Жаңа адамды – жаңашыл мұғалім ғана тәрбиелейді.
Н.Ә. Назарбаев
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында «бізге экономиканы және қоғамдық өмірді жаңа сатыға көтеру қажеттігіне сай осы заманғы білім беру жүйесі керек» деп баса айтқан болатын. Бүгінде жан-жақты қарыштап дамыған мемлекеттердің тәжірибелерін алып қарасақ, олар ең алдымен, келешек ұрпаққа кәсіби бағдар беру мен кәсіпалды даярлық мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін байқаймыз.
Білім беру жүйесіндегі басты тұлға – мұғалім. Оның басты міндеті –әлемдік деңгейдегі үлгілерден тәжірибе ала отырып, ұлттық менталитеттен алшақтамай, заман талабына сай шәкірт тәрбиелеу.
Осы бағытта, бірнеше мәселелерге назар аударуымыз қажет: бүгінгі таңдағы педагог мамандар санының азаюы мен осы мамандықты таңдайтын түлектер санының тапшылығы және мектептердегі білікті маман мұғалімдердің жетіспеуі. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, білім гранттарының басым бөлігі педагогикалық мамандықтарға бөлінуде. Олай болса, неліктен жоғары сынып оқушылары арасынан саусақпен санарлығы ғана мұғалімдік мамандықты таңдайды? ЖОО-ның басшылары және оқушыларды кәсіби бейімдеу бағытында жұмыс істеп жатқан орталықтардың педагогтері осы ауқымды мәселені баспасөз бетінде талқылағанды жөн көрдік. Сонымен «түлектерді мұғалімдік мамандыққа қалай тарту керек? Мамандар пікірі не дейді?
Профессиональный выбор и престиж педагогической профессии
Жанбол Октябрович Жилбаев,
Президент Национальной академии
образования им. Ы.Алтынсарина
К 2020 году ожидается, что численность школьников увеличится на 25 тысяч детей. Это, безусловно, потребует не только расширения инфраструктуры образования страны, но, прежде всего, специальной стратегии обеспечения педагогическими кадрами. Следует помнить, что нехватка педагогических кадров уже сегодня является одной из сложных проблем общего образования. Усугубляется ситуация еще и тем, что в настоящее время более 20% учителей находятся в пенсионном или предпенсионном возрасте. Таким образом, потребность в школьных учителях сохранится.
Следовательно, нужны кардинальные меры по совершенствованию системы профориентации молодежи на педагогические специальности, совершенствование системы подготовки учителей, которая требует не только специального отбора абитуриентов, но и постоянную поддержку начинающих педагогов, а также создания условий для их последующего профессионального развития.
В данной ситуации усиливается роль профориентационной работы среди учащихся школ со стороны сотрудников вузов и колледжей, осуществляющих подготовку педагогических кадров. Данная работа осложняется тем, что в нашем обществе профессия учителя не входит в первую десятку престижных профессий, однако является одной из самых массовых. Но пока набор студентов на педагогические специальности вузов будет осуществляться по остаточному принципу, никаких подвижек не произойдет. Очень важно, чтобы статус студента педагогических специальностей был выше других. Его стипендия должна быть повышена как минимум до прожиточного уровня. Логичным представляется в этой связи повышение проходного балла на государственный грант по педагогическим специальностям.
Ясно, что необходима поддержка социального характера: Но ясно также, что недостаточны меры по повышению заработной платы. Необходимо добиться перелома в отношении к труду учителя со стороны родительской общественности, социума, в целом. Необходимо добиться признания приоритетности образовательной сферы перед другими составляющими социальной инфраструктуры.
Нужно организовать целенаправленную работу по социальной рекламе профессии учителя, сделав ее модной и престижной.
