Home » Білім және тұлға » Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Бүгінгі  ЖЖА (жаныңда жүр жақсы адам) жобасы бойынша сұхбаттасқалы отырған аса қадірлі адам Түркістан облысы Созақ ауданы Сызған ауылы Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Оразхан Кәдірханұлы.      

Құрметті  Оразхан Кәдірханұлы!

Сұхбатымыздың кіріспесін сіздің өмір жолыңыздан бастасақ….                   

  Мен, Кәдірханұлы Оразхан 1970 жылы қаңтар айының 1- і күні Бұрынғы Шымкент облысы, Созақ ауданы, Сызған совхозына қарасты Басбұлақ елді мекенінде дүниеге келдім. 1977 жылы Қозмолдақ ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектептің 1 сыныбына қабылданып, 1987 жылы мектепті бітірдім.

1988-1990 жылдары  Германиядағы совет әскерінің құрамында артеллериялық бригадада аға наводчик болып әскери қызметімді атқардым.

1991-1996 жылдары Қарағанды Мемлекеттік Университетінде оқып, тарих және саясаттану мамандығы бойынша квалификация алдым. Отбасы жағдайына байланысты аталған оқу орнының 1994 жылы сырттай оқу бөліміне ауысып, осы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы Сызған әкімшілігіне қарасты Қозмолдақ ауылындағы Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепке мұғалім болып орналасып, тарих, адам және қоғам, құқық негіздері пәндері бойынша сабақ беріп келемін.

Мектепке орналасқан жылдан бастап, мектептегі тарих үйірмесіне жетекшілік жасап, мектептің тарихи өлкетану мұражайының жұмысына белсене араласып, оның түрлі тарихи экспонаттарымен жабдықталуына тиісті дәрежеде өз үлесімді қосып жүрмін.

Осыған орай мектеп оқушыларын туған жеріміздің түрлі тарихи орындарымен, тарихи жәдігерлерімен таныстыру мақсатында саяхаттар ұйымдастыру жұмыстарына белсене араластым. Атап айтқанда, 1995 жылы «Жылаған ата» – бағытындағы экспедицияға ғылыми жетекші ретінде қатыстым. Ал 1996 жылы «Келіншектау» бағытындағы көп күндік саяхат жұмыстарына араластым. Сондай-ақ мектептегі тарих, адам және қоғам, дене тәрбиесі пәндерінің бірлестік жетекшісі ретінде 2005 жылы қазан айының 16-шы жұлдызында Қозмолдақ – Сызған елді мекендерінің аймағына қарасты Саңғыл баба кесенесіне, Құрымбай датқа сағанасына, Шұқырой көлдеріне бір күндік палентологиялық экскурсия жасау жұмыстарын ұйымдастырдым.

2003 -2013жылдары мектептегі тарих, адам және қоғам, дене тәрбиесі пәндері бірлестігінің жетекшісі болдым. Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие берудегі озат іс-тәжірибемді зерттеу, насихаттау бағытында аудандық педагогикалық оқуларға үзбей қатысып, өз әріптестерім арасында бірнеше рет баяндама оқыдым.

Атап айтқанда, 2000 жылы «Өлкеміздегі тарихи орындар», 2002 жылы «Қаратаудың солтүстік беткейлеріндегі петроглифтер»(суреттер) тақырыбында жасаған баяндамаларым әріптестерім тарапынан құнды деп бағалап, аудандық білім бөлімінің мақтау қағаздарымен, алғыс хаттарымен және ОҚО Білім жетілдіру институтының Мадақтама грамотасымен  2007 жылы, ХҚТУ ШИ Мадақтама грамотасымен 2010 жылы марапатталдым.

Облыстық білім басқармасының «Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар,педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы» МКҚК-нда 2010 жылы мұражай жетекшілерінің курсынан өтіп,№0022968 куәлігін алдым.

2014 жылы  қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқаным үшін Облыс әкімінің Алғыс хаты мен мұражай жетекшілері арасында өткен «Мұражай-таным,тағылым» атты байқауда ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталдым.

Әр оқу жылында мектеп оқушыларының демалыс күндерін тиімді пайдалану  және отансүйгіштік рухта тәрбиелену мақсатында облыс аумағындағы Арыстан Баб, Қ.А.Ясауи, Домалақ ана, Жылыған Ата,

Баба Түкті Шашты Әзиз, Баба Ата қалашығы,мешіт-медресесі,

Созақ, Ақсүмбе, Отырар қаласының орнына және т.б тарихи ескеркіштерге саяхат ұйымдастыруды жүйелі түрде жүргізіп келемін.

