Home » Балабақша » Өмір кетті қиылып…

Өмір кетті қиылып…

Кетті жан, кетті тән қан төгіліп,
Қалды-ау артында қаншама жан сөгіліп.
Біреуі отағасы, біреулері отанасы болар бәлкім!
Әттең-ай, қаншама кетті-ау өмір қиылып…

Бүкіл халық дұғада болайықшы,
Өзге емес, өз елімді қорғайықшы.
Кім кінәлі? Кім салғырт?Кім жауапты?
Алла бар ғой, сұрауы бар қояйықшы.

Тірі қалған сәбидің көрері бар,
Ағып жатқан судың да сұрауы бар.
Ей тәңірім жүректерге иман берші,
Бар тіршілік иесінің сұрауы бар.

Мыңбаева Майра Дүйсеханқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№ 77 Қошақан балабақшасының тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.