Home » Сценарийлер » Шагирбаева Жулдыз Алмасхановна

Шагирбаева Жулдыз Алмасхановна

Шагирбаева Жулдыз Алмасхановна

Оңтүстік Қазақстан облыстық

үш тілде оқытатын мамандандырылған

 №1 мектеп-интернатының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Сыныбы: 7-8

Мақсаты: оқушыларды өз бетінше ізденуге, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.Әдеби шығармаларды талдай білуге, ой-өрісін, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Шығармашыл белсенді тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, слайд, бейнебаян.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, математика, тарих

Түрі: зияткерлік ойын.
Жүргізуші сөзі:
— Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, тілі дамыған,
Үлгі алайық балалардан!
– Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі жастар — халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын,білімге қызығушылығын арттыратын «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты сайысымызға қош келіпсіздер!

Сайысымыздың беташарын бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Таныстырсын сайыскерлер өздерін,

Өнерлеріне ду қол соғып қостайық!-дей келе 7-8» сынып оқушыларын ортаға шақырып,

сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алайық!
Ал ендеше, сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1. «Алғырлар» тобы
2 .«Тапқырлар» тобы
3 .«Болашақ» тобы

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділ қазы ортамызда,

Оларға құрметпен қол соғылады- деп, сайыскерлерімізді бағалайтын, шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Жетенова Г. – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
    2. Сингириди А. – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
    3. Тұрысбек Г. – математика пәнінің мұғалімі
    Әділ қазыға әділдікті,

Сайыскерлерге тек сәттілікті тілейік!

Бүгінгі интеллектуалды ойын 7 бөлімнен тұрады:
I “Таныстыру”
II “Ұшқыр ой”  (сұрақтар)
III “Құпия сандық” (жұмбақтар)
IV “ Ойлан тап ” (шығармадан үзінді)                                                                                                                                                                   V Үй тапсырмасы: «Сахналау»

VI «Ойлы болсаң озып көр»  бейнесұрақ                                                                                                                                                                                                      VII «Қас – қағым сәтте» (өлеңдер шеруі)                                                                                                                                                           
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек -деп сайысымыздың 1-бөлімін бастаймыз.
І айналым. Таныстыру. Сайысқа қатысушылар өздерін таныстырады.

Өз ойыңды ашық айтып ,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
II айналымды  бастаймыз. «Ұшқыр ой»
Әр топқа  сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек.
«Алғырлар» тобына:

1.Ы.Алтынсарин қазақ қыздарына интернат ашқан қала? (Ырғыз)

  1. Әйтеке Байбекұлы қай жылы, қай айда қандай жерде дүниеге келді? (1644ж 23 наурызда Өзбекстандағы Қазбибі  тауының етегінде дүниеге келген.)
    3. Сын есімнің түрленуі дегеніміз не? (көптелуі, септелуі, тәуелденуі)
  2. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 1991 ж
    5. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Оларды ата (7-ге, олар: мекен, мезгіл, себеп- салдар, қимыл-сын, мөлшер, күшейткіш, мақсат)
    6. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (жұрнақ)
    7. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)
    8. Жас Ыбырай Алтынсарин кімнің қамқорлығында болды? (Балғожа бидің)
    9. Теңеу дегеніміз не?(көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші бір затпен, құбылыспен салыстырып бейнелеу )
    10) 1879 ж. Ы.Алтынсарин қай облыстағы мектептің инспекторлығына қызметке тағайындалды? (Торғай)

«Тапқырлар» тобына                                                                                                                                          1.Көмекші есім дегеніміз не? (лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде қолданылатын сөздер )
2.Қазақ дәстүріндегі шешендік сөздер нешеге бөлінген? (шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау)

3 Түбір дегеніміз не? (бөлшектеуге келмейтін сөз)
4 . «Бес арысты» ата (Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов).

  1. Етіс дегеніміз не? ( іс-қимыл мен оны орындаушының арасындағы қатынасты білдіреді.)
    6. Жаңа әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)
    7. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз? (дыбыс)

8.Шешендік сөз дегеніміз не?  (Даналық сөз)

Ы.Алтынсарин  нешінші жылдары Балғожа бидің хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды? (1857 ж.)
9.Метафора дегеніміз не?
10.«Қозы Көрпеш  Баян сұлу» жырындағы зұлымдық иесі: (Қодар)

 

«Болашақ» тобына:

  1. Жүз жасаған ақын? Ж.Жабаев
    2. 14 жыл билік жүргізген Ташкентте атасы Жүніс ханның жанында жерленген шешен биіміз (Төле би)                                                                                                                                                        3.Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз? (дыбыс)
    4. Шылау дегеніміз не? Түрлерін ата.( сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын және өзі тіркескен сөзге қосымша мағына беретін көмекші сөз. Септеулік, жалғаулық, демеулік)
    5. Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздерді не дейміз ? (табу)
    6. «Үш бәйтеректі» ата. (Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин)

7 .Қосарлану, қайталану арқылы жасалған сын есімдер қалай жазылады? (дефис арқылы)                                                                                                                                 8 Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
9. Жаңа әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
10 .Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз. ( Барыс, табыс, жатыс)
ІII айналым «Құпия сандық»
Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша ағылшын тілдерінде) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.
(Слайдпен көрсету, оқушыларға оқыту)
     I топ

1.Қылт- қылт етеді

Үйге  кіріп кетеді (кілт) ключ — key

2.Жайдақ торым баяғы

Ұзақты күн мінгенде

Тыпырлап төрт аяғы

Тұрады бір жерде  (орындық) стул — chair

3.Өзі жап- жас мұрты бар

Ет пен сүтке ұмтылар (мысық) кошка — cat

4.Қасақанасы қылтылдап,

Көзқарасы жылтылдап,

Ұзын ұзын ұз келер,

Ұзын бойлы қыз келер (су) вода — water

5.Арыстан ақырады

Айнала жарқырады  (Найзағай) молния — thunderstorm

II топ

6.Күн бойы тіл қатпайды,

Қол шалғыны өкшелеп.

