Аудандық семинарда
3-сынып математика пәні бойынша өткен ашық сабақ
Сабақ тақырыбы: Көбейту және бөлу 178×4, 712÷4
Аты-жөні: Мейрамхан Ғалия
Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі
Мекеме атауы: Шығыс Қазақстан облысы
Көкпекті ауданы, Көкжота ауылы
«Көкжота орта мектебі» КММ
Сабақтың мақсаты: | Оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып, көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін меңгереді. Логикалық тапсырмалар арқылы ой-өріс, есте сақтау, зейін, тез есептеу дағдылары дамиды. Ойын ойнау барысында шапшаңдыққа, білімділікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді. | |||
Әдіс тәсілдер | Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер. Диалог.Жұптық жұмыс | |||
Күтілетін нәтиже
| Көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін меңгерген, амалдарды орындай біледі, тексере алады. Жұптық жұмыстар жүргізеді. | |||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті | Ресурстар, көрнекі құралдар | |
3 мин | Психологиялық дайындық. «Тілек шоғы» (партадағы көршілер бір-біріне тілек тілейді) —Ал менің сендерге не тілейтінімді білгілерің келсе, мына өрнектерді шығарып беріңдер 100-25=с 59-49=л 84+13=ы 75-10=н 67-60=у 32-31=қ 88-77=е 50+40=а 80-76=д -міне, менің тілегім, басты байлық –денсаулық. Жұпқа бөлу «Жыл мезгілдері» жаттығуы. — Балалар, әрқайсысыңның жеке меншік мерекелерің бар, ол қандай мереке? Әрине жылына бір келетін туған күн мерекесі. Әрқайсымыздың туған күндеріміз әр мезгілде болады.Ендеше, жыл мезгіліне байланысты жұптасып отырыңыздар. | Өрнектерді шығарады
Оқушылар өздерінің туған күндеріне байланысты жұптасады. Мысалы: Сетер –қыркүйек, Қарақат –мамыр – бір жұп, Ажар-қаңтар, Нұрсұлтан-желтоқсан-бір жұп.
| Шаттық шеңбері | |
3 мин | Өткен сабақты пысықтау. Ойын.«Дұрыс және дұрыс емес пайымдау» Белгі карточкаларын пайдалану.Қызыл-«жоқ», жасыл-«дұрыс», сары-«білмеймін» | Тақтада жазбаша көбейту мен бөлудің амал түрінде орындалуына мысалдардар ұсынылады, оқушылар дұрыс, қатесін белгілер арқылы көрсетіп, орындалу ретін түсіндіреді. | Белгі карточкалары | |
3 мин | Қызығушылықты ояту. Ойын:«Сен және мен». Жұптарға берілген тапсырманы 1-оқушы орындайды, ал 2-оқушы тексеруін орындайды. Әр оқушы қалай орындалғанын түсіндіреді. Өрнектер құр және мәнін тап Логикалық есептер:
| 1-жұпқа: 1 жүзд.7ондық.8бірлікті 4 есе арттыр 8жүзд.1онд.6бірл. 6 есе кеміт 2-жұпқа: 7 жүзд.1онд.2бірл. 4 есе кеміт 1жүзд.3онд.9бірл. 7 есе арттыр
| ||
10 мин | Оқулықпен жұмыс. 1.Есепті шығар 1.Есепті талдау (әр жұптан 2-оқушыға стикер жабыстырып тақтаға шығару) 132×4÷3 өрнегіне сәйкес есеп құрастыр және шығар Дәптермен жұмыс | Стикер жабысқан оқушы тақтада тапсырманы орындайды.
Күн ретін жазу Берілген тапсырманы дәптерге орындау | Стикер, смайлик | |
6 мин | 2. «Ойлан, жұптас, талқыла». №3 тапсырманы жұптасып орындайды
| тапсырманы екі-екіден бөліп орындайды.мМvvМм9МV,`VVчvvvммінездімм | Дәптер, оқулық
| |
3 мин | Сергіту сәті Үш тілділікті қолдау мақсатында санай отырып, қолды, иықты, аяқты түйістіру. | Қол, иық, аяқ моторикасын дамыту жаттығуларын орындайды. Сандарды ретімен қазақша-орысша-ағылшынша үш тілде айта отырып, орындайды. | Музыка | |
3 мин | «Кел ойнайық?» Оқулықта берілген кестені толтыру
| Берілген кестені ауызша толтырады
| Кестемен жұмыс | |
4 мин | Конверттегі тапсырма Конвертте жасырылған тапсырмаларды орындау, жариялау.
| 1-жұпқа:Шаршының периметрі 24 см. Оның ауданын тап №7 есептің а бөлігі 2-жұпқа: жүздіктері 6-ға бөлінетін сандарды теріп жаз. 684, 579, 786, 648, 759, 768 №7 есептің б бөлігі | Конверттегі сұрақ | |
3 мин | Қорытынды. «Сиқырлы таяқша» Ортаға 3 таяқ тасталады,оқушылар музыка ырғағымен айналып жүреді, тоқтағанда таяқшаны алып үлгеру керек. Таяқсыз қалған оқушыға біреуі тақырып аясында сұрақ қояды. Осылай таяқ саны кеміп, соңында жеңімпаз анықталады. | Сұрақ нақты қойылады, әр оқушы жауап беруге тырысады. | Музыка Таяқшалар | |
3 мин | Бағалау. Әр әдіс кезінде берілген смайликтер саны арқылы, сабаққа белсене қатысқанына қарай бағалау | Әр топқа сабақ барысында берілген смайликтер санына қарай бағалау.Жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды. | ||
2 мин | Үйге тапсырма | №4 және жасыл қоршаудағы тапсырма | Күнделік | |
2 мин | Рефлекция | «Чемодан, еттартқыш, себет». Чемодан-бұл маған қажет, еттертқыш-әлі де есептер шығаруым керек, себет-бұл есептер маған қажет емес | Чемодан, еттартқыш, себет | |