Home » Білім және тұлға » Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді……

Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді……

Қазіргі таңда әлемдік жаңа идеология ең алдымен білім күшіне арқа сүйейді. Жас ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтуде, дамытуда, жеке өрістетіп, алға сүйретуде де, өркениетке жетуде  де ұстаздар қауымының еңбегі өте зор. Өйткені ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Ал ұстаз деген бүкіл ғұмырын бала оқытуға, тәрбиелеуге жұмсаған абыройлы, қасиетті тұлға..                                                                                                                                                        Қай заманда да, қай қауымда да  Ұстаздық кәсібі әрдайым ұлағатталып келген.Ұстаз- жас ұрпақтың тәрбиешісі, адамгершілік, қадір-қасиет қамқоршысы саналған. Ал білім беру кеңістігінде тәжірибелі де білімді, өз мамандығының хас шебері кәсіби ұстаздар жетерлік. Солардың ішіндегі шоқтығы биік, 30 жылдан астам еңбек өтілімен ұжым мүшелері арасында  сыйлы, мерейі үстем, бастауыш сынып мұғалімі, әріптесім -Доскенқызы Қарлығаш Бикеева.Ол ұзақ жылдар бойы ұстаздықтың ұлы жолында өзінің айшықты еңбегімен дараланған ұлағатты ұстаз. Қарлығаш Доскенқызының өмір жолы, өткен өткелдері мен асқан асулары, жеткен жетістіктері мен орындалған армандары бір қараған адамға өте көп. Десе де, әріптесімнің  қарапайымдылығы мен ұқыптылығы, еңбекке деген ерекше ынтызарлығы өзгелерден оны ерекшелендіреді. Оның қайсар мінезі  мен қызметіне деген адалдығы жас мамандар үшін үлгі боларлық. Атап айтсақ, облыстық «ҮІІ Ахметов оқулары» Заманауи білім беру үдерісі: тәжірибелер, мәселелер, перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының І орын иегері; облыстық «Педагогикалық шеберлік-2019» конкурсының ІІорын иегері; Республикалық «Педагогикалық шеберлі-2019»конкурсының номинация иегері. Бұл әрине дамылсыз, қажырлы, адал еңбектің нәтижесі.

Сонымен қоса, Қарлығаш Доскенқызы заман талабына сай қоғам өмірінде заманауи тұрғыда үздіксіз оқытуды дамыту үшін қоғамдастық аясында ой бөлісу, тәжірибе алмасу, бір-біріне қолдау көрсету мақсатында «Серпін» мұғалімдердің желілік қоғамдастығына жетекшілік етеді. Көрші басқа төрт мектеп ұстаздарымен іскерлік қарым-қатынас орнатып, кәсіби  біліктіліктерімізді үздіксіз жетілдіру жолында. Өзінің ізгі ісімен  айналасындағыларға үлгі дарытып, үйрете жүріп өзі де үйренуден талмайтын игі істері ізгілікке ұласуда.

Көзқарасы жаңаша қалыптасқан, өзіндік ой пікірі бар,мақсатқа жету жолдарын таба алатын әріптесім Қарлығаш Доскенқызының нағыз ұстазға тән бір қасиеті- өзінен гөрі өзгелердің қамын ойлайтын өрелігінде.

Шындығында, «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей түседі» деген Сократтың сөзі әріптесім Қарлығаш Доскенқызына арналғандай……

 

Бекмұрат Уахатов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Исагалиева Айгуль Сабыржановна
Павлодар облысы
Аққулы ауданы Мерғалым ауылы

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.