Home » Author Archives: admin admin (page 1278)

Author Archives: admin admin

Жан жылуын сыйлаған қайырымдылық шарасы

Ағымдағы  жылдың 19 наурызында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және «Сыр мейірімі» қоғамдық әлеуметтік қорының бірлесе ұйымдастыруымен әлеуметтік жағынан қорғалмаған, көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық шарасы өткізілді.Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен көмекке мұқтаж отбасыларға қамқорлық жасау, көмектесу, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған игі шара барысында ...

Толығырақ »

МОЛ РУХАНИ АЗЫҚ АЛДЫМ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы республикалық курста біліктілігімді арттырудамын. Курс аясында тренеріміз Рысгүл Нұрова түрлі практикалық тапсырмалар орындатты. Солардың ішінде мен тылсым тарихын балбал тастарға мүсіндеген, рухани әлемін зергерлік әшекейлеріне күміспен күптеп, күйлерінің күмбірімен көмкеріп, жырларымен жиектеген, өткені өнегелі, бүгіні бай да, баянды, келешегі көңілге шалқар шабыт ұялататын, 362 әулие мен Пір ...

Толығырақ »

КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІМІЗДІ АРТТЫРДЫ

«Мұғалім рухын бірде-бір кітап алмастырмауы қажет және алмастыра алмайды да». Адольф Дистервег «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-дың ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы аясындағы «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы үш ай мерзімге жоспарланған біліктілік арттыру курсына қатысып, педагог ретінде ғана емес, адам ретінде мол рухани азық алдым. Дәрісханалық оқытудың бірінші кезеңінде «Жүректен жүрекке» «Сабақтағы ...

Толығырақ »

КӨШПЕЛІ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да өтіп жатқан «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы Республикалық курс аясында «Түрлі пәндерді тереңдеп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернат» базасында «Рухани-адамгершілік тәрбие — білім негізі» тақырыбында көшпелі әдістемелік семинар өтті. Семинарды мектеп директоры Ырысты Нұрбасинова мен тренеріміз Рысгүл Нұрова ашып, әдістемелік ...

Толығырақ »

БІЛІМІМДІ ШЫҢДАҒАН КУРС

2018 жылдың 19 ақпанынан бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсында оқып жатырмын. Мектеп әдіскеріне қайта-қайта барып осы курсқа қатысу жөнінде өтініш жасаған едім. Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетін 2017 жылы әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша бітіріп, Мұнайлы ауданының №1 орта мектебінде өзін-өзі ...

Толығырақ »

ТӘЖІРИБЕНІҢ МОЛ ҚАЗЫНАСЫНА ИЕ БОЛДЫМ

Мен сияқты жоғарғы оқу орнын бітіріп, мұғалімдік мамандыққа жаңа келген жас маман үшін ақпан айының он тоғызыншы жұлдызында бастау алған «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасы бойынша өткен «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» атты курс тәжірибе жинақтаудың бірден-бір мүмкіндігіне айналды. Тренеріміз Рысгүл Жұмажанқызы курстың алғашқы кезеңі «Жүректен жүрекке» бөлімінде бізге теориялық біліммен қатар практикалық ...

Толығырақ »

Қазақ тілін оқытуда жазылым дағдыларын дамытудың тиімді әдістері

Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мәселесі. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқу бағдарламасында тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым және әдеби тіл нормалары бойынша берілген оқу мақсаттарына жетуде мұғалім осы мәселеге назар аударады. Енді осының ішінде жазылым дағдысына келетін болсақ, қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасында оқушы 5 сыныпта – 150 — 200 сөз, 6 сыныпта – ...

Толығырақ »

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Коммерциялық банктер нарықтық экономиканың маңызды буыны болып табылады. Олардың қызметі мемлекеттің ақша айналымын үдерісінде басым бөлігін алады, капитал көздерін қалыптастыру үшін кеңейтілген ұдайы өндірісті қайта бөлу жолымен – мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын ұдайы өндіріс процесінің барлық қатысушылары ретінде пайдаланады. Сондықтан коммерциялық банктер ұлттың экономикадағы кәсіпорындар мен оның салаларында капиталдың көп бөлімін тиімді пайдалануда бәсекелестікті туындатады. ...

Толығырақ »

М.Монтессори: «еркін тәрбиелеу» педагогикасы

  2018 жылдың14 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы БҚО ПҚБАИ базасындағы жабдықталған М.Монтессори кабинетінде «М.Монтессори әдістемесі бойынша оқыту ерекшеліктері» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинарға аудан және қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері, педагог-психологтері, педагог-дефектологтері, барлығы 38 тыңдаушы қатысты. Семинар аясында М.Монтессоридің «еркін тәрбиелеу» педагогикасы, оның қағидаларына негізделген әр баланың табиғи даму аймақтарының ...

Толығырақ »