В целом, назрела необходимость в разработке принципиально нового подхода к профориентационной работе среди школьников, когда ее следует начинать не только в старших, предвыпускных и выпускных, классах, а много раньше. Помимо профориентационной работы среди школьников необходимо также повысить качество подготовки будущих педагогов, повышения их профессиональной квалификации, оказывать постоянную поддержку молодым педагогам в плане их профессионального роста и карьерного продвижения.
Оқушыларды педагогикалық мамандыққа баулу үшін не істеу керек?
Басира Казбековна Утемуратова
№5 ЖББОМ директоры және
ҚМУ Ресурс орталығы
Қазіргі уақытта білім ошақтарында мұғалім мамандар тапшы болып отыр. Оның басты себебі – мұғалімдердің жалақысының аздығы екендігі де жасырын емес. Сонымен қатар елімізде «мұғалім» имиджінің қалыптаспауы да бар. Олай дейтініміз, «дәрігер» сөзі айтылғанда көз алдымызға бірден ақ халатты абзал жан елестесе, «ұстаз» сөзі тілімізге оралғанда, қағазбастылық пен оқушылардан әбден қажыған жан бейнесі көз алдымызға келеді. Ащы да болса, шындық. Жаңашыл ұстаз тек жаңа білім беру технологияларынан ғана хабардар емес, сырт келбетімен де оқушыға «әттең, қашан ұстазымдай болар екем» деген арман мен қиял тудырарлық бейне болуы керек. Бұл – заман талабы. Осыны әрдайым ескеруіміз керек.
Мектеп бітіруші түлектердің тоқсан пайызынан астамы педагогикалық мамандықтарды таңдамайды. Елімізде мектеп түлектерінің ғана емес, педагогикалық жоғары оқу орындарын тәмамдаған дайын мамандардың да мұғалім болуға құлшыныстары жоқ. Өйткені, көпшіліктің қызығушылығы – ең алдымен, табыс көлемі немесе бүгінгі таңда «мәртебелі» (престиж) мамандықтарға басымырақ болады. Мамандық таңдауда – «қалаймын», «қолымнан келеді» және «қажет» деген ұстанымды ұстанатындар өте аз, сол себепті, еңбек нарығын терең сүзгіден өткізіп, заман сұранысына сай мамандық таңдау қажет. Алайда сол нарық сұранысына сай мамандықтар мемлекет тарапынан да қолдауға ие болып, мамандарды тарту нәтижелі болатындай жағдайлар жасалуы тиіс.
Мектепте мұғалім мамандардың тапшылығы оқушының білім деңгейіне де өз көлеңкесін түсірмей қоймайды. Мұндай жағдайда жалғыз мектеп қана емес жоғары оқу орындарымен де бірлесе жұмыс жасаған абзал. Осы мақсаттағы өз тәжірибемізді айтар болсақ, біз – №5 ЖББОМ Ресурс орталығы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетімен бірлесе отырып, түлектерді педагогикалық мамандықтарға бағыттау, аталған жоғары оқу орнында білім алып, әрі қарай жұмыспен қамтылуы туралы екіжақты келісімшартқа отырдық. Түрлі экскурсиялар, жоғары сынып оқушыларының жаңашыл педагогтермен кездесулерін ұйымдастырамыз, оқушыларды университеттегі дәстүрлі шараларға, ашық есіктер мен түрлі конкурстарға қатыстырып, жоғары сынып оқушылары мен студенттердің бірлескен шығармашылық жобалары, апталықтар, т.б.
Ресурс орталығында бірнеше жыл қатарынан Алматы қаласының Қыздар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті мектеп бітіруші түлектер арасында республикалық деңгейде «Ы.Алтынсарин» пәндік олимпиадасын өткізіп келеді. Педагогикалық мамандықтарды игеруге бағытталған бұл пәндік олимпиада мектеп бітіруші оқушылардың арасында келешек ұстаздық мамандықты таңдаушыларды анықтауға, олармен жекелей жұмыстар жүргізуге көп көмегін тигізеді.
