Home » Жаңалықтар » Шортанды ауданындағы білім беру жүйесі қандай?

Шортанды ауданындағы білім беру жүйесі қандай?

«Білім айнасы» газетінің негізін салушы Қуантай Амантайұлы өңірлік мектептер мен балабақшалар жайлы мәлімет жинап, өз жобаларымен таныстыру мақсатында Ақмола облысы, Шортанды ауданына барып қайтты. Ең алдымен, Шортанды ауданының білім бөліміне кіріп, аудандағы білім беру мекемелері жайлы ақпарат алды. Алған мәліметтер бойынша ауданда барлығы 17 орта, 7 негізгі мектеп және 7 мемлекеттік, 1 жекеменшік балабақша бар. Жекеменшік балабақшада 70-ке жуық бала тәрбиеленуде. Одан бөлек, мектептердің ішінде шағын орталықтар, дайындық топтары бар. Мектепке дейінгі шағын орталықта 448 бала, балабақшаларда барлығы 809 бала тәрбие алуда. Аудан бойынша 24 мектепте 4650 оқушы болса, оларға білім беретін мұғалімдердің саны 660. Ал, Шортанды ауданы, Шортанды ауылында 3 орта мектеп (2 орыс, 1 қазақ), «Балдаурен»,»Ақбота» балабақшалары және «Айналайын» шағын орталығы орналасқан. Қосымша білім беру бойынша 2 шығармашылық үйі, музыкалық мектеп, «Қайнар» жүзу бассейні жұмыс жасап тұр. Білім бөлімі бастығының орынбасары Алтын Манарбекқызының берген мәліметтері негізінде, ұстаздармен жүздесіп, жобаларымен таныстыру үшін Қуантай Амантайұлы алдымен білім бөліміне іргелес орналасқан «№3 Шортанды орта мектебіне» бас сұқты. Мектеп «Рухани жаңғыру» бағытына көбірек көңіл бөліп, қазақи балаларды тәрбиелеуге ден қойған білім ордасы екен. «Қандай мамандық таңдадыңыз?» деген сауалмен 8-сынып оқушыларына кірген Қуантай Амантайұлы ерекше,толыққанды жауаптар естіп қуанып қалса, әлі таңдау үстінде жүрген оқушыларға өз ақылын айтты. Мектептің ішкі тынысымен мектеп директоры Азамат Анесей таныстырып шықты. Кейін мектеп мұғалімдері жиналып, Қуантай Амантайұлының ұсынған тиімді жобалары жайлы біліп, қажетті ақпараттармен қанығып, тіпті, ұсыныстарын да білдіріп жатты.

 

Жұпар Сансызбаева
Білім айнасы
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.