Home » Ашық сабақтар » «СФЕРА» оқу платформаларының тиімділігі

«СФЕРА» оқу платформаларының тиімділігі


Аккамиева Самал Мейрамовна

 Алматы қаласы Жетісу ауданы
№102 ЖББМ КММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қашықтықтан оқыту шеңберінде

«СФЕРА» оқу платформаларының тиімділігі

Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мен мұғалім  алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.
Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау
Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосу
СФЕРА– мұғалімдерді, оқушылар мен олардың ата-аналарын біріктіретін жəне қашықтықтан оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін білім беру онлайн-платформасы. Платформаның мүмкіндіктері мектепте оқытылатын пəндерді қашықтықтан жəне интерактивті түрде зерделеуге жəне оқытуға, сондай-ақ оқу үдерісі мен үлгерімді бақылап отыруға мүмкіндік берді. Оқушылар тарапынан «СФЕРА» оқу платформасының сабақта тиімділігі жоғары екендігіне көздерін жеткізе отырып, пән бойынша қосымша ақпараттарды бөлісуде белсенділік танытты.  Бұл жаңашылдық әр оқушыны шығармашылық пен ізденіс жұмыстарына бет бұруына септігін тигізді.
СФЕРА білім беру үдерісінде келесідей мүмкіндіктерді: сабақ кестесін жасау мен қарауды, сабақты дайындауды (сипаттамасын қосу, файлдарды тіркеу жəне оқушыларды шақыру), сабақты бейнеконференция режимінде өткізуді жүзеге асыруға, онлайн сабақты шынайы сабаққа барынша ұқсайтындай етіп өткізуге мүмкіндік береді. Мысалы, СФЕРАДА оқушы қолын көтере алады жəне түсіре алады, ал мұғалім оқушыларды шақырып, оларға материалдарын көрсете алады.
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде №102 ЖББМ  КММ оқу процесін іске асыру барысында «Сфера» оқу платформасы тиімді пайдалануда.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.