Бүгінде бейіндік оқыту негізінде Ресурс орталығы жағдайында арнайы бейіндік курстар бар. Осы бағыт бойынша Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «Кәсіби оқыту» кафедрасымен бірлесе отырып, оқушыларды кәсіптік оқыту бағыты бойынша кәсіби бағдар жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Оның да өзіндік педагогикалық бағыты бар. Олай дейтін себебіміз, аталған кафедра түлектері бейінді арнайы курстарды жүргізетін маман-оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша білікті лаборанттар болып жұмыс жасай алады. Бұл аталмыш мамандар – бүгінгі еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтар.
Сонымен қатар, жыл сайын Ресурс орталығында Елбасымыздың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауы аясында мектеп бітіруші түлектер үшін Көрме – Жәрмеңке ұйымдастырылып жүр. Мұндай шараның ең басты артықшылығы – оқушылар ЖОО мен колледждер туралы, мамандықтар жайлы мағлұматтар, оқу орнын бітіргеннен кейінгі жұмыспен қамтылу жайлы нақты ақпараттар ала алады. Білім және ғылым министрлігінің статистикасына сүйенсек, жоғары оқу орнын тәмамдаған түлектердің 50 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрады екен. Сонда қалған 50 пайызы жұмыссыз болса, үкіметтің бөлген гранттары мен ата-ананың баланы оқытуға жіберген қаражаты желге ұшқанмен бірдей деген сөз. Ал, мұғалім мамандарға деген нарық сұранысы ешқашан азайған емес. Себебі, қоғамдағы кез-келген мамандық иесі ең алдымен ұстаздардың алдынан өтеді. Білім саласына қатысты түрлі бағдарламалар қолға алынғанда ұстаз ұғымы да шет қалмаса екен деген тілек бар.Қоғамда мұғалімнің мәртебесі көтеріліп, абыройы асқақтаса оқушылардың да мұғалімдік мамандықты таңдаудағы мәселелері өз кезегімен оңтайлы шешімін таба берері анық.
Жақсы кадр – мемлекетіміздің болашағы
Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің ректоры
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі мен біліміне мықты көңіл бөлінуі қажет. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғамның, халықтың болашағына үміт артатын сенімді өкілі. Сол себепті осы салада жақсы кадр дайындауға ат салсуымыз қажет.
Қазақстанның барлық облыстарында мектеп бітірушілерге арналған кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Университетте кәсіби бағдар жұмысын жүргізетін арнайы ЖОО дейінгі білім беру мен Мансап бөлімі жұмыс жасайды. Қыздар университеті Алматы қаласы білім басқармасымен және «Современное образование» қоғамдық қорының ұйымдастырумен Алматы қаласы мен Алматы облысы мектептерін аралап, кәсіби бағдар жұмысын жүргізеді және бұл жұмыс жыл бойы жалғасады.
Қыздар университетіндегі кәсіби бағдар жұмысының ең ауқымдысы – бұл дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Ы. Алтынсарин -2017» пәндік олимпиадасы. Республикалық олимпиада еліміздің мектеп бітірушілері арасында қабілетті, дарынды оқушыларды қолдау, зейінді, зеректі, ынталы, білімді жастарды ұрпақ тәрбиесіне, ұстаздық жолға ынталандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі. Олимпиада мектеп бітірушілер үшін ҰБТ-нің тоғыз пәні бойынша өтіледі: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, физика, биология, география, дүниежүзі тарихы, химия және математика.
Мағжан Жұмабаев «Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі» деген.
Сондықтан қоғамымызда мұғалімге қамқорлық жасасақ, қадірлі жанның мәртебесін асқақтатсақ, ел болашағы дейтін жастарымыз өздігінен осы мамандықты таңдары хақ.
