Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.
Әдісі: проблемалық, ой қозғау, эвристикалық.
Көрнекілігі: слайд,ой қозғау тапсырмалары, «Бейбітшіл ел – Қазақстан» моделі, қосымша көрнекіліктер.
Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. (оқушылар үш топқа бөлініп отырады)
Ән ұран айтылады.
Балдаурен -балалықтың балғын күні,
Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.
Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,
Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-
деп бүгінгі « Қатыгездіксіз, зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші: Махаббат
«Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Бүгін біздің мақсатымыз ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел «Бейбітшіл ел — Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.
II. Негізгі бөлім.
Балалар, біз үш топқа бөліндік, олай болса «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастайық.
1-ші сұрақ бақытты балалық шақ деген не ?
Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?
( күн суреті) әр топтан бір адам қорғайды.
1-топ Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.
2-топ Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз.
3-топ Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз.
Балалық шақ — бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең.
Өлең оқылады.
Бақыт деген не өзі, білесің бе ?
1. Бақыт деген – сенің бала күндерің,
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.
2. Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол – тәрік еткен түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Видеоролик «Жетім бала» (қазіргі біздің өмірімізде қатыгез адамдар бар, адамды аяушылық деген жоқ екенін байқауға болады)
2 жүргізуші: Диана
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл — бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».
2-ші сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).
— Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
— Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
Сұрақ:
1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді
2. Кімді жиі ренжітеді?
3. Қаталдық көрсетудің себебі?
4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді?
5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?
6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?
3 сұрақ: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)Өз ойларын айту
1 жүргізуші:Махаббат
Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен. Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда , одан «ешкімнің де ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек. Кикілжіні көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не анасының отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.
4 сұрақ: Балалар сендер өздеріңнің де, өзгенің де жанұясын қандай болғанын қалайсындар? (Шаңырақтың суреті құрылады.)
1-топ: жанұя мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, әдепті қарым-қатынасы,
2-топ: жанұядағымүшелердіңбір-біріне қамқорлығы, ата-анасының балдарына деген үлгі өнегесі, балдарының ата-анасына деген мейрімділігі, құрметтеуі.
3-топ: жанұяда ата дәстүрдің сақталуы, атаны тыңдау, әженің қадір қасиетін түсіну, ата-әжені ардақтау, әке ұлына, ана қызына дос, ақылшысы болса.
2 жүргізуші:Диана
Егер әрбір отбасы осықасиеттерге ие болса , онда Қазақстанның барлық отбасы үлгілі, тәрбиелі, бейбітшіл отбасы болмас па еді.
1 жүргізуші: Махаббат
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.
«Балалардың өмір сапасын жақсарту – ертеңгі болашақтың кепілі. Сондықтан да балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қашан да өзекті болып қала бермек. Олай болса қазір балалар, «Бала құқығы» ағашын жасайық.
Видео көрсету
1-топ: Адамдар бір-біріне мейірімділік таныту, аяушылық таныту керек, достықта болу керек.
2-топ: Адамдар бір-бірін құрметтей білу, қайырымдылық көрсете білу керек.
3-топ: Адамдар бір-біріне шыдамдылық, төзімділік таныта білу керек.
2 жүргізуші: Диана
Бүгінгі біздің құрған моделімізге қарасақ. «Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.
Қорытынды. Тілек айту
1. Елде бейбітшілік орнасын.
2. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.
3. Сыр елдермендостығымызнығаяберсін.
4. Экономикамызөрге бассын.
5. Салт-дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.
Дүйсембаева Токжан Парымбекқызы ,
№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі