Home » Жас қалам » Амирханова Гүлнұр

Амирханова Гүлнұр

 

Елбасым!

Туып өскен жері оның Қазақстан!
Елі үшін дара туған бір арыстан.
Отаны кең, өзі де кең еліміздің,
Нұрсұлтандай атасы бар ақылы мол.

Атамыз үміт артар болашаққа,
Көркейіп келе жатыр жас ұрпақ та.
Қазақстан болашақтың қолында деп,
Үміт пен сенім артқан елбасы да.

Тәрбиелі, білімді болып өсеміз,
Елбасымен биік шыңдарға жетеміз.
Үміті мен сенімін біз ақтаймыз,
Әрқашанда әділ жолды таңдаймыз!

Атамыз да, панамыз да – елбасы,
Қамқоршы да, данамыз да – елбасы,
Туы биік, өзі биік самғайтын,
Өз Отанын, болашағын ойлайтын
Сара жолды таңда деген елбасы!


Ана
  Ақ сүтін беріп өсірген,
Мәпелеп мені анашым.
Алғыс айтам өзі
Мейірімді де анашым
Аңсаймын сені анашым
Көрмесе өзіңді балашың
Түн ұйқыңды төрт бөліп,

Әніңді маған саласың.

Жаратқаннан жалынып,

Сұрайсың сен бақытты.

Қиналғанда қысылып,

Көрсетпейсің жасыңды.

Бізді күнде ойлайсың,

Ойламай сен қоймайсың.

Бесігіңнің жыр әні,

Жүрегімде тұр әлі.

        Ата- ана

                             Ата -ана қамқоршы дана,

                            Өз баласына әрдайым пана.

                             Баласы болса адал адам,

                             Қуанар бұл іске ата — ана.

                            Ата — ана ойлайды баласын,

                            Мейіріммен сүйеді баласын.

                            Ата — ана өмір сүреді бір жан үшін,

                            Ұайымдап қайғырады бала үшін.

                            Баласы ата — ана үшін өте қымбат,

                            Жақсы болып ер жетсе, елге сымбат.

                      Ұстазым

Ақылдысың, аялысың бір өзің,

Ардақтысың, мейірімдісің бір өзің.

Білім беріп әр балаға өзіңнің,

Қасиетті жанашырым сен өзің.

Алғыс, алғыс бір өзіңе ұстазым,

Ақыл айтар бір өзіңсің ұстазым.

Шуақ төгіп бақыт бізге шашасың,

Бас иемін  бір өзіңе ұстазым.

Білім – кеме, оқу – теңіз дейтін де,

Жамандарды жақсы болса дейтін де.

Бір-біріңе қамқор бол деп әрқашан,

Жол сілтейтін бір өзіңсің ұстазым.

 Сонау жылдар

Сонау жылдар, сонау жылдар,

Оралмасын сол жылдар.

Әттең қолдан келмейді-ай,

Батырлары қазақтың,

Келмес қайта оралмас,

Заман болды бір қатаң.

Аяз болды суп-суық,

Ел үшін бәрі берді жан.

Қазақтың қайсар қыздары,

Әлия, Мәншүк бәрі де.

Ел үшін берді жандарын,

Аянбай төкті қандарын.

Ақыры жеңді қазақтар,

Артта қалды азаптар,

Алға мәңгі қазақтар!!

Табиғат байлықтары

Табиғаттың жанға жайлы ауасы,

Табиғаттың адамға зор дауасы.

Таза ауа, көркейген жасыл ағаштар,

Мені кенет бір әуенге бөледі.

Табиғаттың ғажайып бір әні бар,

Табиғаттың құлпырған әр гүлі бар.

Аспаны ашық, салқын дала, орманы,

Табиғаттың іштей бітпес сыры бар.

 

Жамбыл атаға арнау

Жамбыл ата өлең сөздің дүлдүлі,

Жамбыл ата ән мен күйдің бұлбұлы.

Жастайында тыңдап өскен жыр — дастан,

Жамбыл ата табиғаттың гүлгүлі.

Оқимын мен оның дана өлеңін,

Оқимын да оны ойға түйемін.

Оның әрбір өлең, жыры — даналық,

Дана өлең , жырды ұға білемін.

Сүйінбайдың болып өскен шәкірті,

Жастайынан білім алып оқыпты.

Жас кезінде ән  мен жырға кенеліп,

Аты оның күллі әлемге жетіпті.

 

                                              Өмір

Өмір, өмір өткінші,

Адам келіп, кетіпті.

Өмір қиын әрі қатал,

Қатал өмір өтсінші.

Өмір деген бір Алланың қолында,

Өмір деген Пайғамбардың жолында.

Я мұсылман парызыңды орында,

Күнә жасап күнәға батсаң өмірде.

Намаз оқы, мешітке бар ерінбе,

Мейірімді Алла сол кезде ғана күнәңді,

Кешіреді ниеті таза адамды.

 

 

            Бауырларым

Туып өстік бір анадан бауырларым,

Бірге өтті бақытты боп әр таңдарым.

