Home » Мақалалар » «Ұлы ақын – Абай!»

«Ұлы ақын – Абай!»

Кузентаева Сандуғаш Жұмабекқызы
 «Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі,
 Петропавл қаласы, СҚО

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.»
Абай Құнанбайұлы 

            Биыл әлем таныған, қазағымызды дара, дана, ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Ақын,ағартушы данышпан Абайдың бейнесі тарихтың әрбір кезеңінде суретшілердің қызығушылығын тудырған. «Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады», — деп жазды Мұхтар Әуезов. Жазушының сөзіне қарағанда, Абай бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдерін кәрілікке жеткен уақытына шейін ұмытпаған.

Абай өз ғұмырының ақырына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің құндылықтарын бойға жинауға шақырғанын білеміз. «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің» – деп толғайды ұлы ақынымыз. Ол туған халқын қараңғылықтың бұғауын бұзып, жарқын күндердің шуағына бөленетін жолдарды іздестіруге шақырды, тіршілік мақсаты мен мұраты ілім мен ғылымда деген берік тоқтамға келді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында айтып өтті. Мемлекет басшысының сөзіне сүйенсек: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі».

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналып көптеген іс-шаралар өткізілді, оқушыларымыз бен ұстаздарымыз әртүрлі қашықтық сайыстарына, конференцияларға ат салысып жатыр.  Мақсатымыз:  Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, қара сөздерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру. Шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу. Осыған орай «Н.К.Крупская атындағы №10 орта мектебі» КММ директоры Анцибор Т.М. бастамасымен ақпан айынан бастап жоғары және бастауыш сыныптарымен, мектеп ұстаздарымен  челлендж ұйымдастырылды. Абай атамызға арналған челленджге, мектеп оқушылары, : Жумагалиева Сабина 9 «Б», Зубрицкий Никита 3 «А», Аяпбергенова Аяна 8 «А», Ниевина Дарья 8 «Б»,  Дадашова Тахмина 9 «Б», Миляшева Виктория 3 «А», Колесник София 3 «А», Ефреемова Алина Абай атамыздың өлеңдерін, қара сөздерін  мәнерлеп айтты. Мектеп ұстаздары: қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестік жетекшісі Кадралина А.Г. мен әлеуметтік педагог Цинцилевская Татьяна Робертовна да осы челленджге ат салысты.   Ары қарай осы челленджді орта буын жалғастырды:   Башаран Милана 5 «А», Әбіш Анель 6 «А», Привалов Кирилл 7 «А», Жолдыбай Алан, Алексеева Юлия, және мектеп ұстаздары Кабдуллов Қ.О. пен Аубакирова Д.Д. (өз қаламынан Абай атамызға арнап «Әлем таныған Абай» атты өлең шығарды). Біздің мекемеміздің атынан, жетекшілері қазақ тілі мен әдебиеті ұстаздарының дайындауларымен  Републикалық «Абай оқуына»:  3 «А» сынып оқушысы Зубрицкий Никита, (Республикалық Шәкәрім  оқуына да қатысты) жетекшісі: Оралбаева Б.А.;   7 «Б» сынып оқушысы Азимова Зарина, жетекшісі: Сагденова О.А., 6 «А» сынып оқушысы Әбіш Анель, жетекшісі: Аубакирова Д.Д., 7 «А» сынып оқушысы Привалов Кирилл, жетекшісі: Мукушева Ғ.Д.  қатысты. «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ  Абай Құнанбайұлының  175 жылдық мерейтойы қарсаңында «Абай-ән, Абай-ақын»  қалалық онлайн  байқауының ұйымдастырылуына байланысты, «Адам адамнан несімен озады» номинациясы бойынша 9 «Б»  сынып оқушысы Дадашева Тахмина, жетекшісі: Кадралина А.Г., 7 «Б» сынып оқушысы Дадашева Зульфия Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқыса,жетекшісі: Сагденова О.А., «Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясы бойынша  Абай әнін орындаған  5 «А» сынып оқушысы Башарова Милана, жетекшісі: Тукенова А.С. қатысты. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі  175 жылдық мерейтойына орай «ASIA EDUCATION» Халықаралық даму орталығымен ұйымдастырылған  республикалық «Ұлы халықтың  — ұлы Абайы» атты байқауында «Абай поэзиясы» номинациясы бойынша «Ғылым таппай мақтанба» тақырыбындағы жіберген жұмысы ең үздік танылып, 2 орынды жеңіп алған  7 сынып оқушысы Хамзин Камиль, жетекшісі Сейткереева Ж.Б жеңімпазды дайындағаны үшін алғыс хатымен марапатталды. ККО сайт ұйымдастырған «әдеби оқу» тақырыбындағы республикалық олимпиаданың жоғары нәтижелері үшін 6 «Г» сынып оқушысы Бергалеева Карина  марапатталды, жетекшісі Аубакирова Д.Д. Сонымен қатар Абай Құнанбайұлының  175 жылдық мерейтойына мектебіміздің атынан ұстаздар көптеген қашықтық сайыстарға, конференцияларға қатысты. Мукушева Ғ.Д. «Білім Өркениеті»  Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен  «Пайда ойлама, Ар ойла, Талап қыл артық білуге»  атты Республикалық байқауына қатысып, өзінің жеке мақаласын жазды, Петропавл қаласы, №9 орта мектебінің ұйымдастыруымен Ұлы ақынның 175-жылдығына арналған «Абай-сыншыл, Абай-сыршыл, Абай-философ» қалалық онлайн-конференциясына қатысты. «QAZAN.Info»  Ұйымдастырылуымен , Абай Құнанбайұлының  175 жылдығына арналған «Ұлы даланың ұлы тұлғасы – Абай!» атты Репсубликалық  қашықтық олимпиадасының жеңімпаздары Кабдуллов Қ.О. пен  Аубакирова Д.Д. 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Қорытындыла келгенде, Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар. Бүгінгі мақаламда  сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.