Home » Жаңалықтар » 2016-2017 оқу жылында жоғары оқу орындарына магистранттарды қабылдау туралы

2016-2017 оқу жылында жоғары оқу орындарына магистранттарды қабылдау туралы

Ағымдағы жылы магистранттарды қабылдау үшін мемлекеттік тапсырыс бойынша 7429 орын, оның ішінде  ИИДМБ-2 шеңберінде магистранттарды дайындау үшін – 2800 орын,  Назарбаев Университетіне – 370, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы үшін – 40 орын бөлінді.

Магистранттарды дайындау құқығына еліміздің 48 жоғары оқу орны ие болды.

Шетел тілі және мамандық бойынша  түсу емтихандарының нәтижесі бойынша жоғары балл жинаған тұлғалар іріктеуден өтті.

Магистранттардың жалпы санынан 65 адам халықаралық келісімшарт негізінде қабылданды: ҚХР-дан 22 адам, Украинадан – 2, Моңғолиядан – 2, Қырғыз Республикасынан – 1, ТМД желілік университеті шеңберінде – 14, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы университеті – 24 адам.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.