Қуандық та, жыладық та бірігіп,

Жанашырым болған менің бауырларым.

Не көрсек те, не жесек те бөлістік,

күліп, ойнап жүріп келістік.

Ойнадық та, күлдік те бірге жиналып,

Сыр мен дастан, өлең жырды ұғыстық.

 

Достық

Дос болдың ба, шын жүректен бола біл!

Бола біл де, достың сырын ұға біл!

Достықта бар  қуаныш та, реніш те,

Шын дос болсаң, кешірімді бола біл.

Достық деген — шын жүректің қалауы,

Достық деген — адалдықтың жалауы.

Шыныйы жүрек, ізгі тілек бірігіп,

Достық атты мәңгі есім құрады.

 

Ата-әже

Ата-әже мен боламын немерең,

Шабыттанып шығардым ән-өлең.

Күнделікті сіздермен атқан таң нұрын,

Күндей күліп жақсы қарсы аласың.

Мейірімді, қамқоршы да өздерің,

Сіздерге қарап, мен көзімді үзбедім.

Данасыздар, ақылды адам өздерің,

Бала кезден даналықты көздедім.

 

    Жан әпкеме сағыныш

Бір жыл да болып қапты кеткеніңе,

Өмірден бізді тастап өткенің бе?

Сағынып, сағынышпен еске аламын,

Жан әпке қайта келші сен өмірге.

Білемін бұл бір Алланың қолында,

Алла берер, қайта алар соңында.

Ерте кету жазылған екен өмірден,

Не етейін көнеміз де тағдырға.

Алла солай жазған екен көнеміз,
Сізді мәңгі есте сақтап жүреміз.
Сіздей ғажап, мейірімді жан анасын,
Мақтан етіп жүрер бала-шағаңыз.

 

                          Тәуелсіздікке арнау
  Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!
Бақыт құсы елімнен кетпей қойсын!
Қазақстан елінің бейбітшілігі
Егемендік арқылы мәңгі тұрсын!
Тәуелсіздік азаттық орнаған күн
Батырлар мен бабалар аңсаған күн.
Арманы еді егемендік даналардың
Арқасында орнады бір Алланың!

Жалғыз ана

Жалғыз ана жадырашы мұңайма,

Бақытты да күндер келер әлі алда.

Сен мұңайсаң жүрегім де ауырады,

Жан анашым мұңайма, еш мұңайма.

Сен өзіңсің көрсеткен дүниені,

Дәл өзіңдей аялайды кім мені?!

Өзің ана ақылымды дарытқан,

Ақ сүтіңмен сіңірген сен тәрбиені.

Бізді бағу оңай емес білемін,

Бірақ Ана жаратқанға сенемін.

Күнде бізді ойланасың толғанып,

Жарық күндер жақын қалды сеземін.

Өзің маған үйреткен жақсылықты,

Сен секілді боламын мен де мықты.

Қиындыққа берілмей оқимын мен,

Мақсат етіп аламын даналықты.

Мен ақтаймын жан ана үмітіңді,

Көргім келер жүзіңнен шат күлкіңді.

Мойымаймын ешқашан бірілмеймін,

Түсірмеймін сенің жарқын көңіліңді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына 25 тілек!

 

  1. Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!
  2. Еліміздің болашағы жастар білімді болсын!
  3. Тәуелсіздік мерекесі мәңгі тойланып, жадырап тұрсын!
  4. Жұртымыз тыныш, еліміздің, Отанымыздың тәуелсіздік керегесі мықты болсын!
  5. Болашақ ұрпақ бойында елге деген патриотизм күшейіп, Отанның адал азаматы, ержүрек, елді жаудан қорғайтын ұл-қыздар болсын!
  6. Отанымыз Қазақстан гүлдене дамып, ең жоғары дәрежеде көріне берсін!
  7. Елімізге керекті техника күштері өз Отанымызда өндірілсін!
  8. Қазақстанның табиғаты таза, ауасы жанды жадырататындай, елдің бәрі тамсанатындай ел болайық!
  9. Отанымыз байлығы аса мол болып, зейнеткерлер риза болсын!
  10. Еліміз ауызбіршілігі жарасқан, ынтымақты ел болсын!
  11. Елбасымыз, Отанымыз, Тәуелсіздігіміз, халқымыз аман болсын!
  12. Көк аспанда көк туымыз мәңгілік желбіреп, әнұранымыз асқақтай берсін!
  13. Білімге, ғылымға, жаңашылдыққа жаны құмар ұландар көбейе берсін!
  14. Тәуелсіздіктің қиындықпен келгенін естен шығармайық!
  15. Ұлылар, батырлар мен даналар әруағына бас иейік!
  16. Экономика, ғылымның барлық салалары дамуы жоғарылай түссін!
  17. Елімізде қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заман мәңгі орнасын!
  18. Қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанған өнегелі ұрпағы өсе берсін!
  19. Салт-дәстүріміз бар әлемге танымал болып жаңғырсын!
  20. Ата-бабалар рухы біздерге әрқашан риза болсын!
  21. Тіліміз бен дінімізді мәңгі ұмытпайық!
  22. Талапты, еңбек сүйгіш егемен ел болайық!
  23. Ешқашан жауласпай, достық қарым-қатынасымыз нығая түсіп, өзімізден кейінгілерге үлгі боларлықтай кеңпейіл болайық!
  24. Елбасының, еліміздің, Отанымыздың үмітін ақтайтын жастарымыз қатары өсе берсін!
  25.  Тәуелсіздік тұғырың биік болсын!

