Home » Мақалалар » Бала тәрбиесі- жауапты іс!

Бала тәрбиесі- жауапты іс!

Базарбаева А.А
Балабақша,тәрбиеші
Ертарған №53

                                                                                  Адамның бір қызығы бала деген!
Абай

               Ия,ұлы данышпан ғұламамыз,қазақтың бойтұмары Абай Құнанбайұлы айтқандай,адамның қызығы да,жалғасы да,болашағы да ұрпағы емес пе?Бала-адамның Шедеврі!Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне мән беріп, «баланы жастан»деп өз ұлтының өнегелі тәрбиесімен тарбиелеген.Әрбір кішкентай адам-ол жеке.Еліміздің ең басты байлығы-адами капитал болса сол адамдарды туылған сәттен тұлға деп қабылдап,оған жан-жақты қамқор болып,құрмет ету ата-ананың,мемлекеттің тікелей міндеті.Қазіргі таңда еліміз өркениетті елдер қатарына қосылып,дамып қарқындауда.

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері заманауи балабақшалар,мектептер,ауруханалар бой көтеріп,жаңаша үрдісте жабдықталып,жаңа технологиялармен қамтамасыз етілуде.

Мемлекетіміз рухы биік,өз ісіне ие ұлттық салт-дәстүрді өз тілін,өз туған жерін суйетін білімді,саналы азамат тәрбиелеуді ең бірінші кезекке қойып отыр.Осы орайда біз балабақша тарбиешілері де ел саясатын қолдай отырып еліміздің келешегі жас ұрпақ  тарбиесінде аянбай еңбек етудеміз.

Бала қашанда ол бала,оған бала тілімен сөйлеп жүрегіне жол табу үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет.Қазіргі таңда әрбір сабақты түрлендіріп,заманауи технологияларды пайдалана отырып жұмыс жасауды талап етуде.

Менің ойымша балабақшада жұмыс істеу үшін ең алдымен баланы сүю балаға деген үлкен мейірім қажет деп білемін.Баланы балабақшаға бейімдеудің өзі-улкен еңбекті талап етеді.Баланың алғашқы балабақшаға келуі-оның әлеуметтік-психологиялық бейімдеу кезеңінен өтуі,жаңа ережелер,жаңа ортаға бейімделуі болып табылады.Әр бала әр түрлі.Бірі тез бейімделіп жатса,көпшілігі ауыр кезеңді бастан кешеді.Сол үшін балабақша қызметкерлері ең алдымен топта эмоционалды ахуалды қалыптастыру балабақшаға деген оң козқарас қалыптастыру,оларға ең алдымен сенімін ояту деп білемін.

Баланы қызықтыру жолында ең алдымен бөлмені эстетикалық талапқа сай безендіру қажет.Алғаш балабақшаға келген балаға ерекше көңіл аударып,басқа балалармен таныстырып достастыру қажет.

Қазір сан түрлі ақпарат заманында балалар 3-4жасынан ерте жетіліп әнді де,әртүрлі биді де меңгере алады.Сондықтан баланы ойынмен,музыкамен,әртүрлі театрландырылған қойылымдармен тәрбиелеу қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеп тұрғандай.

Халқымыз ежелден ән-куй өнеріне құштар болып,оны жан-тәнімен сүйіп қастерлеген және сол өнер арқылы балаға жан-жақты тәрбие берген.Өнер- баланың ойына қанат,бойына жігер береді.Ол балаға рухани азық береді.Сондықтан да балабақшаларда музыка сабақтарына,театр қойылымдарына ерекше қызығушылық бар.

