Home » Мақалалар » Дені сау ұрпақ — біздің болашағымыз

Дені сау ұрпақ — біздің болашағымыз

         Әлемде болып жатқан соңғы оқиғалар баршамызды алаңдатып отырғаны рас. Елімізде төтенше жағдайларға байланысты, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында, білім беру мекемелері тоқтатылып, қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшірілді.
Қашықтықтан оқыту – болашақ ұрпақ тәрбиелеп, үздіксіз білім беруді жалғастыруда, мамандардың  қызмет атқаруына мүмкіндік беретін, білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі.
Мектепке дейінгі ұйым- барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Болашаққа сеніммен қарайтын, дені сау, білімді, саналы жеке тұлға тәрбиелеу — алға қойылған мақсаттарымыздың бірі.
Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алуан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. Баланың денсаулығын сақтау және нығайтуда дене жаттығуларын жасау, баланың өзіндік  қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсарту мақсатында  мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологияларының түрлері қолданылады. Педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын қолдану балалардың жан-жақты өсіп-жетілуіне мүмкіндік береді. Денсаулықты сақтау және ынталандыру бағытына мына технологиялар кіреді: қимылды және спорттық ойындар, релаксация, саусақ жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, степ аэробика, арт-терапия, артикуляциялық жаттығулар, музыкотерапия, түстер терапиясы, ертегі терапиясы және емдік шаралары (дәруменді шөптерден қайнатылған сусындарды қабылдау);
                 Дені сау ұрпақ-біздің жарқын болашағымыз. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттерінің алғы шарты -жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру. Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу.
Бүгінгі жағдайда қашықтықта отырып, бала денсаулығын нығайтуда, ата-аналармен бірлесе атқарылатын шаралардың маңызы зор. Мектепке дейінгі ұйымдарда бала денсаулығын нығайтуда, педагогикалық денсаулық сақтау технологияларын қолдану оң нәтижесін көрсетіп отыр.
Өз тәжірибемдегі  мектепке дейінгі ұйымда қолға алынған  «Денсаулық сақтау технологиясын қолдану арқылы, бала денсаулығын нығайту» тақырыбында атқарылған эксперименталды алаң жұмысы барысында  бала ауыршаңдығының төмендеуіне көз жеткізіп, түрлі аурулардың алдын алуға мүмкіндік бертіндігіне куә болдық. Жұмысымыз оң нәтиже көрсетті.
Денсаулық-зор байлық! Дені сау ұрпақ, біздің жарқын болашағымыз. Ал дені сау ұрпақ тәрбиелеуде, ата-аналар үй жағдайында отырып бала денсаулығын нығайту үшін, өз кеңесіммен бөліскенді жөн көрдім. Балабақша қабырғасындағыдай әр ата-ана күн тәртібіне бағынуды  әдетке айналдырса деймін.
Таңғы жаттығудың орындалуы.
«Степ аэробика» (буын қабынуының, өкпе, жүрек қан тамырларының алдын алады, төзімділікке, шапшаңдыққа баулиды )
«Созылу жаттығулары» (баланың дене бітімінің дұрыс, шыныққан шымыр болып қалыптасуына мүмкіндік береді)
Музыка терапиясы (жүйке жүйесінің шаршауын басып, көңіл-күйді ретке келтіреді)
Серуен
Тыныс алу гимнастикасы
Қимыл қозғалыс ойындары
Гигиеналық шаралар
Ұйқы алдында
-Релаксация музыка әуенімен (төсек үстінде орындалып, бұлшық еттердің шируына, мазасызданудың алдын алады )
— түстердің әсері
Ұйқыдан кейінгі ояну
— Нүктелі массажды төсеніштермен жүріп өту (жалпақ табандылықтың алдын алып, өкпедегі зат алмасуын жақсартады, қан айналымын жақсартып, тұмаудың алдын алуға себеп болады)
-Тыныс алу гимнастикасы (Түрлі аурулардың алдын алып, өкпе дамуына ықпал етеді)
Созылу ойын жаттығулары
Ритм әлемінде
Ойын терапиясы
Сауықтыру шаралары (ауыз, мұрын қуысын дәруменді шөптермен шаю)
Тәтті ұйқы
— Ертегі терапиясы
түстердің әсері (түрлі аурулардың алдын алуда, әр түстің берер әсері бар).
Көрсетілген бұл педагогикалық денсаулық сақтау технологияларына ата-аналар мән беріп, ізденіспен бала денсаулығы үшін қолға алса, бала мен ата-ана арасындағы бірлескен істің нәтижесін көрер едік. «Ұрпақ денсаулығы — ұлт саулығы» екенін естен шығармай, дене тәрбиесімен айналысуды отбасылық дағдыға айналдырса, дұрыс тамақтану, тазалық пен санитария шараларын сақтауға көңіл бөліп, ұрпақ санасына кері әсерін тигізер, жаман әдеттерден аулақ болсақ, табиғаттың ең қымбат жемісі дені сау жан екенін ұғынармыз. Сүйіспеншілік пен өзара түсінісу -салауатты отбасының айнымас бөлігі. Сізбен біз болып бала тәрбиелеуде үлкен еңбек жолында жеңіске жетуге ұмтылайық. Өркениеттің негізі — салауатты және рухани дамыған ертеңгі елдің ұл-қыздарын тәрбиелеп шығу жолына бірлесе үн қосайық.

Жусипалиева Жанар Абаевна,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№71 «Мөлдір» балабақшасы МКҚК меңгерушісі.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.