Home » Менің ұстазым » Ұстаздарым өзіме өнеге

Ұстаздарым өзіме өнеге

Күндердің күнінде Күлшәт  Еңсебаева маған телефон шалғаны есімде. Сол кездегі кішіпейілділік білдіргені таң қалдырды. Әңгімесін бастамас бұрын, ардагер ұстаз мазалағаны үшін менен кешірім сұрап, немересінің сабақ үлгерімі жайлы сұрамақ болды. Сөйлесу барысында, ол шешеме сабақ бергенін есіне алып, «қыз болсаңдар, Ләззаттай болыңдар», деген сөздерін есіне алды. Марқұм шешем жайлы жылы лебіз ұялатқан Күлшәт апайға алғысым шексіз.

Ал бір кездері Қадырбек Қажыбекұлы ұстазымыз айтқаны: «Мектепте мектеп жайлы ғана сөз сөйлеу керек» деген сөзін әлі күнге шейін үлгі тұтамын. Ол кісі мектептегі әрқилы жастағы ұстаздарды ұжымдастыра білген. Зейнеткерлік алды жасқа қарамай, Бәну, Дәмет, Медал апайларымыз мектепте өткізілетін сенбіліктерге белсене қатысатын. Сол сияқты Қазипа Рахымжанқызы мейірімді, қоңыр дауысты, сабырлы жанды атап өткенді жөн көрдім. Осындай әріптестер арасында еңбек етіп, тәлім-тәрбие алу мен үшін асқан бақыт.

Сонымен қатар, мектебіміздің ардагер ұстазы Қайрат Мұзапарұлы Әбенов «Баянаула» («Фолиант» баспасы, 2001) жинағын орыс тіліне аудару барысында, «Сколько веревочке ни виться…» ұғымынының дұрыс аудармасын жасауға жәрдемдесіп, ұмытылмас кеңес беріп, қарапайымдылық білдіргені жадымда сақталған. Тек соңғы жылдары мен үшін ол кісінің  орыс филология факультетінің түлегі екені мәлім болды.

Бір айта кететін жәй: 1990 жылдардың басындағы дағдарыста мұғалімдер 5-6 ай бойы еңбекақы ала алмаған. Сол кезде ұжымды таратпай, корпоративтік рухты көтере білген Өзіхан Сағындықұлын атап өтпеу мүмкін емес.

Мектебіміздің гимназия статусын алып қалыптасуына себеп болған Мұсабаев Жабай Жанәбілұлын қалай ұмытамыз!

Сөздің орайын келтіре айтарым: алдыңғы толқын — ағалар, кейінгі толқын — інілер – бұл ұрпақтар сабақтастығы, демек, ағаларымыз қалыптастырған дәстүрді ұжымымыздың  азаматтары «Рухани жаңғыру — болашаққа бағдар» қағидасын жалғастыруда.

Адылханова Айгуль Алпысбесовна,
Павлодар облысы Баянауыл ауданы
Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру
мектеп-интернатының орыс тілі
мен әдебиетінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.