Home » Ашық сабақтар » A trip to London. Жолдығалиева Айнамкөз Аманқосқызы

A trip to London. Жолдығалиева Айнамкөз Аманқосқызы

Лондон еліне саяхат

Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, олардың Лондон туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, адамгершілікке және өзге мемлекеттің тілін, салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, Ұлыбритания мемлекетінің тарихи орындары, суреттер.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып амандасу.

Мұғалім: Good morning, children! How are you? I am glad to see you!

Балалар, көңіл күйлерің қалай? Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызбен амандасып алайық. Балалар, бүгін күніміз өзгеше өткелі тұр. Өйткені біз Лондон қаласына саяхатқа шығамыз. Ал Лондонға үлкен кемемен барамыз.

Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз? Мемлекетіміздің астанасы қай қала? Жарайсыңдар, балалар!

— Сіздер Қазақстан қалаларына саяхаттап көрдіңіздер ме? Кім қай қалаға саяхаттап көрді? Ал шет елге саяхаттап көрдіңіздер ме? Ендеше, менімен бірге шет елге Ұлыбритания мемлекетінің астанасы Лондон қаласына саяхаттауға шығайық. Олай болса, көзімізді жұмайық. Лондонға үлкен кемемен саяхаттаймыз.

(Интерактивті тақтада кеменің суреті мен теңіздің даусы шығады)

(Интерактивті тақтада Лондонның суреті). Балаларды мистер Джеимс қарсы алды.

Mr. James: Hello children! Welcome to London! My name is Mr. James. Where are you from?

Балалар: Thank you Mr. James. We are from Kazakhstan!

Mr. James: Tell me, please what is your name? (аттарын айтады)

Mr. James: How old are you?(жастарын айтады)

Do you know poems about motherland?

Бала: My motherland,she’s so beautifull and bright

She gives me home, a shelter and light.

And we are proud of her history

Full of struggle and victories. (Бекзат)

Бала: Mother eart 2

It’s a great place to be

Mother eart 2

Home planet for you and me. (Айдана,Амалия)

Би: «English man in New York» (АбылайханҚасымхан,Манас,Бейбарыс)

Mr. James: Very good, you are clever children. Children to me it is time to go. Good bye!

Мұғалім: Балалар,біз Лондонда саяхаттауымыз үшін Лондонның ежелден келе жатқан бүкіл әлемге танымал, әдемі автобусына отырамыз. Бұл автобус тек Лондонда бар. Қандай әдемі, екі қабатты автобус. (интерактивті тақтада автобустың суреттері көрсетіледі).

-Біздің жүргізушіміз Mr Bill де келіп қалды!

Mr Bill: Hello children! Welcome to our city! My name is Bill. How are you?

Балалар: Hі, Mr Bill! We are fine, thanks.

Мұғалім: Балалар,мистер Билл бізді Лондонның әдемі,көрнекті жерлеріне қыдыртады. Жүріңдер балалар,саяхатымызды бастайық.

Балалар автобуста отырып, «The wheel on the bus» әнін айтады.

Экскурсовод: Hello children! My name is Mrs Taylor. Бүгін мен сіздерді Лондон қаласымен таныстырамын. Мұқият тыңдап, қарап отырайық.

Мынау Биг-Бен-Лондондағы биік сағат мұнарасы. Оның биіктігі 96 метр. Балалар, Биг-Беннің төбесіндегі сағатты ағылшынша қалай атаймыз?

Балалар: «Clock!»

Экскурсовод:

  • Балалар, мынау – Тауер Бридж. XI ғасырдағы король қорғаны. Лондонның ең тамаша да қызықты орындарының бірі.
  • Мынау-Виндзор қорғаны. Әлемдегі ең ірі қорған. Бүгінгі күнде бұл жер королева II Елизаветаның ең сүйікті қала шетіндегі резиденциясы.
  • Мынау-Оксфорд университеті. Бүл-Лондондағы атақты, ірі университеттердің бірі.
  • Келешекте сабақтарыңды жақсы оқыңдар, Оксфорд университетінде білім аласыңдар.
  • Мынау-Блэнхейм резиденциясы. Англияның ең көрікті саналатын Мальборо герцогтарының резиденциясы.
  • Мына ғимарат-Лиидс қорғаны. Бұл нағыз адам аяғы баспайтын ортағасырлық қорған. Қорғанның көзге түсе бермейтін саябақтары бар, оның жан-жағы су толтырылған ормен қоршалған. Оны жиі Корольдар Қорғаны деп атайды.
  • Мынау- Британия мұражайы. 2 миллион жылдық адамзат тарихы жиналған дүние жүзіндегі өте керемет мұражай!
  • Келесі ғимарат – әлемдегі ең биік «Лондон жанары» шолу дөңгелегі. Биіктігі-135 метр. Алып шолу дөңгелегінде 32 кабина орнатылған. Әр кабинаға 25 адам міне алады. Шолу дөңгелегінің айналу уақыты-30 минут.
  • Балалар, мынау – бүкіл елге танымал ғимарат Букингем сарайы.

Бала: Апай,мистер Джеймс кетіп бара жатыр!(балалар мистер Джеймсті шақырып алады).

Mr James: Hello children! How are you? I am glad to see you!

Балалар: Hi Mr James. We are glad to see you, too!

Mr James: How did you spend your time in London? What buildings did you see?

Балалар: We saw a clock Big Ben, Tower Bridge, British museum,London Eye.

Мұғалім: Балалар,біз білмейтін әлі көп нәрсе бар.Лондонда неше түрлі мұражайлар бар екенін білдік.Енді Лондондағы зоопаркті көзім шалып қалды,қане зоопарктің ішін аралап көрейікші. (слайд)

-Ендеше жан-жануарларды көрдік,ағылшынша тақпақ айтайық.

-Do you speak English on your lessons?

Балалар: Yes,we do.

Mr James: Do you know poems about animals?

Балалар: Yes,we do.

Балалар тақпақтарын айтады.

Puppy.

Puppy, puppy, come to me,

Let us play under the tree.

My cat.

Nickety, picket,my black cat!

Likes to sit in my blue hat.

Nickety, picket,my black cat!

Goldfish.

Goldfish, goldfish

Swimming all around

Goldfish, goldfish

Never makes a asound.

Pretty little goldfish

Never can talk.

All it does is wiggle

When it tries to walk!

The Squirrel.

Whisky. Frisky.

Hippity hop.

Up he goes

To the tree top!

Whirly, twirly

Round and round

Down he scampers

To the ground.

Mr James балаларға Лондонның әдемі жерлерінің суретін естелікке сыйға тартады.

Балалар қоштасып, балабақшаға оралады. Интерактивті тақтада кеменің суреті мен теңіздің дауысы шығады. Балаларға саяхат туралы сұрақтар қойылып, жауап алынады.

Мұғалім: -Балалар, Лондон туралы ән айтайық.

Балалар «London Bridge» әнін бірігіп хормен айтады.

-Осымен біздің күніміз жақсы өтті деген ойдамын. Қонақтармен қоштасайық, балалар!

Жолдығалиева Айнамкөз Аманқосқызы,

№ 22 «Еркетай» балабақшасы

Ағылшын тіл пәні маманы

Атырау қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.