Home » Мақалалар » 50 жылдық тарихы бар балабақша

50 жылдық тарихы бар балабақша

Алматы қаласы, Медеу ауданы, №109 бөбекжай-балабақшасының ашылғанына биыл — 50 жыл. Балабақша алғаш рет №228 атаумен кіші 1967 жылы Алматы өзенінің оң жағалауында салынған. Мектепке дейінгі мекеменің алғашқы басшысы Бакусева Зинаида Шарипқызы —  іскер басшы ретінде танылды. 1998 жылдан бастап балабақшаға Омарова Бағила Оспанқызы, Қамбарбаева Күлпаш Мұсақызы, Жансүгірова Айнагүл Дзульханқызы, Носевич Татьяна Петровна басшылық етті .

2010 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін меңгеруші қызметін Құрмамбаева Орынбасар Мекибайқызы атқарып келеді.

2013 жылдың 1 қарашасынан 2014 жылдың 20 тамызына дейін №109 бөбекжай-балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеуден кейін қосымша 3 топ ашылып, балабақша ауқымы 70 орынға кеңейтілді. Қазіргі уақытта барлығы 9 топта 280 бала тәрбиеленуде. Тәрбие, білім беру жұмысын 23 педагог жүргізеді. Оның ішінде жоғары, бірінші, екінші санатты тәрбиешілер жұмыс атқаруда.

Балабақша аудан, қала көлеміндегі түрлі іс-шараларға үзбей қатысып келеді. Атап айтар болсақ:

— Қалалық «Үздік балабақша» байқауында жүлделі 3-орын, 2000ж.

— Аудандық «Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауында жүлделі 2-орын, 2010 ж.;

— Аудандық «Ең үздік медициналық кабинет» байқауында жүлделі 1-орын, 2010 ж.;

— Аудандық «Үздік қазақ тілі кабинеті» байқауында жүлделі 2-орын, 2016 ж.

— Аудандық «Жасыл аула» байқауының Гран-ПРИ иегері , 2017ж

Балабақшада үнемі түрлі байқаулар, спорттық іс-шаралар, педагогикалық кеңестер, «дөңгелек үстелдер», психологиялық тренингтер өткізіледі. Балабақша тәрбиеленушілері үнемі барлық аудандық, қалалық спорттық жарыстарға қатысып, бірнеше рет дипломдармен, грамоталармен және кубоктармен марапатталды, жүлделі орындарға ие болды:

— 2014 жылы ІІ Қалалық «Сұлулық және таланттар» байқауында би тобы: «Солнышко» 1- орын иеленді.

— 2014 жыл Республикалық фестиваль-байқауында «Рауан» би тобы, 2– орын иеленді.

-2015 жылы Бірінші Республикалық IQ «Үркер» марафонында «Зияткерлік балабақша» кубогын жеңіп алды.

Балабақшаның 50 жылдық мерейтойы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Медеу ауданы әкімі Е.Ж. Жылқыбаевтың қолдауымен жүргізіліп жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Бұл іс-шара балабақшаны бітіріп кеткен ата-аналардың қолдауымен және балабақша педагогтарының ұйымдастыруымен өтуде. Балалар мен балабақша қызметкерлері тарих беттеріне үңіле отырып, сол кезеңде қызмет атқарған, қазіргі кезде зейнеттік еңбек демалысындағы ардагерлерге концерт ұйымдастырды.

Бұл игі іс-шараның ұрпақ тәрбиесіне берер тәлім-тәрбиесі зор. Елбасымыз айтқандай: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жүгіртуіміз керек».

Бұл іс-шараға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы келіп, балабақшаның 50 жылдық мерейтойымен сол кездегі қызмет атқарған қазірде еңбек демалысындағы ардагерлерді құттықтады. Аталмыш іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.

 

   

Құрмамбаева Орынбасар Мекибайқызы

№109 бөбекжай-балабақшасы

Алматы қаласы, Медеу ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.