Таңым атты.. 7.30 соқты уақыт
Кіп-кішкентай сәби келді. Сондай бақыт!
Күтіп алдым құшақ жайып, күлімсіреп,
Сол сәтте бөбек күлді қолын бұлғап.
Бөбек келеді алғаш рет тәлім іздеп,
Ана келеді жүрегі үрей өрлеп.
Әрине, қаншама ұрып-соғу, қорлауларды естіген ол
Қалай сенбек тәрбиеші, бізге демек?!
Бөбекті топқа қарай алып кірем,
Ойыншық, қуыршақты алып берем.
Жылы-жылы сөйлесіп, мақтап жебеп,
Көздеріне жылы көзбен қарап көрем.
Сәбиім анасынан айырылмаған,
Әрдайым қанатынан шығармаған.
Көздері мөл-мөлт етіп жасқа толып,
Анасын жүрегімен іздей беріп.
Сонда да айымаймын, қызықтырып,
Достарымен таныстыруға асықтырып.
Топтағы балаларым сондай тәтті
Қарсы алады бөбекті құшақ жайып.
О, Тәңірім!
Сол сәтте күлкі үйіріліп жанарына
Ал жанары сүртіледі алақанға.
Ұсынылған балалардың достық үнін
Ықыласпен қабылдайды мың ойлана.
Елжіреп жүрек бауырыма аламын,
Достық көріп әп сәтте қуанамын!
Сейіліп үрей уайымымды ұмытамын,
Шат күлкіден көңіл еріп жылынамын.
Осылай балапаным үйреніседі,
Бақшаға қорқынышы ізсіз кетеді.
Күндеөкүнде «Апайым, ертең келем!»
Деп үйіне қуанышпен кетіп жүреді.
Башикова Айгерим Канатовна,
№82 «Айару» балабақшасы
«ЕРКЕТАЙ» І кіші тобының тәрбиешісі