Home » Мақалалар » Ұлт мақтанышы – Елбасы

Ұлт мақтанышы – Елбасы


Бақытжанқызы Жұлдызай
ЖББ М.Қаналиев атындағы мектеп-
балабақша кешенінің  2-санатты
тәрбиешісі
Алғабас ауылы Сырым ауданы БҚО

Мақсаты: Балаларға туған елі, жері, Отаны туралы түсінік беру . Ұлтжандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту. Елін, жерін сүйіп қадірлейтін, ұлтын қастерлейтін  тұлға болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: Елбасының фотосуретін ілу, ҚР рәміздерін ілу,  елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының, қазақ жерінің суретін көрсету.
Сабақтың барысы: Балалар, бүгін біздің Тұңғыш Президент күніне, тәуелсіздігімізге арналған  «Ұлт мақтанышы — Елбасы» атты ертеңгілігіміді бастаймыз.
— Балалар, біз осы Отан деген сөзді естіп жүрміз. Оныбала күнімізден білеміз, Отан  дегенді қалай түсінеміз.
-Отанды жақсы көреміз бе ?
Отан туралы тақпақты  бізге Ислам айтып берсін:
Туған елім ол менің,
Қазақстан – Отаным.
Көзімді ашып көргенім,
Саған өзімді атадым.
Айым
Отан деген — атамекен,
Отан деген туған жер.
Аяна
Отан-ана, Отан — үлкен,
Қазақстан — туған ел.
-Жақсы, жарайсыңдар. Балалар  енді мен сіздерге бірнеше сұрақтар қояйын, әзірсіңдер ме?
— Біз қай елде тұрамыз?
— ҚР.
— Қазақстан – тәуелсіз ел. Тарихы да өте бай. Мұнда көп ұлт өкілдері  тұрады. Қане бірге айтайықшы: орыс, татар, қазақ, неміс, ұйғыр, өзбек т.б.
— Балалар біздің Президентіміз кім?
— Қ. Тоқаев.
— Ал, елордамызды білеміз бе?
— Нұр-Сұлтан қаласы.
— Балалар біздің Президентіміз де Нұр-Сұлтанда тұрады, оның жұмыс орны да сонда,  ал жұмыс жасайтын орнын Ақорда деп атайды.
 — ҚР тәуелсіз ел болғандықтан, еліміздің рәміздері де бар.
   — Олар ту,елтаңба,әнұран.

Елтаңба туралы
   Елтаңбасы елімнің,
Ортасында шаңырақ,
Көмкерген оны қос пырақ.
Төбесінде жұлдызы,
Тұр ғой әне жарқырап.

Ту туралы
Мемлекеттік туымыз көгілдір түсті. Ол бірлік пен ынтымақтың белгісі . Ал ортасындағы күн бейнесі  тыныштық пен байлықтың белгісі.
Астындағы қыран құс — қырығылықты білдіреді.
Ою-өрнегіміз – қазақылығымыздың белгісі.       

Әнұран туралы
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
— Балалар, шаршадық па , ендеше орнымыздан тұрып, бір сергіп алайықшы.
Сергіту сәті.
                                     Жоғары қарап күн көрдік,
                                    Төмен қарап жер көрдік,
                                     Оңға,солға бұрылып
                                     Егеменді ел көрдік
Енді тақпақтарға кезек берейік.
  Айым:
                                    Болашаққа бастаған ,
Шарықтайды асқақ ән.
Ел ордасы — Отаным,
Мақтанышым — астанам.
Айару:
                                   Туған жерім, астанам,
Сен еркесің басқадан
Құшағыңда куанып,
Мен шырқаймын асқақ ән.
Айсұлтан:
                                   Бақ тілейміз енді біз,
Ылғи күліп тұрсын таң.
Тұңғыш Президентіміз,
Назарбаев Нұрсұлтан.
Нәзік:
                               Біз Отанды сүйеміз,
Біз отанға адалмыз.
Көгілдір ту иеміз,
Қалай жасық боламыз.
Нұрәли:
                                Мәңгілік жерімнің,
Астана жүрегі.
Мәңгілік елімнің,
Елбасы тірегі.
Даяна:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек ,
Елдің ашық қабағы.
Мерейлім:
                              Төкті оған нұрын дала,
Астана сұлу қала,
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шынында да.
Жансая:
                              Көк байрағы бабаның,
Бүгінгі ұрпақ сайланған.
Бабам салған ізбенен,
Ақ жолынан таймаған.
Айбатыр:
Тәуелсіз елдің тірегі,
Бақытты біздер баламыз.
Сияқты елдің жүрегі,
Елбасы — біздің данамыз.
Фариза.
Білер бірі екінің,
Елге берген бар анты.
Ол тыныштық кепілі,
Ата Заңның гаранты.
Асанәлі:
Жас астанам — жас қалам,
Тарихың бар ашпаған.
Ордасы бол айшықты,
Ей, бас қалам — Астанам.

   Ән «Атамекен» хормен орындау (балалардың қолына  жалау беріп, бір қатарға тұрғызу)
— Жақсы балалар, сендер  Отан, туған жер, Қазақстан туралы тақпақ, өлеңдеріңді жақсы жаттаған екенсіңдер. Сендер нағыз  патриот болатындарыңа сенімдімін.
— Жарайсыңдар!
                           Қазақстан егеменді байрақты ел,
                            Жердің жүзін мойындатқан қайратты ел,
                            Ата Заңым – елдігімнің еңсесі,
                            Заңы барда қазақ елі – айбатты ел.
                           Бұзылмас мәңгі оның бал қаймағы,
                            Достығым бақыт, бірлік, мол қайнары.
                           Көркейсін тәуелсіз ел – Қазақстан,
                           Желбіреп аспанында көк байрағы, – дей келе, Тұңғыш Президент күніне арналған ертеңгілігімізді  аяқтаймыз. Қатысқандарыңызға көп рахмет бүлдіршіндер, сау болыңдар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.