Home » Жаңалықтар » Не көрдің? Не білдің?

Не көрдің? Не білдің?

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің қолдауымен өтіп жатқан» Облыс тарихы» атты керуен шерудің 4- ші  күнінде   оқушылар арасында сайыс өтті .
Бұл сайыстың мақсаты оқушылардың керуен -шерудегі, тарихи жерлер туралы  ойын ,әсерін анық жеткізу .
Сайыс 3 кезеңге бөлінді.
1. Фотоэтюд- әрбір баға жетпес жәдігердің тарихына үңіле келіп,   суретке түсіріп фотоальбом жасауы тиіс.
2. Сөзжұмбақ сайысы( тарихи жерлерден көрген әсерін сөз шеберлігімен жеткізу)
3. Сұрақ- жауап сайысы.
Оқушылар тарихи тұлғалардың өмірін өнеге ете отырып ,  бойына қабылдаған игі істері мен ізгі қасиеттерін өмірлік тәжірибелерінде қолдана алатынын білдік.Өз отанына , еліне деген сүйіспеншілігін арттырғаны рухани жаңғырғанын көрдік.
Керуен- шерудің қорытындысы бойынша жеңімпаз  Оқушыларға 1,2,3 дәрежелі орындар тағайындалды. Сонымен қатар әділқазылар алқасының шешімімен  , байқаулар бойынша үздік жұмыс көрсетіп, белсенділік танытқан оқушыларға   арнайы наминация белгіленді.
Әділқазылар алқасында: Төрағасы Нигметова Клара Қанбетқызы облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының бөлім меңгерушісі қалалық туризм және өлкетану орталығының маманы Акимбекова Шолпан
Пән әдіскері Исабеков Нұрхан Республикалық ғылыми танымдық Білім айнасы газетінің тілшісі Абай Сәдібекұлы болды. Марапаттау рәсімі 21 ші маусым күнге белгіленді.

 

 

Абай Сәдібекұлы,
«Білім айнасы» Түркістан облысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.