Қосымша кәсіби білім беру – білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту үдерісі. Адамның танымдық және шығармашылық мотивациясын дамытуды мақсат еткен қосымша білім беру мектептене тыс оқыту мен тәрбиелеу, оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарын ұйымдастыру дәстүрін сүйенеді. Мемлекеттің, қоғамның, оқушылардың мүддесін жан — жақты қанағаттандыру мақсатында іске асырылады. Қосымша білім беру педагогтары балалардың отбасынан, мектептен алған білім-тәрбиесін толықтырады, солармен бірлесе отырып бір мақсатты жүзеге асыруға жұмыс жасайды. Шындығында да, қосымша білім беру ұйымдары білімнің адам өмірі мен қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. Оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартатын, қоғамдық пайдалы еңбекке баулитын ең маңызды қосымша білім беру саласының бірі – үйірмелер. Сондай-ақ, жеткіншектердің дене-бітімінің сымбатты болуына, ақыл-ойының дұрыс қалыптасуына, рухани-әлеуметтік, моральдық тұрғыда дамуына ықпал етеді. Қосымша білім беру жүйесін дамыту арқылы оқушыға кәсіптік бағдар беруге де болатын ескергеніміз жөн Сондықтан оқушылардың сабақтан тыс білім үйірмелеріне қатысуы маңызды. Үйірме арқылы баланың қарапайым қызығушылығы мазмұнды ұйымдастырылған маңызды іс-әрекетпен айналысуға,сол арқылы өзін-өзі дамытып жетілдіруге көмектеседі. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру және кәсіби бағыттау ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Қосымша білім беру ұйымдары балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, жаңа білім, дағды, іскерліктерді игеруіне, көркем – эстетикалық сезімдері мен талғамдарының қалыптасуына, ұжымдық жұмыс дағдыларын игеруге ықпал жасап, кәсіптік бағыт-бағдар береді.
Білім мен тәрбие егіз ұғым демек, білім мен тәрбиені ұштастырып білім нәрімен сусындатқан дұрыс. Тәрбие баланы даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші болып, білімнен бұрын жеткізілуі тиіс, яғни білімге адами және рақымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландыру керек. Адамгершілік тәрбиесі ізгілікке, инабаттылыққа баулудың жолы болып табылады. Жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік мінез-құлықты бірге тәрбиелеуден тұрады. Олай болса, ұрпағымызды тәртіпсіздік сияқты жаман қасиеттерден сақтандыру үшін оқушыларының бос уақытын дұрыс пайдалана біліп, сабақтан тыс іс-шаралар арқылы адамгершілік құндылық қасиеттерді бойына дарытуымыз қажет. Қосымша білім беру арқылы оқушылардың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.
Нурманқулова Балнур Жиенбекқызы
Түркістан облысы Түлкібас ауданы
С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебі
Педагог — психолог
Ештенке демим
640210401643
Ештеңе айта алмайм
Жарайсыз!!!Дұрыс айтасыз.@mail.ru
Керемет ақпарат екен
Өте керемет жазылған. Сізбен толықтай келісемін!
Керемет жазылган