Шапқан шөпті құрғатпай

Жыйнайды бұл дестелеп.  (Тырма) грабли — rake

7.Қырға шықтым бүгін мен,

Астау мініп үйімнен,

Жүйткиді қос күрекпен

Сабасам қос бүйректен (Қайық) лодка — boat

8.Өзі домалақ, өзі қызыл

Бұтақта өседі

Үлкенде, кішіде

Оны сүйеді

Алма – яблоко — apple

9.Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.

Тетрадь – дәптер — notebook

  1. Әй, керемет бір ит бар
    Үй бағады үрмейді.
    Аяғы жоқ жүрмейді.
    Рұқсатсыз ол иттен
    Ешкім үйге кірмейді. (құлып – замок — lock)

Ш топ

  1. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа — school)

12 Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква — letter)
Тілі бетінде тұр

Сөзі ішінде тұр (Сағат) часы – clock, watch

  1. Әттең, даусым, тілім жоқ,
    Құшағымда білім көп. (кітап – книга – book)
    14. Жоқ аяғы, жоқ қолы

Жұрттың бәрін сілкілейтін көкдолы (Жел) ветер – wind

15.Ерке ару биікте,

Көзін  қысып шақырар

Бүгін таңда келмесең

Кетемін деп отырар (Жұлдыз) звезда – star

ІV айналым «Ойлан, тап»
Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр топқа 3 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу.

1-топ
1. Кей адам әдет қылған киікті атып,
Мүйізін пайда қылып шетке сатып.
Сандалған бір киікке ұшырастым,
Бір жылы бетпақ шөлде келе жатып.
(«Ақсақ киік» өлеңі. С.Сейфуллин)
2. Бұлақ басына қойған таста «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ» деп жаздық.
«Бір кесе меруерт». Ш.Құдайбердіұлы)
3.Шынында да бұл күнде Аян қайда екен?Тірі ме екен? Ондай бала тірі
болуы тиіс.Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді.Ал тірі болса ,
Жусанды төбеге бір оралмауы қалай?!Жусанның иісін сағынбауы мүмкін
емес қой. ( Жусан иісі. С.Мұратбеков)
2-топ
..-Иә, Қызыл Жебе, Сахалин тым-тым алыс. Әрі десе, міне, біздің жылы жаққа да қыс түсейін деді. Ал, Сахалинде қазір қақаған аяз. Ондағылар ит жеккен шана мініп жүреді.- Ол қайтадан картаның алдына барды.( Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар)

  1. — Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, — хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады (Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).
    3.Колхоз басқармасының бастығы Күлзайра дейтін әйел , қара бөкебайды басына тұмшалап  орап,  тымырайып отыратын адам.  Сирек сөйлейді.  Сөйлегенде  дауыс зілді , ашық шығады.  Қай шығарадан алынған, авторы кім? (Бейимбет Майлин. «Даудың басы  Дайрабайдың көк сиыры»)

3- топ

1.Уәде қылып келіп пе ең,

Сөйлесем деп осы жерге,

Жалғыз атты жолаушы,

Аулақ менен көш жерге.

Құрбыңды іздеп тауып ал,

Жас қыз сөзіңді естер ме?

(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу» «Құдай жазса сені алармын деп, Уәде беру»

2.- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, — деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)
3.- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, — хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім
Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып

V айналым. Үй тапсырмасы: «Сахналау»  Би-шешендердің өмірінен қысқаша көрініс қою.

VI айналым.  «Ойлы болсаң озып көр» бейнесұрақ (үш тілде)
Әр топқа  логикалық 3 тапсырмалар беріледі.
Берілген тоғыз ұяшықтан біреуін таңдап, сол сұраққа топ пен ойласа жауап беру.

1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2.Ағаш үстінде 10 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).
3.How many letters are there in English alphabet? Which of them are the vowels, spell them? (26 letters, 6 letters – are vowels: A,E,I,O,U,Y)

4.What countries are situated in Great Britain? (England, Wales, Scotland, Northern Ireland)

5.Соғдылардың  Түркістан мен Жетісуға  қоныс аударуы саудаға байланысты деп  айтқан зерттеуші кім?   (Бартольд)

6.Батыс түрік  қағанатында  қарапайым  халықты қалай  атаған?  (Қара бұдандар)

7.Ақынның сезімін, көңіл күйін, қуанышы мен сүйінішін,арман аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр қып шертетін өлең   түрі не деп аталады? (Лирика)  (Лириканың түрлері:    саяси әлеуметтік лирика.  Махаббат лирикасы  табиғат лирикасы)

8.Өлең жырларда  тармақтың соңындағы  бірнеше буынның  келесі тармақтардың  буындарымен үйлесуі деген не? (Ұйқас. Қара өлең, шұбыртпалы,ерікті,кезектес, шалыс, егіз,аралас ұйқас)

VII  айналым. «Қас қағым сәтте» деп аталады. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін жатқа айту.

Сонымен, бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті. Олай болса, сайысымызды қорытындылау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жүргізуші сөзі: Интеллектуалды ойынға қатысып,  жеңіске жетулеріңізбен құттықтаймыз! Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.