Home » Жаңалықтар » Ақмола облысының құтқарушылары бір күнде 6 адамды құтқарды

Ақмола облысының құтқарушылары бір күнде 6 адамды құтқарды

Кеше, Бурабай курорттық аймағында бір күннің ішінде Ақмола облысының құтқарушылары адамдарды құтқару үшін екі рет шығу жасады.

Солай, төрт ересек және бір бала катамаранмен серуендеп жүргенде қатты жел әсерінен жағадан алыстап кетті, ал катамаран көтерілген толқынның астында қалды.

Оқиға туралы дабылды қабылдағаннан кейін, Бурабай құтқару бөлімшесінің құтқарушылары дереу әрекет етіп бірнеше минуттан кейін адамдарды құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстарды жүргізді.

«Біз қайықтағы әйелдер мен баланы тез арада жағаға жеткіздік. Әйелдермен судағы қауіпсіздік ережелері туралы және су айдындарында жүзу құралдарында жеке құтқару құралдарсыз және кеудешелерсіз қолдануға болмайтындығы туралы алдын алу жұмыстарын жүргіздік – деп Жедел-құтқару жасағының құтқарушысы Максим Пономарев мәлімдеді.

Сол күні Бурабай көлінде құтқарушылар суға мас күйінде болған әйелді құтқарды. Оған мас күйінде суға түсуге болмайды нұсқау да берілді

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары иесіз және техникалық ақаулы катамарандарды, қайықтарды пайдалануға болмайтынын,

Жүзу құралдарын белгіленген нормадан артық жолаушыларды отырғызбаңыз;

Мас күйінде суға түсу, сондай ақ жүзу құралдарын жүргізуге тиым салынады;

Жүзіп бара жатқан қайықтан басқа қайыққа мінбеңіз;

Қараңғы түскеннен кейін жүзу құралдарымен қолданбаңыз;

14 жасқа толмаған балаларға ересектедің қарауынсыз жүзу құралдарын пайдалануға рұқсат бермеңіз, деп ескертеді.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.