Home » Жаңалықтар » Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл!

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл!

1-ші күн.
Тұңғыш президентіміз Елбасы Н.Ә Назарбаевтың «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатымен Облыс әкімінің қолдауымен және Түркістан облысы адами әлеуетін дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 17 маусым күні Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Түркістан көмекші мектеп интернаты базасында Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Облыс тарихы » атты 5 күндік керуен — шерудің ашылу салтанаты өтті.
Аталған іс-шараға облыс қарамағындағы 16 ауданнан 160 қа жуық (6,7,8 сыныптар) оқушылар келді.
Керуен- шерудің негізгі мақсаты «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жетік меңгерту арқылы ел тарихы мен мәдениетін таныстыру, Қазақстан республикасының негізгі құндылықтарын зерделеуге көмектесу , облыстың табиғи, мәдени тарихи мұраларын дәріптеуге және тарихи естеліктерді сақтауға баулу ,өз пікірлерін әңгімелеп беру арқылы коммуникативтік қабілеттерін қалыптастару, өз ауылының мәдени мұраларын білуге құштарлықтарын арттыру;
Оқушылардың жазғы демалыстарын үнемді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстануға баулу болып табылады.
Керуен — шеруді облыстық адами әлеуетін дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Садықова Ардақ Мәдіханқызы арнайы келіп салтанатты шараны ашып беріп оқушыларға сәттілік тіледі. Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Абай Сәдібекұлы,
«Білім айнасы» Түркістан облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.