Алматы қаласы, Медеу ауданы, №109 бөбекжай-балабақшасының ашылғанына биыл — 50 жыл. Балабақша алғаш рет №228 атаумен кіші 1967 жылы Алматы өзенінің оң жағалауында салынған. Мектепке дейінгі мекеменің алғашқы басшысы Бакусева Зинаида Шарипқызы — іскер басшы ретінде танылды. 1998 жылдан бастап балабақшаға Омарова Бағила Оспанқызы, Қамбарбаева Күлпаш Мұсақызы, Жансүгірова Айнагүл Дзульханқызы, Носевич Татьяна Петровна басшылық етті .
2010 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін меңгеруші қызметін Құрмамбаева Орынбасар Мекибайқызы атқарып келеді.
2013 жылдың 1 қарашасынан 2014 жылдың 20 тамызына дейін №109 бөбекжай-балабақшасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеуден кейін қосымша 3 топ ашылып, балабақша ауқымы 70 орынға кеңейтілді. Қазіргі уақытта барлығы 9 топта 280 бала тәрбиеленуде. Тәрбие, білім беру жұмысын 23 педагог жүргізеді. Оның ішінде жоғары, бірінші, екінші санатты тәрбиешілер жұмыс атқаруда.
Балабақша аудан, қала көлеміндегі түрлі іс-шараларға үзбей қатысып келеді. Атап айтар болсақ:
— Қалалық «Үздік балабақша» байқауында жүлделі 3-орын, 2000ж.
— Аудандық «Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауында жүлделі 2-орын, 2010 ж.;
— Аудандық «Ең үздік медициналық кабинет» байқауында жүлделі 1-орын, 2010 ж.;
— Аудандық «Үздік қазақ тілі кабинеті» байқауында жүлделі 2-орын, 2016 ж.
— Аудандық «Жасыл аула» байқауының Гран-ПРИ иегері , 2017ж
Балабақшада үнемі түрлі байқаулар, спорттық іс-шаралар, педагогикалық кеңестер, «дөңгелек үстелдер», психологиялық тренингтер өткізіледі. Балабақша тәрбиеленушілері үнемі барлық аудандық, қалалық спорттық жарыстарға қатысып, бірнеше рет дипломдармен, грамоталармен және кубоктармен марапатталды, жүлделі орындарға ие болды:
— 2014 жылы ІІ Қалалық «Сұлулық және таланттар» байқауында би тобы: «Солнышко» 1- орын иеленді.
— 2014 жыл Республикалық фестиваль-байқауында «Рауан» би тобы, 2– орын иеленді.
-2015 жылы Бірінші Республикалық IQ «Үркер» марафонында «Зияткерлік балабақша» кубогын жеңіп алды.
Балабақшаның 50 жылдық мерейтойы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы және Медеу ауданы әкімі Е.Ж. Жылқыбаевтың қолдауымен жүргізіліп жатқан «Ұрпақтар сабақтастығы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.
Бұл іс-шара балабақшаны бітіріп кеткен ата-аналардың қолдауымен және балабақша педагогтарының ұйымдастыруымен өтуде. Балалар мен балабақша қызметкерлері тарих беттеріне үңіле отырып, сол кезеңде қызмет атқарған, қазіргі кезде зейнеттік еңбек демалысындағы ардагерлерге концерт ұйымдастырды.
Бұл игі іс-шараның ұрпақ тәрбиесіне берер тәлім-тәрбиесі зор. Елбасымыз айтқандай: «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жүгіртуіміз керек».
Бұл іс-шараға Медеу ауданы әкімінің орынбасары Майлыбаев Ғани Айдарұлы келіп, балабақшаның 50 жылдық мерейтойымен сол кездегі қызмет атқарған қазірде еңбек демалысындағы ардагерлерді құттықтады. Аталмыш іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Құрмамбаева Орынбасар Мекибайқызы
№109 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы, Медеу ауданы