Home » Жаңалықтар » Атыңнан айналайын Түркістаным!

Атыңнан айналайын Түркістаным!

Атыңнан айналайын Түркістаным,
Қайта айналып келгендей жыл құстарың.
Тарихқа толы екен бар ғажабың,
Көненің көзіндей бір әр тұстарың дегендей 2019 жылдың 18 -ші маусым күні  күндізгі Үкаша-ата керуен -шеруінен кейінгі кешкі серуен Түркістан қаласының «Жеңіс » саябағында  «Қоршаған ортаны қорғайық » атты іс- шарамен жалғасты. Бұл іс -шара Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануыды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өтті.
Іс- шараның мақсаты оқушылардың табиғат жөнінде ой- өрістерін дамыту, білуге құштарлығын ,логикалық ойлау қабілетін және сөйлеу мәдениетін олардың бойдарында дамыту , табиғатты сүйе білуге ,оны қорғауға, ұйымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Облыс оқушылары арасында өткен салтанатты шараны Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары Саметова Гүлнар Сұлтанқұлқызы мен Түркістан облысының адами әлеуетін дамыту басқармасының міндетін атқарушы Садықова Ардақ Мәдіханқызы ашып берді.
Дайындығы мықты облыстық шараны «ерке қыз» биі Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Бисұлтан»
Хореографиялық ұжымының өнерімен жалғасты.
Іс-шара 4 кезеңнен тұрды.
1.Асфальтта сурет салу;
2.Эссе жазу
3.(оигами) түрлі -түсті қағаздардан жасалатын бұйымдар топтамасы.
4.Сұрақ -жауап;(Қоршаған ортаны қорғау туралы сұрақтар)
Ерекше айта кететін сайыстардың бірі ол асфальтқа сурет салу болды.
Өз елімнің патриотымын деп жүрегі қазақ деп соққан суретшілер сайысы 3 орын бойынша мараппатталды.
1-ші орын Жетісай ауданы Топбасы Айданы
2- ші орын Созақ ауданы Нұрхан Әбдіразақ
3 — ші орын Кентау қаласы Бақтияр Мұхамедәлі марапатталды.
Әр сайыстан оза шапқан аудан үздіктері арнайы 3 орын бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Облыстық адами әлеуетін дамыту басқармасының марапатымен марпатталып, аудан жетекшілерімен іс-шара ұйымдастырушыларына алғыс хаттар табысталды.
Барлық оқушылар арнайы сертификатталды
Шара соңы оқушылардың флешмоб биімен аспанға шарлар ұшуымен аяқталды.

 

Абай Сәдібекұлы,
«Білім айнасы» Түркістан облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.