2010 жылдан «Нұр Отан»  партиясы «Сызған» бастауыш партия ұйымының төрағасымын. 2012 жылдың сәуір айында Алматы қаласында «Нұр Отан»  партиясының Республикалық жоғарғы мектебінің екі апталық семинар курсына қатысып, сертификат алдым. 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап мектеп директорының тәрбие ісі  жөніндегі орынбасарымын.

2014 жылы Алматы қаласында «Өрлеу» БАҰО-да  «Қазақстандық патриоттизмді қалыптастыру тақырыбында» курстан өтіп,№0131145 сертификатын алдым.2016-2017 оқу жылында Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық  шеберлік орталығында «Білім беру ұйымдарыны басшыларының біліктілігін арттыру» тақырыбындағы 9 айлық академиялық курсынан өттім.Куәлік № 002784 .

     – ӨМІРДЕГІ МАҚСАТЫҢЫЗ ҚАНДАЙ?

– Алдымызға барлығымыз түрлі мпақсаттар қоямыз.Өмірде жоспарлаудан бөлек,  біз өзіміздің өмірлік мақсатымызды жүзеге асыруда таңдаған мамандығымыз үлкен рол атқарады деп ойлаймын.Мамандық таңдағанда кейбір тасада қалып,ескере бермейтін жағдайаттар мынадай бар деп ойлаймын.Соның бірі жеткілікті  көлемдегі ақпараттарды иеленбеуіміз болып табылады. Әрқайсысымызға балалық кезден өзіміздің өмірлік мақсатымызды орындауға жетерліктей күш-қайрат беріледі. Ұстаздық ету және ұрпақ тәрбиесіне өз үлесімді қосу бұл менің бала кезден арманым еді. Менің ойымша әрбір адамға өз мақсатына жету үшін қазіргі мүмкіндіктер толығымен жетіп артылады

– «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», — деп сонау 30 жылдары А.Байтұрсынов атап көрсеткен идеялогиялық ұстын ғасырға жуық уақыт өтсе де күн тәртібінің төрінде тұр.

Білім көзі оқулық десек.Мына ақпараттық технологияның заманында  балалардың бойында кітап оқу үрдісі кейінгі пландарға сырғып қалған. Осы кемшілікті жою барысында   шәкірттеріме кітап оқуға көптеген мүмкіндіктер жасап берсем деймін.

Қазіргі біздің жұмысымыз мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насиахттаушы, өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік, мемлекет ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар төңірегінде өрбуде.

Қазіргі жаңартылған білімге көз –қарасыңыз?

Заманауи ұстаз ол- мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап кою, ұстамдылык, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілікті болу деп түсінемін.

Осы кездеТәуелсіз еліміздің болашағы қазақ этносының мәйегін сақтап,жалғастыратын ұрпағымыздың бойында қандай білік, дағды қалыптасу керек? деген сұрақ негізгі мәселеге айналып отыр. Ал оны қалыптастыратын бірден-бір жауапты адам – жаңа заманның мұғалімі. Осы кезеңде білім саласында жүрген мұғалімдердің көтерер жүгі жеңіл емес. Мемлекет және ата-аналар қойып отырған талап, осы бір өткен дәуірлерден жеткен ұлттық қалыптасқан дәстүр байлығы мен нанотехнологияның кезеңіне сай жаңашыл ұрпақты дайындау белгілі бір біліктілікті талап етіп тұр.  Бұл кезекте жаңартылған білім мазмұнының бағдарламасының ерекшеліктерін жете түсініп, меңгерген  мұғалім болашаққа бағдарланған оқушыны қалыптастырады деп ойлаймын.

Заманауи мектептердің мақсаты-жоғары білімді, шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. Өз  білімінің нәтижесінде оқушы бойында сын тұғысынан ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зертеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта және жеке жұмыс істей білуі, тілдік дағдылары, қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. Мектеп бағдарламасына жаңа пәндерді енгізу оқушының жалпы дамуына және тақырыпты сабақта тереңірек зерттеп, әлем туралы тұтас ұғымының қалыптасуына септігін тигізеді деген ойдамын.

Сұхбатыңызға рахмет!

 

                                                                                Сәдібекұлы Абай
Білім айнасы
Түркістан облысы

 

 

 

 

 

 

 

One comment

  1. Керемет👏👏👏

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.