Home » Жаңалықтар » Сәби арманы деп аталатын бейне баян көрерменге жол тартты

Сәби арманы деп аталатын бейне баян көрерменге жол тартты

Жансая, Рамиля, Зереана, Далида есімді жас орындаушылар әнді нақышына келтіріп шырқады. Жас өнерпаздар Әнші әрі педагог Өнер саласының үздігі, Мәдениет майталманы Айгуль Адихановадан дәріс алады. Аталмыш әннің мәтінін ақын Асқар Дүйсенбі жазды. Әнін жазған жас сазгер Алтынай Жиембекова. «Жетім көрсең,- жебей жүр»!- деп келе жатқан қазақтың сөзін естен шығармайық. Бұл тақырыпты шығармашылықтарына арқау етіп жүрген әншілер бар ғой. Бірақ, саусақпен санарлық.

«Жетімдер үйі жойылсын»!-деп адамзатты мейірімділікке шақырған балапандарға, сәттілік тілеп, шығармашылығымен жақын танысуға біздің ұжым ниет білдірді.

Жансая Әділхан Олжасқызы. Жасы Онда. Алматы қаласында дүниеге келген. Халықаралық Белоруссияда өткен «Жұлдызды сәт -2017» байқауының жеңімпазы. Сүйікті ісі сурет салу. Болашақта Роза Қуанышқызы Рымбаева сияқты танымал әнші болуды армандайды.

Рамиля Джамалдинова. Жасы онда. Халықаралық Латвияда өткен «Евроюрмала -2018» байқауының 1 орын иегері. Фортепиано аспабында ойнағанды жақсы көреді. Сүйікті ісі  –ағылшын, қазақ тілін жетік меңгеру,анасына үй шаруашылығына көмектесу. Болашақта белгілі актриса болуды армандайды.

Далида Искендир. Жасы бесте. Алматы қаласындағы нөмірі -132 Бала-бақшасының тәрбиеленушісі. Өзі кіп-кішкентай болса да,Татарстан мемлекетінде өткен Халықаралық байқауда бірінші орын иегері атаныпты. Болашақта, — Меруерт Өтекешова

Шынар Асқарова, Дженифер Лоппес сынды Актриса болуды армандаймын –дейді Зереана Жолдас. Жасы алтыда. Жақында ғана мектеп табалдырығын аттаған. Республикалық «Самға Самұрық» байқауының жүлдегері. Отбасында бес адамбыз. Атам –Әжем мен әкем және анам. Арманым Журналист болу, -ұстазым Айгуль Адиханова сияқты педагог болу дейді.

Бейне баянда басты рөлді сомдаған кейіпкерлер;

Тимур Әлімбай, Арнұр Бағлан және Айгуль Адиханова

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.