Мен өз өмірімненен алған түйсігіме сүйене отырып,баланы өнерге баулуға ерекше мән беремін.Өйткені өз балалық шағымда әкемнің домбырада ән салғанына қызығып,өнерге құштарлығым артып,әсіресе сахналық қойылымдарға қызығушы едім.Сол өнерге жақын болғандығым осы тарбиешілік қызметімде көп көмегін тигізіп келеді.Образға кіріп балаларға әртүрлі кейіпкерлерді таныстыра отырамын.Оларды рухани-мадениеттілікке баулып,ертегілер оқып,ондағы кейіпкерлерді сомдап өзіме баулып одан кейін қызығушылығы оянғанда үйретудің басқа да жолдарын қарастырамын.Халқымыздың дарасы да,данасы болған Ұлы Абай: «Артыңа із қалдырғың келсе,кейінгі ұрпаққа адамгершілік нұрын сеп,білімге тарбиеле,болашағымыз өз ұлт өнері мен мәдениетінің тұнығынан сусындап,тарихын терең түсінетін болсын!»деген екен.Осы ұлы сөзді жадымда сақтап,өз өмірлік ұстаныма айналдырғым келеді.Бұл әдістер ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың күнделікті өмірінде де кеңінен қолданылады.Бұл ретте тәрбиеші балалардың білімін меңгеруден,олардың жағымды эмоционалдық жай-күйін реттеуге өтуі тиіс.Балалардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасын дұрыс бағалауды қалыптастыру моральдік түсініктерді мінез-құлық себептеріне айналдыруға ықпал етеді.Сезімге әсер ете отырып,әңгіме тәрбиелеушілерге адамгершілік бағалау мен адамгершілік мәдениет белгілерін,қасиеттерін,мінез-құлық нормаларын игеруге көмектеседі.Бұл әдістердің барлығы адамгершілік мадениет белгілерін қалыптастыру мақсатында негізгі әдіс болып табылса,олардың көмекші әдісі барын айта кеткім келіп тұр.Олар мадақтау және жазалау әдістері.Жазалау мен мадақтауда көбіне баланың адамгершілік  мәдениеттілігінің нәтижесі байқалады.

Мадақтау біздің тарапымыздан,яғни тәрбиешілердің тарапынан түрлі формада байқалады:мақұлдау,күлімсүреу,басты изеу,сыйлық беру,баланың отбасы ортасындағы немесе құрдастарының алдындағы жағымды әрекеттері туралы әңгімелесу,балалар мен ересектердің бірлескен еңбегі,жауапты істі тапсыру,киноға,саябаққа бару және т.б.

Жазалауды міндетті әдіс ретінде қарастырмау керек.Ол алдын ала ескерту,мейірімнен айыру,баламен әңгімелесу және сойлесуден уақытша бас тарту,сүйікті іспен айналысуға тыйым салу,құрдастарымен қарым-қатынас жасаудан және қылығын отбасының барлық мүшелерімен,құрдастар ұжымымен талқылау.

Балалардың тәрбиесі жолында тағы бір айта кететін нарсе ол балалардың бұқаралық ақпаратпен қарым қатынасы.Заманауи ақпараттық технологиялардың дамуы кезеңінде медиаәлем,медиакеңістік,қазіргі балалар өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады.балалар мультфильмдерінің,киноларының сюжеттері,кейіпкерлерінің бейнелері оларды адамгершілік мәдениет белгілерінің улгісі болуы мүмкін.Бұқаралық ақпарат құралдары балалардың адамгершілік санасына және мінез-құлқына,олардың өзара қарым-қатынасына бірдей әсер етеді.Балалардың даму үрдісінде бұқаралық ақпарат құралдарының әсері кейіпкерлерге белсенді еліктеуге ұмтылуында.Қиялының баюында және байқалатын оқиғаларды қабылдау сезімінде көрініс табады.Балалардың қиялға бейімділігі,нақты өмірді өзі ойлайтын оқиғаларға ауыстыруы.

Сонымен,мектепке дейінгі жас бала тұлғасында адамгершілік мәдениет белгілерін қалыптастыру үшін баланың бойына барынша жақсы қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.Олардың адамгершілік мәдени белгілерін қалыптастыру әдістері мен құралдарын кешенді пайдалану.

Тәрбиешіге баланың бойындағы қарапайымдылық,қанағатшылық,ұстамдылық,үнемшілдік,өнерге қызығушылық сияқты белгілерді қалыптастыруға және баланың даму міндеттерін табысты шешуге көмектеседі.

Мен үшін сөзі бал татыған,сүйкімді де сүйікті балапандарым –өмірімнің маңызды бір бөлшегі.Ендеше ұрпаққа адал қызмет ету-парызым деп білемін.

Ана ретінде,балалар тәрбиешісі ретінде Алладан елдің амандығын,Әлемнің тыныштығын,аспанның ашықтығын тілеймін.Амандық болсын,ұрпақтарымыз еш жамандық көрмесін!

Қолданылған әдебиеттер: 1.Бейсенбай Байғариев / Абай өмірбаяны архив деректерінде\

2.Назарбаев Н.АБолашаққа бағдар: рухани жаңғыру/Н.Ә.Назарбаев//

3.Буре Р.С Воспитание нравственных чувств у старших дошкольников:пос.для вопитателя детсада/Р.С.Буре 1980-233с

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.