2016 жылдың 29 қазанында Панфилов ауданы, Х.Хамраев атындағы пилоттық орта мектепте «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы Мухамадиева М.Н. «Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда оқушылардың шығармашылығын арттыру жолдары» атты облыстық семинар ұйымдастырды.
Семинар мақсаты: Жаңартылған бағдарлама бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру, және кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бұл іс-шараға Талғар, Ұйғыр, Енбекшіқазақ, Панфилов аудандарынан 60-тан астам бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Жоғарыда аталған аудандардан Айсарова Г.А.- Талғар ауданы №21 орта мектебінен, Турдиматова К.А., Хизирова С.А.- Еңбекшіқазақ ауданы И.Таиров атындағы орта мектебінен, Ибрагимова М.М.- Ұйғыр ауданы Ғ.Садвакасов атындағы орта мектебінен, Кутлукмаметова К.З.-Панфилов ауданы Б.Назым атындағы орта мектебінен, Машурова З.С., Разиев Б.З., Касымова К.Д., Исамдинова А.А. Башымкулова Ж.М., Авахриева Р.У., Машуров А.Б — Панфилов ауданы Х.Хамраев атындағы орта мектебінен келіп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік сыныптарын өткізді, ашық сабақтар көрсетті.
Атап айтсақ, «Білім беру мазмұнын жаңарту – уақыт талабы», «Жаңалыққа бастаған жаңа бағдарлама», « Оқыту мен оқуды жетілдірудегі формативті бағалаудың маңыздылығы», «Оқыту үшін бағалау-оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал», «Бастауыш сыныптарда жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі», «Жаңартылған бағдарлама білім сапасын арттыру негізі», «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кіріктірілген пәндерді оқытудағы өзекті мәселелер» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. «Өлшем бірліктерін талдау», «Ғ,қ әріптерінің жазылуы», «Менің отбасым» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті.
Панфилов ауданы, Х.Хамраев атындағы пилоттық мектеп бастауыш сынып ұстаздары жаңартылған бағдарлама аясында жаңа форматта өткізген ашық сабақтарында пайдаланған тиімді әдіс – тәсілдеріне баса назар аударып, шеберліктерін көрсете білді. Жаңа әдіс-тәсілдерді, стратегияларды
пайдаланып, әріптестерінің ықыласына бөленген мұғалімдер семинар мақсатына жеткенін көрсетті.
Семинардың нәтижесі бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы Мухамадиева М.Н қорытынды шығарды. Іс-шара соңында қатысушылар семинарды ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Облыстық семинар қорытындысы бойынша белсене қатысқан ұстаздар «Құрмет грамотасы», «Алғыс хат» және сертификаттармен марапатталды.
«Басқару және білім сапасы»
кафедрасының аға оқытушысы
Мухамадиева М.Н.