Home » Жаңалықтар » 5 күндік керуен — шерудің жабылу  салтанаты

5 күндік керуен — шерудің жабылу  салтанаты

 Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің қолдауымен және Түркістан облысы адами әлеуетін дамыту басқармасының ұйымдастыруымен
ағымдағы жылдың 21 маусым күні Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Түркістан көмекші мектеп интернаты базасында   Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Облыс  тарихы » атты  5 күндік керуен — шерудің жабылу  салтанаты өтті.

Керуен- шерудің негізгі мақсаты
«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жетік меңгерту арқылы ел тарихы мен мәдениетін таныстыру, Қазақстан республикасының  негізгі құндылықтарын зерделеуге көмектесу , облыстың табиғи ,мәдени тарихи мұраларын дәріптеуге және тарихи естеліктерді сақтауға баулу ,өз пікірлерін әңгімелеп беру арқылы коммуникативтік қабілеттерін қалыптастару , өз ауылының мәдени мұраларын білуге құштарлықтарын арттыру;
Оқушылардың жазғы демалыстарын үнемді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстануға баулу болып табылады.
Жабылу салтанатында Түркістан облысының қосымша білім беруді дамыту орталығының директоры Ешенқұлов Бақытжан Қабайұлы сөз алып оқушыларды мараппатады.

5 күн бойы облыстың киелі , тарихи жерлерімен танысқан оқушыларға жылы лебізін айтып сәтті — сапар тіледі .
«Болашаққа бағдар» рухани жаңғыру мақаласы аясында » Облыс тарихы» керуен- шеруі барысында ұйымдастырылған арнайы белсенділік танытқан қатысушыларға наминациялар
Жүлделі 1,2,3 орындар мен (планшет,смартфон) марапаттап , жетекші ұстаздармен іс- шараны ұйымдастырушыларға алғыс хаттар табыс етті.

Қазақстан республикасының қойнауы тарихи құндылықтарға бай болса , соның ішінде Түркістан облысының шежірелі тарихының ашылмаған сырларын жасөспірімдер арасында насихаттау,  оқушыларды өз өлкесінің табиғи,мәдени ,тарихи мұраларын дәріптеуге,естеліктерді сақтауға баулу ,өз Отанының ,туған өлкесінің тағдырына, оның өткеніне , бүгіні мен болашағына әрбірінің қатысты екендігін сезіндіру қабілеттерін дамыту мақсатындағы » облыс тарихы» керуен -шеруінен қатысушылар үлкен әсер алды деген ойдамыз.

 

Абай Сәдібекұлы, 
«Білім айнасы» Түркістан облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.