Home » Жаңалықтар » Ел таңдаған Елбасы

Ел таңдаған Елбасы

          2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының парламент сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР заңына толықтыру енгізу туралы ҚР заңы қабылданған болатын. Яғни, дәл сол уақытта 1 желтоқсанды Қазақстанның Республикасының Тұңғыш Президенті күні етіп белгіледі.

Тәуелсіздікті армандаған бабаларымыздың тілегі 1991 жылы қабыл болып, 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті болып сайланған еді. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол жылы Н. Назарбаев 88,2 пайыз дауыс берушілердің 98,7 пайыз дауысына ие болған еді.

Осыған орай «Қақпақ» жалпы орта мектебі кітапханасында «Ел таңдаған Елбасы» тақырыбында көрме жасалынды. Көрмені барлық оқушылар, кітапхананың тұрақты оқырмандары көрді. Көрмеге келген оқырмандарға Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірінен, қызмет жолынан, реформаларынан қызықты сұрақтар қойылып, жарыс ойындар ұйымдастырылды. Оқырмандарға Елбасымыздың жүріп өткен жолын таныстыру мақсатында презентация жасалынған болатын. Презентацияда Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны, атқарған қызметі мен лауазымы, отбасылық жағдайы, сонымен қатар, қазіргі таңдағы Елбасы атымен аталатын оқу орындары, олимпиадалық жарыстар, саясаты және реформалары, Қазақстан халқына Жолдауынан үзінділер көрсетілді.

   

Абуева Жанерке,

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы

                                «Қақпақ» жалпы орта мектебінің кітапханашысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.