Роль школы и вуза в профессиональной ориентации учащихся на педагогические специальности
Сергали Толеубекович Каргин,
проректор по учебной работе,
доктор пед.наук,
профессор КарГУ им. Е.А.Букетова
Современной школе нужен учитель, способный мыслить в рамках гуманистической педагогики, общей теории толерантности, личностно-ориентированного образования. Чтобы подготовить такого учителя нужно обновить содержание и технологии его подготовки, совершенствовать практику подготовки школьников к сознательному выбору педагогической профессии.
Современный выпускник школы оказывается в большинстве случаев неподготовленным к жизнедеятельности в новой социально-экономической ситуации. Утрачивается культ труда и профессионализма, идеальный образ профессионала подменяется идеальным образом жизни, происходит переоценка нравственных ценностей, серьезному искажению подверглась система представлений о престижности образования и педагогической профессии.
Подобное положение серьезно осложняет для выпускника школы ситуацию адекватного выбора собственного жизненного пути, возможность планировать свое будущее, освободившись от стереотипов социокультурной среды и основываясь на более объективном знании самого себя и реальности внешнего мира. И здесь существенную помощь и поддержку ученику должны оказать школа и вуз, в которой системный, интегрированный и личностно-ориентированный подходы предусматривают приоритет интересов, потребностей и возможностей личности в процессе профессионального самоопределения.
Карагандинская область испытывает постоянную потребность в педагогических кадрах: учителях школ, преподавателях технических и профессиональных учебных заведений и вузов, требует обновления и пополнения административный ресурс организаций образования.
В качестве рекомендаций по совершенствованию системы профориентации учащихся на педагогические специальности нами предлагается:
— развитие мотивации выбора педагогической профессии;
-формирование представления о структуре педагогической деятельности и социальной значимости педагогической профессии;
— осуществление педагогического мониторинга личностного продвижения учащегося в процессе формирования готовности к выбору педагогической профессии;
— обеспечение связи общеобразовательной подготовки и педагогического образования, с учетом профессиональных интересов и намерений учащихся;
— оптимизация управления процессом формирования готовности профессионального самоопределения учащихся к выбору педагогической профессии.
Интеграция учебных процессов вузовского и школьного образования
Аристотель Зейнуллинович Исагулов,
первый проректор, доктор технических наук,
профессор КарГТУ
В век высоких технологий и в школах нужны специалисты новой формации с широким спектром компетенций и конкурентоспособными навыками, которых должна подготовить система профессионального образования. Уровень подготовки этих специалистов напрямую зависит от профессионализма преподавателей специальных дисциплин и курсов, подготовка которых осуществляется в рамках специальности «Профессиональное обучение». В КарГТУ на одноименной кафедре разработана и активно функционирует специализированная программа, ориентированная на углубленное изучение предметов естественно-математического цикла.
В целях расширения психолого — педагогической компетенции участ-ников программы применяются следующие методики:
- уроки технологии и профессионально – ориентированные курсы – это своеобразные площадки для проведения профориентационных ролевых и имитационных игр, целью которых является «примеривание» на себя различных ситуаций и процессов деятельности;
- участие старшеклассников в совместных проектах со студентами колледжей и вузов с целью включения школьников в неизвестную для них научную деятельность;
- участие школьников в научно-практических конференциях с целью активизации исследовательской работы и выявления талантливой мо-лодежи.
Системное сотрудничество школ с вузами региона обеспечит качественный уровень преподавания профильных дисциплин и организацию индивидуальной творческой работы учащихся, формируя эффективную систему профессиональной ориентации и самоопределения, допрофессиональной и довузовской подготовки.
Интеграция учебных процессов вузовского и школьного образования в период профильного обучения, объединение его теоретической и практической составляющих – фундаментальная основа успешного выбора учащимися будущей профессии и подготовки к ней, реальные шаги в развитии преемственности школьного и вузовского образования. Качество как школьного, так и вузовского образования существенно возрастет, повысится эффективность использования компонентов по выбору (вариативная часть) вузовского и школьного образования.