Үлкенге құрмет , кішіге ізет
Мақсаты: »сыйластық», »құрмет»адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: -үлкендер мен кішілер арасында сыйластықты түсіндіру.
-сыйластықты қарым- қатнас жасау іскерліктерін дамыту.
-үлкендерді сыйлауга, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: себет,гүлдер,үлкен және кіші ағаштар, ақ қағаздар жүрекшелер.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн балалар
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген
Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден
Сендердей ақылды,мейірімді білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте куаныштымын.Ендеше сендерде сондай қуанышты жүзбен бір-бірлеріңе күлімсреп қарап,бас иіп амандасайық.Ендеше , қазыр біз, балалар бүгінгі күнімізге өзімізге және сабағымызға қатысып отырған апайларға жақсылық жарасымды көңіл күй тілей отырып ортада тұрған «Бақыт себеті» жылы лебіздерге толы гүл шоқтарымен толтырайық.Оқушылар тілектерін айтып себетті гүл шоқтарымен толтырады.
Рахмет. Балалар енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып ,орнымызға жайғасайық.
Жақсылықтан үйренып
Боламыз біз жақсы адам
Жамандықтан жиреніп
Үлгі аламыз жақсыдан
Сабақ тақырыбы: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
Әңгімелес:
1.Өзіңді өзгені құрметтей білесің бе
2.Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады
3. достарыңмен арада қандай сыйластық бар.
Мәтінмен жұмыс:
Үш дос . М.Төрежановтың мәтіні берілген.
Балалар неліктен бірге ойнай алмады.
Бір бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек.
2 топқа тапсырма. «Менің тыңдар ақылым»
Жүректен- жүрекке
Құрметтеп ата- анамды,
Ардақтап әпке, ағамды,
Қамқор боп сіңлі- ініме,
Сыйлымын үлкен –кішіге.
Бәрін де жақсы көремін,
Үнемі көмек беремін.
Үлкенді сыйлау – кішілік,
Үлгілі мінез – кісілік.
Ойын «Саяхатқа шығу»
Мұғалім: «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнайық. Елімізде 4 үлкен қала бар:
1. Үлкен, 2. Құрмет, 3. Кіші, 4. Ізет
Ал, балалар, өздеріңе қай қалалар ұнайды? Ұнаған қала аты жазылған қағазда сұрақ бар. Соған жауап беру керек.
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
3. Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
4. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
Ойын жаттығу: «Құрмет-ізет».
Тақтада жапырақсыз ағаштар тұрады.Оқушылар жапырақтарға тілек жазып, оны дауыстап оқып, «үлкен ағашқа» үлкендер айтатын сөздерді іледі,ал «кіші ағашқа» кішілер айтатын сөздерді іледі.Ойын жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесын қорытындылау.Балалар ,енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкен құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы,ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді,сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.
Жаңа ақпарат:
Адамдар бір-бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым- қатнас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.
Сергіту сәті:
«Құпия хаттарға» жауап беру
Хаттардың мазмұны:
1 хат. Құрметті достар! Менің де бір досым. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
2 хат. Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады. Ойнап — ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады. Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» — дейді. Мен не істеуім керек?
Қонақтарға сөз кезегін береміз.
Қорытынды:
Мұғалім: Адам бойында жақсы–жаман қасиеттер болады екен. Біздің халқымызда үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болуға бала кезден көп көңіл бөлінеді. Ол ананың сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың үйреткенінен, кез келген адамның кісілігінен білінеді.
Жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау-жастарымыз үшін бұлжымас заң.
Байғобылова Айнұр Дәулетбекқызы,
№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы
мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі