«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Себебі барлығымыз да сол ұстаздың алдынан өттік. Ұстаз — ұлағатты есім. Ол диқан сияқты, ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты ғаламға қанатын қатайтып ұшырады. Шәкірт — ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, ...
Толығырақ »Author Archives: admin admin
Ақмола облысында туберкулез ауруы бар науқастардың саны едәуір азайды
Ақмола облысында соңғы бірнеше жылдың ішінде туберкулез ауруының саны 30%-ға төмендегені байқалады. 2017 жылы өңірде 478 белсенді туберкулез науқастары айқындалған. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай ауруды жыл сайын төмендетудің оң динамикасын Қ.Құрманбаев атындағы облыстық туберкулезге қарсы диспансерде белгілеуін «Әлеуметтік сақтандыруды сақтандыру қоры» КЕАҚ облыстық филиалы мәлімдейді. Жылма-жыл өткізілетін 24 наурыз күні — Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні боп 1982 жылы ...
Толығырақ »Замана кемеңгері
Мұса Шорманұлының 200-жылдық мерейтойына орай Тәттімбет күй арнаған «Бестөре» деп, Ішінде сол төренің Мұса жүрмек. Ақыл, ойы басқалардан алда болып, Ақ қағазды шимайлап қылған ермек, — деген өлең жолдарында ақын жырына арқау болған Мұса Шорманұлы- ой-өрісі кең, елі үшін аянбай еңбек еткен халқымыздың біртуар ұлы еді. Қазақ халқының сан қатпарлы тарихында қандай адамдар «Замана кемеңгері» деген ардақты атқа лайық болған? ...
Толығырақ »Суретшілер шеберлік сағатын өткізді
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Нұра ауылының О.Жандосов атындағы орта мектеп-интернатында аудан көлемінде технология-бейнелеу өнері пәндері мұғалімдерінің семинар кеңесі болып өтті. Іс-шараға аудан мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Олар өнер галереясына саяхат жасап, өздерінің туындыларын галерея қорына сыйға тартты. Семинарға арнайы шақыртылған ҚР суретшілер одағының мүшесі, Абай атындағы педагогикалық университетінің профессоры — Жаманғараев Серғазы Құсайынұлы бейнелеу өнерінің қыр – сырынан мағұлмат ...
Толығырақ »«Қазақстан тарихы» пәні бойынша ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары
«Бір рет айтылған әңгімелер артынан үнемі қайталануы қажет. Бұл ұмытылып қалғанды қайта еске түсіру емес, қайта ұмытып кетудің мүмкіндігін болдырмас үшін жасалады» (К.Д. Ушинский) Тарих-адамзаттың зердесі. Қазақстан Республикасының егемендігі, тәуелсіздігі біздерді ұлы бетбұрыстарға әкелді. Қазіргі ақпараттық қоғамда оқушылар үшін білімнің мәні маңызды екені белгілі. Оқушыларымыздың келешекте табысты болуын қамтамасыз ету үшін оқыту мен оқуды ұдайы арттырып отыруымыз қажет. Бірыңғай тестілеу ...
Толығырақ »Ана тілің – асқар шыңың!
Елбасымыз Н.Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата ...
Толығырақ »Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және нәтиже
Биылғы жылдың 16 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және Қызылорда қалалық білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицей базасында «Жаңартылған бағдарлама: ізденіс және нәтиже» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – Қызылорда қаласы мектептеріндегі жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдердің Бағдарламаның түйінді идеяларын оқыту үдерісіне енгізудегі үлгілі педагогикалық ...
Толығырақ »Мектеп кітапханаларын дамыту уақыт талабы
Бүгін химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапханасында «Білім салтанаты – кітап салтанаты» тақырыбында кең көлемде семинар-практикум өткізіліп, іс-шараға облыстық, қалалық және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты. Семинар-практикум «Назарбаев Зияткерлік мектеп кітапханасының жобалары», «Электронды ресурстармен жұмыс», «Оқу мәдениетін қалыптастырудағы белсенді әдістер» сынды үш бағытта ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашылары А.Е.Демишева мен А.М.Алпамысова Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Bookcrossing», «Readx», «Reading time», «100 кітап» жобаларының жүзеге асырылуы ...
Толығырақ »Мектеп кітапханасы – сапалы білімнің сенімді кепілі
Мектебімізде оқушылар мен ұстаздарға арналған, том-том кітаптар жиналған қасиетті орын бар. Ол — мектеп кітапханасы, кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханашылар Үмбеткалиева Бибігүл және Тулегенова Айша апайларымымыз сұраған кітаптарымызды тауып беріп, алған кітаптарымызды ұқыпты, таза ұстауға кеңес береді. Біз осы жерден қажетті әдебиеттер жаздырып алып, білімдерімізді толықтырамыз. Кітапханада көптеген іс-шаралар, көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы: «Кітап оқу күні» тәрбие сағаты, «Мейірім төгетін ...
Толығырақ »КУРСТАН ТҮЙГЕН ОЙ
Мемлекеттік тілді меңгеру — әрбір Қазақстан азаматының парызы әрі міндеті. Олай болса елімізде тұратын әрі Қазақстан азаматы саналатын әрбір өзге ұлт өкілі мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі және ауызекі сөйлеу тілін жетік меңгеруі тиіс. Бұл міндетті тек өз пәні бойынша білімі жетік, кәсіби біліктілігі жоғары, түрлі инновациялық әдіс-тәсілдер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген мұғалімдер ғана атқара алады. Осыны ескере, жас ...
Толығырақ »