектері қанат қағып, Жетістікпен көзге түсті абыройлы. Өскелең ұрпағыңды тәрбиелейді, Бар біліммен сусындатып әлдилейді. Оқу менен тәрбие мәселесін, Алға қойып, биік шыңға жетелейді. Меңгерді ғылымды да, техниканы, Үлес ...
Толығырақ »Туған жерге сағыныш
Иә, алтын бесік туған жерім, қадіріңді әлі де білмей келемін-ау?! Олай дейтін себебім, туған жерім Ордабасы ауданы Тастау деген жерде жастық шағымның ѳткені елес сияқты кѳз алдымда кѳлбеңдейді. Негізінде кіндік қаным тамған жер Шымкент қаласында әкемнің әпкесінің үйінде 1964 жылы 6 мамырда дүниеге келген екенмін. Туған жердің ыстығын-ай, сол ауылыма былтыр барып жастық, балалық, балдәурен шағымда жүрген жерімді ...
Толығырақ »Менің таңдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым
Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап, әр адам баласы осынау кең дүниенің бір бөлшегіне айналары анық. Кішкентай ғана шақалақ қоршаған ортаның ықпалымен, дүние салтымен, өмір заңдылығымен өсіп, бой түзеп, тұлға болып қалыптаса бастайды. Ғаламның тылсым құдіретімен, айналаның іс-әрекетіне, заманның ағымына, тәрбиенің сапалығына байланысты бала санасына өмірге деген құштарлық, көзқарас қалыптасады. Ақ пен қараны ажыратып, өзіндік ой, өзіндік талғаммен ...
Толығырақ »Білім негізі балабақшада
Биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы қаласы бойынша 5 білім беру мекемесінде «Әліппе» оқулығы апробациядан өткізіліп жатыр. Алматы қаласы, Білім басқармасы МКҚК №110 бөбекжай-балабақшасында Қайранбаева Орынгүл Тастанқызы «Ер төстік» тобымен ата-аналарға арналған ашық сабақ өткізді. Жаңа сабақтың тақырыбы «М әрпі» туралы тәрбиеші балаларға ойын ойнатып, жұмбақ жасырып, әліппемен және жұмыс дәптерімен жұмыс жүргізді. Балалар М дыбысына байланысты тілдік жаттығу, ...
Толығырақ »Білім алу жас талғамайды
«Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы бойынша Дүйсенбі. Мектеп ішінде тынымсыз тіршілік. Директор ұсынған ұстаздан сұқбат алатын күн. Шынымды айтсам ширақ деп мақтаған ұстазды көруге асықтым. Көп кешікпей-ақ келген ұстаз жақынырақ танысу үшін жайлы жерге шақырды. Жүзінен жылылық байқаған соң, сұрақтарымды бірден қоя бердім. Әңгіме кезінде ұстаздың тұлғалық образы ерекше екенін байқадым. Оқып отырып өзіңіз де аңғарасыз. Ал, кеттік. Бүгінгі «Жаныңда ...
Толығырақ »