Home » Жас қалам » 40- жылдардағы келіншектер

40- жылдардағы келіншектер

Отанға, отбасына түскен ауыртпалық әрқашанда ең алдымен  аналардың қабырғасын қайыстырды, жүрегін ауыртты. Ұлы Отан соғысы жылдарында майданда да, тылда да ерліктің өшпес өнегесін көрсеткен арулар туралы деректер мен дәйектер, ел арасында өте көп.

Ұлы Отан соғысы біздің аналарымыздың қайтпас қайсарлығын тағы да паш етті. Жалпы қазақ келіншектерінің қайсарлығы туралы аңыз да, әңгіме де тарихтан бағзы заманнан белгілі. Қанға сіңген қасиетті дарыта отырып, қазақ қыз-келіншектері майданда да, тылда да өздеріне тән қылықтарымен ерекшеленді. Тылдағы олардың еңбегі шын мәнінде өлшеусіз.

Соғыс жылдарында отағасы немесе ұлы майданға кеткен жалғыз басты әйелдер, жауынгерлерге киім-кешек тігуде де өнеге болды. Өздері жыртық шылғаумен жүріп, киім-кешекті майданға күн сайын жөнелтіп жатты.

Бір сөзбен айтқанда, қыз-келіншектер соғыс жылдарында ауыртпалықтарды иықтарымен көтерумен бірге халықты еселі еңбекке жұмылдыра білді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында барша халықпен қатар өз еркімен қыз-келіншектер де аттанды. Олар соғыс  шебінде ерліктерін көрсетті. Олардың жасы 17-20 жас аралығында болды. Олардың жүрегі патриоттық сезімге толы болды. Ержүрек апаларымыз: Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова еді. Сұрапыл соғыста «ел басына күн туғанда, етігімен су кешкен»  ерлер мен бірге қолдарына қару алып, Әлия мен  Мәншүк  апамыз да асқан ерлікпен қаза тапты. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны қалғанша шайқасты.

Фашистердің тұтқын лагерінде қаншама  ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.  Осы қан майданда мерт болған ерлердің  рухына, бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген апа-ағаларымызға басымызды иіп тағзым етуіміз керек. Мен ата-бабаларыммен мақтанамын. Осы соғысқа қатысқан әр адамды мақтан тұтамын. Олар ел үшін, тәуелсіздік үшін, біз үшін мәңгілікке көздерін жұмды. Олар елімізді қорғады. Ол адамдардың ерлігі мәңгілік жүректе сақталады деген ойдамын. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. Жеңіс күні құтты болсын, ағайын!

Нұрлыбаева Алтынгүл

 Жаңаөзен мектеп-лицейінің

11 «А»-сынып оқушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.