Home » Поэзия » Ишанова Алма Мұратқызының өлеңдері

Ишанова Алма Мұратқызының өлеңдері

2333Ишанова Алма Мұратқызы
Астана қаласы ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы РМК-ның
І санатты тәрбиешісі.

14 қараша 1970 жылы Батыс Қазақстан облысы Бөкей Орда ауданында дүниеге келді. Орал педагогикалық училищесін 1990 жылы бітіріп мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеші болып жұмыс жасайды. Жастайынан жаны өлеңге құмар. Өлеңдері аудандық газет беттерінде жарық көрген.


Асыл сөз

Ең қымбатты асыл мұра «Сөз» -деген,
Үйренумен үйретуді көздеген.
Сен өмірге келген кезде жырланған,
Бесік жыры, әлди жыры бұл деген.

Көркем сөздер көмейіңнен төгілсін,
Мақал-мәтел, өлең болып өрілсін.
Кейінгі сен ұрпағыңа қалдырар ,
Асыл сөздер кітап болып тігілсін.

Балабақша балалардың өз үйі,
Анасындай мәпелейміз біз оны.
Бала деген жас шыбық қой егілген,
Мәпелесең бойын түзеп гүлдейді.

Асыл сөзбен нұр құямыз жанына,
Балауса гүл өсіп тұрған бағыңда.
Мақал-мәтел, өлеңдермен сусындат,
Жемісі оның жетер саған, оған да.

Туған күніңмен!
«Қарлығаш»

Тола берсін арнасы әнге,
Қуаныш пен көңіл сәнге.
Балабақшам «Қарлығашым»,
Толды беске.
Балабақшам – бақыт үйі,
Шаңырағы – шаттық күйі.
Сыңғырлаған тәтті күлкі,
Сәбилердің сыйы.
Жас тал өсіп мәуелейді,
Бәйтерегің бой түзейді.
Ата-аналар сенім артар,
Сәбилердің үйі.

Тәрбиеші тілегі

-Қоштасар сәт келді бақшамен,

Көп жылдар бір болған достармен.

Мұнайма, сені алда күтіп тұр,

Мектеп-ана, ұстаздар.

Сәт- сапар, бүлдіршін!

Өмірде жол болсын!

Қуаныш, бақытпен, жүрекке жыр толсын!

Тәрбиеші тілегін қабыл аларсың.

Есейіп еліңнің, азаматы боларсың.

Сәби тілек.

Асыл анашым,

Қамқоршыл панамсың.

Сен барда өмірде,

Шаттанар балашың.

Бақшаға барамын ,

Қоштасып қаламын ,

Келгенше сен кешке,

Сағынып қаламын.

Бүгінгі мейрамың,

Қуаныш сыйласын

Тілерім сол ғана

Аман болшы анашым.

Құттықтаулар

Бақыт апай бақшаның

Барлық қамын жасадың .

«Алмагүлдей» бақшаны ,

Қимай кетіп барамын.

Айгүл апай әр дайым,

Бала қамын ойлаған.

Екінші анам дей алам

Маған ақыл сыйлаған.

Жанар апай жанашыр,

Бақшада салдық біз асыр.

Қабақ шытпай жинайды,

Бізге қуаныш сыйлайды.

Іш ауырса емдеген,

Біздер үшін терлеген.

Ольга апай абзал жан,

Дәрумен мен емдеген.

Тамағы тіл үйірген,

Тәтті тоқаш пісірген,

Наташа, Алтын апайлар,

Шебер қолды аспаздар.

Он саусағы өнерлі,

Наталия апай шеберді,

Тігіп бізге ертегінің

Киіпкерін береді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.