Бақыт құсы елімнен кетпей қойсын!

Қазақстан елінің бейбітшілігі

Егемендік арқылы мәңгі тұрсын!

 

Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем

Менің ұстазым есімі – Абсадикова Гүлзада апай. Ол маған да сыныптастарыма да өз анамыздай үлгі етіп мақтанарлықтай адам. Мен әлемге айғай салып,  ұстазым менің ең жақсы мұғалім деп айта аламын. Менің мінезім тұйық және өмірге деген көзқарасым мен құштарлығым болмаған. Күнім жалғыздықпен өтіп бататын. Менің ұстазым менің осы мінезім мен көзқарасыма жүрегіме өз сәулесін шашты. Маған шашқан сәулесі өмірімді күрт өзгертті. Өмір маған қаратүнек көрінетін. Ұстазым сол қаратүнекті жадырата гүлдендіре түсті. Анам да, менің ұстазым да  — менің өміріме ең жақын жандар  әрі сырымды бөлісе алатын, керек кезде ақыл сұрайтын қымбат адамдар .

Ұстазым бізге әдебиет және қазақ тілі пәндерінен сабақ жүргізеді. Біздің сабақ ұстазбен бірге көңілді, тәрбиелі

Тәрбиелі дегенім тақырыптар мен өлеңдердің, қарасөздер және поэмалардың мағынасына терең үңіліп, бізді де мағынасына терең үңілуге, тақырыптардың жақсы жақтарымен тәрбие үлгі-өнегесін біздің санамызға құйып келуде.

Кейде қателесіп жатамыз «Жаңылыспайтын жақ – Сүрінбейтін тұяқ болмайды»  деген емес пе?

Қателескенде ұстаз бізге ұрмай да, ұрыспай да өз мейірімімен, өз ақылын айтып тәрбиеге салады. « Баланы ұлша тәрбиелесең ұл, Құлша тәрбиелесең құл болады» деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, менің де ұстазым осы мақалға сүйене бізді елдің, Отанның, ата-ананың, табиғаттың, бүкіл ұлттың жанашыры етіп тәрбиелеуде.

Әрине ұстаздарға да оңай емес. Сыныбындағы оқушылардың барлығының мінездері бірдей емес, бірінің мінезі  ауыр, бірінікі ашық, айта берсе көп. Бірақ, менің ұстазым баланың мінезімен, санасымен толық тілдесіп, баланың мінезінің, ойының, сана сезімінің тек жақсы жағына қарай бағыттауды өз шәкірттеріне үйретеді. – Менің тілеуім барлық ұстаздар менің ұстазымдай білімді жас ұрпақтың дұрыс дамуына үлкен үлес қосса, елдің жердің, Отанымыздың көркейуіне белсенді ат салысса, оқушыларды тура жолға тәрбиелей білуге, баланың сана сезімімен байланысты болашақта білімді шәкірттердің білімге деген құмарлығын ашылып болса, еліміздің экономикасы да дамитын еді.

Ұстаз ана

Үлбіреген  ұстаздың бар жанары,

Әр сөзінен білім нәрі тамады.

Білім берер анасы ғой баланың,

Ұстазбенен үміт оты жанады.

Аяалайды, пана болып сүйеді,

Ұстаздарым баға жетпес киелі.

Көрінген де біздер биік белестен,

Ұстаз әр кез қуанады, күледі.

Қолдайды да дұрыс жолды бағыттап,

Ұстаз–ұлы жүрме дейді жабырқап.

Күн сияқты сәулесімен жарқырап,

Ұстаз барда біз жүреміз қалықтап.

Мақсаты бар әр баланың өмірде,

Ұстаз білім, нұр сыйлайды қөңілге.

Жүрегі ғой ұстаз жылы мектептің,

Ұстаздармен гүлдеп жайнар елім де.

Қиындықтар шығып жатыр өмірде,

Жігер сыйлап, ұстаз айтты жеңілме.

Сынағы көп, бес күн мына жалғанда,

Еш мұңайма, түңілместен күлімде.

Жүрегі бар барлық мейірім жиналған,

Ұстаздардан дана, ақын үлгі алған.

Ұстаздармен жадырасын адам деп

Жаратқанның өзі үлкен сый қылған.

 

 

 

Амирханова Гүлнұр
9-Ә сынып оқушысы
ОҚО, Шымкент қаласы, Достық ауылы,
№102 жалпы орта мектебі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.